Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тазалық жөнінен сулар 2-ге бөлінеді



Тазалық жөнінен сулар 2-ге бөлінеді

1)Әрі таза әрі тазарту мақсатында қолданылуы мәкруһ емес сулар.

Бұлар:Түсі,дәмі,исі бұзылмаған,негізі өзгермеген,және қолданылмаған сулар.Бұл сулармен әртүрлі тазалық жасалынып,дәрет,ғұсыл,алынады ішу үшінде пайдаланылады.

2) Әрі таза әрі тазарту мақсатында қолданылуы мәкруһ болып есептелетін сулар.

Бұлар:мысық тауық сияқты үй жануарлары мен қаршыға, бүркіт сияқты жыртқыш құстардан қалған сулар.Басқа таза су бола тұрып,мұндай сулармен дарет,ғұсыл алу,ішу немесе тамаққа пайдалану мәкруһ.Басқа таза су жоқ болса онда пайдалану мәкрүһ емес.

3)Өзі таза болғанымен басқа нәрселерді тазалауға жармайтын сулар

Бұлар-дәрет пен ғұсыл аларда қолданылған сулар.Мұндай сулармен қайтадан дәрет,ғұсыл алынбайды.

4)Таза емес сулар-ішіне нәжіс түсіп кеткен сулар

Иттің, доңыздың және басқа жытқыш аңдардан қалған сулар да таза емес және ешқандай тазалық үшін қолданылмайды.

5)Күмәнді сулар-Бұлар есек пен қашырдан қалған сулар.Мұндай сулармен лас нәлселерді жууға болады.Бірақ басқа таза су тұрғанда,бұл сумен дәрет,ғұсыл алуға болмайды.Басқа су жоқ болса дәрет,ғұсыл алынады,артынан таяуммум алынады.Өйткені мұндай сулардың тазалығында күмән бар.

 

 

                                                    Әжетхана әдебі

Әжетханға кірерде Пайғамбарымыздың мына дұғасы оқылады:

«Аллаһумма инни аьузу бика минал хубси уәл хобаис» «Аллам ластықтықтан және лас нәрселерден саған сиынамын»

Сол аяқпен кіріп,оң аяқпен шығу керек.Сыртқа шыққан соң:

«Әлхамдулилләһи әлләзи әзһәбә әнни әл-әзә уә афани» Қиындықтан арылтып, жеңілдік бергенАллағашүкір.Ел жүретін жерген дәрет сындыру дұрыс емес Пайғамбарымыздың «Екі лағынет етілгеннен сақтаныңдар»-дейді.Сахабалар:Олар кімдер дегенде?Ол:Адамдардың жүретін жолына дәретсындырғандар. Деп айтқан.

                                                   Истинжа

Истинжа-қан,мәни,үлкен дәрет,кіші дәрет,сияқты ластықтардан тазалану.Қасында адам бола тұра астыны тазалау мәкрүһ.Су арқылы немесе сахарада таспен де тазалауға болады.Бірақ кірпіш,көмірмен,шөппен,сүйекпен,мақта,әйнек,жапырақпен астыны тазалау мәкрүһ.

Истибра-кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей арылу. Кіші дәретке истибра жасау сүннет.Истибар дарет алмастан бұрын аздап күту,жүру,жөтелу арқылы жасалады.Бұл ер кісілерге байланысты.

                                                      Дәрет

Дәрет-белгілі-бір мүшелерді тәсіліне қарай жуу және мәсіх тарту арқылы жасалынатын тазалық. Дәретте 4-парыз бар.

1)Бет-жүзді жуу;   2)Қолды шынтаққа дейін жуу 3)Басқа мәсіх ету        

 4)Аяқтарды тобықпен қоса жуу



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.