Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Таяммумнің дұрыс болу шарттары



                                           Таяммум

Ниет етіп, таза топыраққа немесе топырақ жынысты нәрсеге қолдарын ұрып,бетіне және қолдарына мәсіх тарту «Таяммум»деп аталады.Дәрет немесе ғұсыл алу үшін су болмаған жағдайда таяммум соғу-дәрет пен ғұсылдың орнын басады.

Таяммумның парыздары:

1. Ниет ету

2. Қолдарын таза топыраққа немесе топырақ жынысты нәрсеге ұрып бетіне сосын тағы да ұрып қолдарына мәсіх тарту

Таяммумға ниеттің дұрыс болу шарттары:

1. Мұсылман болу

2. «Темиз» жақсылық пен жамандықты білетін бала

3. Өзінің неге ниет еткенін білу

 

Таяммум бір нәрсеге ғана ниет етіледі.Мысалға «ниет еттім бұл таяммуммен-Құран оқуға немесе намаз оқуға.Енді Құран оқуға ниет етіп таяммум алғаннан кейін келесі намаз оқи алмайсыз.

Таяммумнің дұрыс болу шарттары

1)Намаз үшін таяммумнің дұрыс болу шарттары

1. Тазалық ұшін ниет ету (рухани)

2. Намаз оқуды мүбах қылу үшін ниет ету

3. Дәретсіз дұрыс болмайтын ғибадаттарға

 

2)Таяммумді алуға үзірлі жағдайлар

1. 2-км жерде су болмауы

2. Су бола тұра қымбат болып сатылса

3. Аурудың асқынуы

4. Ауырып қалу қаупі

5. Су қауіпті жерде болса

6. Жол жүргенде аз су-жоқ үкімінде,яғни дәрет алуға жетпейтін жағдайда.

7. Бар сумен тамақ істейтін болса.Мысалы нан илегенге.

8. Сорпалы тамақтың сорпасын көбейтуге қолдану үзір емес

9. Жаназа намазына (айт намазына) үлгеру ниеті

10. Жұма намазына үлгеру мақсатында болмайды-оның қазасы бар.

3)Таяммум жер жынысынан әрі таза болуы:құм,топырақ

4)Бетті толық сипау керек

5)Қолдың-алақанның көп бөлігімен немесе толықтай бетті сипау

6)Екі алақан мен 2-ұрыспен (жерді) жүзеге асады.Яғни,1-рет ұрып бетіңізді,2-рет ұрып қолды шынтаққа дейін.

7)Дәретке кедергі болатын заттан тоқталуы,тыйылуы

8)Таяммумда мәсіх тартуға кедергі болатын заттардан арылу(қолды жерге ұрғаннан кейін,қолды қырымен бір-біріне ұру(әйнек,тас жабысып қалса)

                                      Таяммумнің сүннеттері

1. «Бисмилләһ» айту

2. Ретті сақтау

3. Үзбей бірінің артынан бірін орындау

4. Топыраққа ұрған кезде қолдарды әуелі алға созу

5. Содан кейін кері тарту

6. Саусақтардың арасын ашу

7. Қолын жерден көтергенде егер шаң болса,қолдарын бір-бірімен қағыстыру.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.