Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КӘСІПОРЫН СИПАТТАМАСЫ



КӘСІПОРЫН СИПАТТАМАСЫ

Бизнес-жоспарда кәсіпорынға сипаттама беру жауапты мәселені шешеді – потенциалды инвесторға инвестициялау обьектісі немесе келешектегі әріптес ретінде кәсіпорын туралы нақты түсінік береді.

Кәсіпорын туралы мағлұматтар келесідей ақпараттарды құрауы тиіс:

- кәсіпорынның мекен-жайы;

- құрылу мерзімі;

- меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны;

- жарғылық капитал;

- активтер құрылымы (негізгі қорлар, запастар мен шығындар, ақша қаражаттары, есептесу т.б. активтер);

- кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы;

- банктік реквизиттер;

- жоғарғы звено құрамы (бас директор, бас инженер, бас бухгалтер);

- қолда бар материалдық ресурстарға сипаттама (ғимараттар мен құрылғылар, баланстағы инфрақұрылым обьектілері, қорлардың баланстық құны, импорттық құрылғылар үлесі);

- кадрлар саны, жасы және білімі жағынан құрамы;

- өндірілетін өнім көлемі;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайы (айналыс, пайда).

 

ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ

Бизнес-жоспардың негізгі бөлігі мыналардан тұрады.

Болашақ сатып алушыларға ұсынылады деп күтілетін және осы барлық жоба сол үшін құрылатын, өнімге (қызметке) сипаттама беру. Бұл жағдайда мына сұрақтарға анық қысқа-нұсқа жауап беру керек:

а) өндіріске жобаланатын өнім (қызмет) қандай қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған;

б) оның бәсекелестердің тауарларынан (қызметтеріне) қалыспауына себепші ерекшеліктері мен айрықша қасиеттері;

в) жобаланған тауардың (қызмет), технологияның ерекшеліктерін қорғайтын патенттер мен авторлық куәліктердің бар болуы;

г) жаңа технологиялар көмегімен алынған тауар, бұйымның сыртқы кескіні (суреті, фотографиясы) бар болуы;

д) тауарды (қызметті) өткізу бағасын және оны өндіруге қажет шығындарды шамамен бағалау;

е) тауардың әр бірлігі әкелетін пайданың шамамен алынған мөлшері;

ж) тауар сапасының сипаты, оны безендіру, орау-қаптау артықшылықтары;

з) тауар сервисін ұйымдастыру (егер бұл техникалық бұйым болса).

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.