Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ТИТУЛЬДІК БЕТ. МАЗМҰНЫ



 

Әдетте бизнес-жоспар келесідей бөлімдерден тұрады:

1. Титульдік бет;

2. Резюме (түйіндеме);

3. Саланы талдау;

4. Кәсіпорын сипаттамасы;

5. Өнім (қызмет) сипаттамасы;

6. Нарықты талдау;

7. Бәсеке;

8. Маркетингтік жоспар;

9. Өндіріс жоспары;

10. Ұйымдастыру жоспары;

11. Заңдық жоспар;

12. Тәуекелдік пен сақтандыруды бағалау;

13. Қаржылық жоспар;

14. Қаржыландыру стратегиясы;

15. Қосымша.

Курстық жұмысты немесе диплом жобаларын орындауды берілген әдістемелік нұсқаудың қосымша бөлімінде келтірілген есептерден бастау қажет.

 

ТИТУЛЬДІК БЕТ

Бизнес жоспардың титульдік беті осы кәсіпорынның “визиттік карточкасы” болып табылады және ол келесідей ақпараттан құралуы тиіс:

- кәсіпорын атауы;

- оның мекен-жайы, телефондары мен факс номері;

- бизнес-жоспардың құралған жері, жылы және айы.

Аталған ақпаратпен қатар титульдік бетте кәсіпорынның Қазақстан Республикасының патенті ведомствосында тіркелінген эмблемасын (нышандық белгісі) немесе сауда белгісін бейнелеуге болады.

Титульдік беттің артында оны құрастырушылар көрсетіледі.

 

МАЗМҰНЫ

Бизнес-жоспардың мазмұны оның жұмыстағы қолайлылығы мен қажет материалды тез табу үшін жасалады. Оған әдетте атаулары бар барлық бөлімдер мен параграфтардың аттары кіреді. Бизнес-жоспардың көлемі 10 беттен кем болса, мазмұнын жазу қажет емес.

 

РЕЗЮМЕ (ТҮЙІНДЕМЕ)

Резюме бизнес-жоспардың ең басында орналастырылғанымен, жұмыстың ең соңында, барлық өзге бөлімдер аяқталып, дайын болғанда, яғни жасалып жатқан жобаның барлық аспектілері толығымен түсінікті болғанда ғана жазылады, себебі ол бизнес-жоспардың барлық құрамын жинақтайды.

Резюменің ішінде жоспардың барлық жағдайлары (положения) және сандары қаралғандықтан, ол қысқаша болуы керек, әрі жеке өз бетінше жарнамалық құжат ретінде танылуы тиіс. Оның мазмұны бойынша инвестор ұсынылған жобаға өз қөзқарасын қалыптастыруы тиіс, яғни не туралы екенін, жобаның құны мен рентабелділігі қандай екенін түсінуі керек.

Резюменің көлемі машинкамен басылған текстен тұратын 4 беттен аспауы тиіс. Ең алдымен, қандай өнім және ненің есебінен өндіріледі, оның бәсекелестер өнімімен салыстырғандағы ерекше белгілері қандай, неліктен тұтынушы үшін осы өнімнің артықшылығы бар, деген сұрақтарға жауап беріледі.

Бұдан ары жасалынған жобадан күтілетін негізгі қаржылық нәтижелерді бейнелеп, мынадай мағлұматтарды келтіру керек:

а) жақын жылдарға болжанған сату көлемі туралы;

б) сатудан түсетін түсім туралы;

в) өндіріс шығындары туралы;

г) жалпы пайда туралы және осы іске салынған салымдардың пайдалылығының деңгейі туралы;

д) банк несиесін қайтару мерзімі туралы.

Резюменің келесідей басты сұрақтарын атап көрсетуге болады:

1.Жобаның мақсаты

Бұл жерде кәсіпорын қандай бизнес түрімен айналысқалы жатқаны, қалайша оның өнімі (қызметі) тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратыны туралы жазу керек. Таңдап алынған әрекетте жеңімпаз болуға жол беретін сауда құпиялары немесе бірден бір бағалы сипаттамалар туралы, технология туралы ақпараттар берілуі тиіс.

2. Бизнес мүмкіндіктері және оларды жүзеге асыру стратегиясы

Мұнда нарыққа шығудың жоспарлы стратегияларын бейнелеуге, бәсекелестер қызметіндегі кемшіліктерді (инерттілік, нашар қызмет көрсету, жаңалықтар енгізуден қалыс қалу және т.б.), сонымен қатар осы бизнестің келешегі мен нарықтың өзге сегменттеріне (халықаралық нарықты қоса алғанда) шығу туралы айтып кетуге болады.

3. Белгіленген нарықтар және өткізуді болжау

Саланы және өткізу нарығын қысқаша сипаттан, негізгі тұтынушыларды атап кетуге болады. Құндық және табиғи бірліктердегі сату көлеміне және баға стратегиясына (қол жететін бағаға ма, жоғары сапаға ма әлде тек қана осында жасалатын өнімге ме, қайсысына назар аударылатынына түсініктеме) баға беру керек.

4. Жобаланған қаржылық нәтижелер

Осы саладағы жаңа енгізілген өнім, қызметтер мен стратегиялар, жабдықтау кезіндегі озаттық (лидерство) бәсекелестердің әлсіз жерлері және т.б. жағдайлар есебінен бәсекелестік артықшылықтың қаншалықты мардымды екенін көрсету қажет.

5. Жобаланған қаржылық нәтижелер

Қызметтің экономикалық және қаржылық жақтарын қосу керек (мысалы, таза пайданы, қолма-қол қаражаттың тұрақты ағымына қол жеткізуге керек уақытты, күтілетін рентабелдік, өндіріс шығындары және т.б.).

6. Инвестициялардың қажетті сомасы

Инвестициялардың қажетті сомасын, сату болжамын, сатудан түскен түсімді, өндіріс шығындарын, күтілетін пайданы, салынған қорлардың пайдалылығының деңгейін, сонымен қатар қарызға алынған қорларды қайтару мерзімін және олар бойынша пайыздарды (егер банк несиесі алынған жағдайда) көрсету керек.

Басқару тобының (басшы және оның тобының мүшелерінің) бұрынғы, әсіресе бизнесте жауапты шешімдер қабылдағандағы жетістіктерін, сонымен қатар кәсіпорын мен ұйымды басқарудағы тәжірибесін атап өтіп, олардың біліктілігі мен шеберліктеріне қысқаша сипаттама берумен резюме аяқталды.

 

САЛАНЫ ТАЛДАУ

Сала деп өнімдері бірдей, ортақ тұтынушылық сипатқа ие және бір тұтыну нарығында бәсекелесетін кәсіпорындар тобын айтады.

Талдау кезінде келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

- саланың жағдайы және даму тенденциялары (шикізат және материалды-техникалық базасы, өндіріс рентабелділігі);

- нарық мөлшері;

- нарықтың өсу қарқыны және өмір цикліндегі саланың позициясы (сату мен нарықтың дамуы, өсуі, толысуы, толығуы, ескіруі және стагнация, қысқаруы);

- бәсеке масштабы (локальды, аймақтық, ұлттық, әлемдік);

- сатып алушылар саны және олардың салыстырмалы мөлшері мен көлемі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.