Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәреттің уәжіптері



Дәреттің уәжіптері

1. Ақыл есі дұрыс болу керек.

2. Балиғат жасқа толу керек.

3. Мұсылман болу керек.

4. Жууға денсаулығы жету керек.

Жаназа намазы бітуге аз қалғанда тәйәмум алып оқыса болады

                            Дәреттің дұрыс болу шарттары:

1)Дәрет алатын су таза әрі,дәрет алуға белгіленген ағзаларға жету керек.

2)Дәретті бұзатын (Қан,нәжіс,нифас) тоқтауы қажет.

3)Денеге судың тиіуіне кедергі болатын нәрселерден арылу керек.Мысалға:Киім,қолға клей немесе краска жағылып қатып қалса онда оны кетіру керек.Өйткені олар денеге су өткізбейді.Мәселен,майлы тамақ жеп болғаннан кейін қол немесе ауыздың жан-жағы май жағылады соны сабындап тұрып жуу керек.

                           

 Дәреттің толық болуының үкімдері жайында

Беті қалың сақалды кісілерге сыртын ғана жуу уәжіп.Сақалы сирек,жұқа болса онда ысқылап жуу керек.

Шаш маңдайға түсіп тұрса,үстінен жуа беруге болады.Тырнағыңыз өсіп кетсе астын жуу уәжіп емес.Ал егер нан илесеңіз қамыр жабысып қалса онда тырнақтын астын жуу керек.

Егер аяғыңыздың өкшесі жарылып кетсе,оған крем жағып,немесе дәрі жағып қойсаңыз,ол ысқылап жууға зиян келтірер болса,онда бетін ғана жууға болады.

Жүніп бола тұра шаш,тырнақ алуға болмайды.

                                   Дәреттің сүннеттері.

1. Қолды білекке дейін жуу

2. «Биссмильля» айту

3. Мисуак қолдану.Егер де мисуак жоқ болса саусақпен ауызды ысқылау.(Оң қолмен)

4. Мадмаза-қолға су алып ауыз шаю

5. Мұрынды 3-рет шаю

6. Мұрынды шайқағанда ораза болған адам қатты тартуға болмайды

7. Сақалы қалың адам-сақалдың астын салалау.

8. Саусақты салалау.

9. Ағзаларды 3-реттен жуу.

10. Шаштың бір бөлігін мәсіһ ету парыз болып табылса,ал сүннет бойынша екі қолмен толықтай мәсіһ ету.

11. Құлаққа мәсіһ ету.

12. Жууған кезде ысқылау.

13. Арты-артынан үзбей жуу керек.

14. Ниет ету

15. Тәртіп сақтау.Құрандағы тәртіп бойынша

16. Дәретті оң жақтан бастап жуу.

17. Саусақтардан бастау

18. Мойынға мәсіһ ету.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.