Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Намаз. Намаз уәжіптері



                                                    Намаз

Сөздік мағынасы-дұға.Терминдік-намазға тиесілі белгілі іс әрекеттер,сөздер,тәкбірмен басталып сәлеммен аяқталатын құлшылық түрі.Миғраж түні парыз болған.Хикметі-нығметтерге шүкіршілік ету.Алланың бұйруымен парыз болды.Намаз-уақытының кіруімен парыз болады.

Түрі:Парыз,уәжіп және сүннет

Парыз болу шарттары:

1. Мұсылман болу           2)Балиғатқа толу   3)Ақыл-есі дұрыс болу

Ұл балаға 7 жастан бастап үйрету,10жаста ұру(құйрықтан)

Уәжіп болу шарттары:намаз уақыттың кіруімен

Парыз намаз уақыттары.

1.Таң намазы:Шынайы таң намаз уақыты күн сәл қалғанға дейін.1-ші жалған таңнан кейін 2-ші таңнан бастап.Яғни толықтай ағарғаннан кейін.

2)Бесін намазы:Күннің батысқа қарай ауып өз бойынан асып-2 есеге дейін

3.Асыр:Әр нәрсенің көлеңкесі 2 еседен бастап күн батқанға дейін.

4)Ақшам:Күн батып-қызыл шапақ жоғалғанға жейін

5.Құптан:Қызыл шапақ жоғалғаннан кейән таң намазына дейін

Бір уақытта 2 намаз (парыз) оқылама?-Тек үзірлі жағдайда.Сапар кезінде бесін мен асыр косып оқыса,Шам мен Құптан қосылып оқылады.Мысалға:Ақшам уақытында жолға шықса Құптанды ақшаммен бірге қосып оқиды.Мұздалифа тауында-Ақшам мен құптан бірге қосып оқиды.

Қай уақыттарда намаз оқу мұстахап:

-Таң намазын күн сарғайып келе жатқанда оқыса,кейін Аллаға тәубе айтып,зікір етіп күн шыққаннан кейін(50-мин)Дұха намазын оқыса-қажылыққа барғандай сауап алады.

-Бесін намазы-жазда күн салқындағанда оқу

-Асыр намазы-күннің түсі қызыл болмайынша кешіктіріп оқу.

-Ақшамды әрдайым уақытында оқу

-Құптанды-Түннің 3\1 дейін шамамен 1-2лерде күн бұлтты болса ерте оқу

Намаз оқу харам және мәкрүһ болған уақыттар:

1. Күн шығып(50мин) өтпей тұрып.

2. Таң намазының парызынан кейін

3. Асыр намазынан кейін

4. Ақшам намазының алдында

5. Имам имамдыққа шығып бара жатқанда

6. Қамат айтылып жатқанда

7. Айт намазы алдында нәпіл оқылмайды

8. Айт намазынан кейінде нәпіл намаз оқылмайды

9. Мұздалифада бесін намаздың 2 ракәғатын сүннетін оқу мәкрүһ

10. Уақыт аз кезде,намаздың шығуына,Парызды оқу керек

11. Дәрет қысқан уақытта

12. Тамақ дайын болғанда

13. Ой-тұрақсыздығында,қайғы-қасіретте

                                                                 Азан

Парыз намаздарына азан және қамат айту бекітілген сүннет.Әйелдерге азан және қамат айту мәкрүһ.Шәһадат сөзінде-таржиғ жоқ.Таржиғ-өз ішінен қайталау(шәһадатты)

Азаншыға  мұстахап амалдары:

Азанды созып айту,қаматты тез айту.Басқа тілде азан айтылмайды.

1. Тақуа адамның азан айтуы мұстаһаб

2. Сүннетті,намаз уақыттарын білетін адам

3. Дәретті болу керек(дәретсізде болады,қаматқа дәрет болуы уәжіп!)

4. Құбылаға қарап айту

5. Сұқ саусақты құлақтың ішіне салып айту

6. «Намазға асық» дегенде жүзді оңға қарай. «құтылуға асық»солға қарай бұрып айту

7. Азан мен қамат арасын парызға адамдар үлгеретіндей етіп айту.Ақшамада 3-аят оқылатындай уақыт

Азан,қаматтағы мәкрүһ мәселелер:

1. Әндетіп,әуенге салып қате айтуға

2. Дәретсіз айту

3. Жүніптік халде айту

4. Балиғат жасқа толмаса ақыл-есі кем,маскүнем,әейл кісі,пасық,отырып айту,арасында бөліп әңгіме айту

Азан айтылмаған жағдайда (айдалада) қаза намаз алдында азан кейін қамат айту керек.Парыз намаз алдында қаматты тәрк ету жек көрілген амал.

Намаз шарттары және үкімдері:

1. Үлкен және кіші дәреттен арылу керек

2. Дене,киім,намаз оқитын жер нәжістен таза болу керек (тізе,алақан,бас тиетін жер)

3. Әурет жабық болу

4. Құбылаға қарау

5. Уақыт

6. Уақыттың кіргені күмәнсіз болуы керек

7. Ниет

8. Тәкбір (өзің еститіндей дәрежеде) айту керек

9. Қиямда (тік тұрып) тәкбір айту

10. Ниет пен тәкбір арасы кешікпеу керек

11. Өзі еститіндей тәкбір айту

12. Имам болса арттағы кісілерге-ниет ету. «Ер-әйел кісіге имамдық етуге»

13. Парыз намазды анықтау керек

14. Уәжіпті де анықтау керек

15. Қиям (парыз) нәпілде қиям парыз емес

16. Қырағат-бір аят оқу парыз

17. Имамға ұйыған адам Құран оқымайды.Қосылып оқыса тахриман мәкрүһ

18. Рүкүһ-парыз

19. Сәжде-парыз.Сәждеде ағзалар көтерілмеу керек.Тізе,қол,маңдай,қол

20. Рукүһ сәждеден бұрын жасалу керек.

21. 2-кі сәжде арасында отыру.2-ші сәжде жасау парыз

22. Соңғы отырыс.Соңғы отырысты алдыңғы шарттарды орындап барып отыру керек.

23. Ояу хәлінде орындау керек.

24. Осы шарттарды білу керек.

25. Оқыған намазы парыз немесе сүннет екені анық білу керек.

Намаз шарттарына байланысты болған 2-ші дәрежелі мәселелер:

-Сырмақтың асты нәжіс үсті таза болса намаз оқуға болады

-киімнің ішкі астары,яғни 2 киім сияқты болса.Сыртқы жағы нәжіс болып,ал ішкі астары таза және шет-шеті тігілген болса,онда намаз оқуға болады.

-жәйнамаз бір бөлігіне нәжіс тисе таза жеріне (бір бұрышына) қалған таза жәйнамазға намаз оқылады

-Сәлде нәжіс болған бөлігін артқа шығарып оқыйды,егер ол қозғалатын болса болмайды.

-киімі жоқ адам нәжіс киіммен намаз оқый береді,таза киім тапқанда қайта оқымайды.

Әурет жабу мәселесі:

-киетін киім жоқ болса намаз оқыйды,киім тапқанда қазасын өтемейді.

-жібек қана болса (ер адам) әуретін жауып оқыйды.

-5% ғана таза болса,басқа таза киімі жоқ болса, оны шешіп тастап оқыса болады.Киіп оқыған абзал7

-Иленбеген терімен (өлексемен) жәйнамазға болмайды.

-Киімсіз адам отырып,аяғын құбылаға қарай созып,ишарамен оқыйды.

Әурет:

-Ер адам:кіндік астынан тізе астына дейін

-Бас бостандығы бар әйел-әурет емес(құлдықта емес әйел).Әйелдің-жізү,қолының білезігі,аяқ тобығынан төмен басқа барлық жері әурет болып саналады.

Құбыла

1. Ауыруына байланысты көлігінен түсе алмаса немесе дұшпанынан қорықса беті қай жаққа қарап тұр сол жаққа қарап оқи береді.

2. Құбыланын қайда екенін білмеуші қасында айтар адам жоқ болса,100% сеніммен бір жаққа қарап оқыйды. Намаз оқып тұрғанда, біреу келіп құбыла ол жақта емес,мына жақта деп айтса,дереу намаз оқып тұрып сол жаққа бұрылып,намазыңызды жалғастыра бересіз.Намаз оқып біткен соң,құбыла дұрыс емес екенін білсең қайта оқудың керегі жоқ

3. Құбыланы іздеместен намаз бастаса,намазды бітіргеннен кейін құбылаға дұрыс қараған болса намазы дұрыс болады.Ал намаз оқып тұрғанда-құбылаға дұрыс қарап тұрғанын біліп,есіне түссе-дереу сол жерде намаз бұзылады.

                                             Намаз уәжіптері

1. Фатиха сүресін оқу уәжіп

2. «зәм» сүре немесе 3 аят оқу

3. Парыздың алғашқы 2-рәкәғатында сүннетте барлық рәкәғаттарында зәм қосу

4. Фатиханы зәм сүренің алдында қосу

5. Маңдаймен қоса мұрынның тиіуі

6. Барлық рәкәғаттарда 2-сәжде

7. Әр қалыпты (сәжде,рукүғ,қиям) өз нақышымен,буын-буын бір қалыпты отыру керек

8. Бірінші отырыс

9. Отырыста «Әттәхият» оқу

10. Отырыстан кейін кідірместен 3-ші рәкәғатқа тұру

11. «Әс-сәләм» сөзі уәжіп (уағалейкум-сіз)

12. Құныт-дұғасы тірде уәжіп

13. Айт намазында тәкбірлер уәжіп

14. Әр намазда кіреберіс тәкбірі

15. Айт намазында 2-ші рәкәғаттағы тәкбір

16. Имамның Таң,Ақшам,Құптан намаздарының алғашқы 2-рәкәғаттарын,Рамазандағы тарауихті,Үтірді дауыстап оқу.

17. Бесін мен екінтіні және қалған намаздарда 3-4 ракағаттарда іштен оқу



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.