Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Исламда 8 үкім бар:



 Исламда 8 үкім бар:

1)Парыз-бұл орындалуы тиіс амалдар.АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ бұйрығы.

Парыз 2-ге бөлінеді.Парыз айн және Парыз кифая.

Парыз айин дегеніміз-әркім өзі міндетті түрде орындауы керек болған амал.Мысалы:5 уақыт намаз оқу.Яғни бір адам басқа біреудін орнына намаз оқымайды.

Парыз кифая-Бірнеше кісілердің орындауы нәтижесінде,басқалардың мойнынан парыздығы түсетін амал.Мысал:Жаназа намазын оқу сияқты.Бірнеше мұсылман өлген адамның жаназасын оқыса,парыз болған міндет орындалғандықтан,қалған мұсылмандардың мойнынан түседіде,жаназа оқулары қажет емес болады.Ал егер себепсіз жаназа намазы оқылмай қалса,күнәсі барлығының мойнына жүктеледі.

 2)Үәжіп- Парыз сияқты нақты болмағанымен күшті бір дәлелмен орындалуы әмір етілген ғибадат.Мысалы:Айт намазын оқу,пітір садақасын беру және құрбандық шалу сияқты.

 Үәжібтің үкімі-үәжіп амалдарын орындаған адам зор сауапқа ие болады,ал орындамаған кісі немесе орындау мүмкіндігі бола тұра

3)Сүннет-Парыз бен үәжіптен басқа,Пайғамбарымыздың ғибадат ниетімен жасаған амалдары.

 Сүннет 2-ге бөлінеді.

1)Бекітілген сүннет-Пайғамбарымыздың әрдайым орындаған амалдары.Мысалы:Таң немесе бесін ақшам намаздарының сүннеттері.

2)Бекітілмеген сүннет-Пайғамбарымыз кей кезде орындап,кей кезде орындамаған амалдары.

 Сүннетті орындасаң сауап аласың,орындамасаң Пайғамбарымыздың(С.А.С) шапағат етуінен құр қаласын.

4)Мұстахаб- Пайғамбарымыздың кееде істеп кейде істемеген амалдары.Мысалы:Дұха намазын оқу сияқты.Жақсы көрінген амалдар.Мұстахаб орындаған адам сауап алады,орындамаған күнә жазылмайды.

5)Мүбах-бұл амалды орындаған кісі сауапта алмайды,орындамаған кісі күнәғада батпайды.Мысалы:отыру,жүру,ұйықтау секілді.

6)Харам-Дініміз бойынша орындаған кісіге қатаң түрде тыйым салынған амал.Жазықсыз адам өлтіру,ұрлық жасау,арақ ішу,доңыз етін жеу,ата-анаға қарсы келу т,б

Харамның үкімі-Харам орындаған кісі қатты азапталып,жазасын тартады.Алладан қорқып сақтанған адам сауап алады.Харамды жоққа шығарған адам діннен шығады.

7)Мәкрүһ-Харам сияқты болмағанымен дінімізде орындалуы әдепсіз деп саналатын нәрселер.

Мәкрүһ 2-ге бөлінеді

А)Харамға жақын мәкрүһ-уәжіптерді орындамау сияқты т.б,мұның үкімі мұндай мәкрукһті істеуден сақтанған кісі сауап алады.Істеген кісі күнәһар болады.

Ә)адалға жақын мәкрүһ- сүннетпен мұстаһабтарды орындамау сияқты және т.б

Мұның үкімі- осы сияқты мәкрүһтерден сақтанған адам сауап аладыда,ал істеген жазасын шекпейді.

8)Муфсид-бастап қойған қойған ғибадаттарды бұзатын әрекеттер.Мәселен намаз кезінде сөйлеу,ораза ұстап жүрген кезде біле тұра әдейі тамақ ішіп жеу,мұндай жағдайда намазда оразада бұзылады.

Муфсидтің үкімі-Бастап қойған ғибадатты біле тұра әдейі бұзудың соңында азап бар.

 

                                         Тазалық

Сулар негізінен екіге бөлінеді:

А) Таза сулар:Жаңбыр суы,қар суы,өзен,көл,теңіз,бұлақ және құдық сулары.Су дегенде ойымызға осылар келеді.Бұл суларға ештеңе араласпаған.Яғни таза сулар.

Ә)Аралас сулар-Гүлдің суы,жеміс-жидек сияқты басқа нәрселер араласқан сулар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.