Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып: Өзім туралы.



2.1-тақырып: Өзім туралы.

1 – тапсырма. «Өзім туралы» тақырыбына шығарма жазыңыз.

Мына сұрақтар қамтылсын:

-фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты кім?

- туған жеріңіз қайда?, жасыңыз нешеде?

-қайда оқып жүрсіз, нешінші курста?, қайда жұмыс істеп жүрсіз?

-аға, апа, іні, қарындастарыңыз барма?

-олардың жастары нешеде?

-олар не істеп жүр?, ата-анаңыз не істеп жүр?

2 – тапсырма. Ғ - Қ, Х - Қ артикуляциялық ерекшеліктерін оқыныз, түсіндіріңіз [1, 31-б. 3-жаттығу]:

Баға – бақа                   қат – хат            ғана – қана                            қал – хал

таға – тақа                қош – хош                 жаға – жақын                    Қасен – Хасен

3 – тапсырма. Жіктік жалғаулардың лайықтысын жалғап, жекешесін бір бағанға, көпшесін екінші бағанға көшіріп жазыңыз [1, 158-б. 15-жаттығу] :

Мен абзал... .  Біз егіз... .  Мен мұғалім... . Біз дәрігер... . Мен жігіт... . Мен қазақ... . Мен жалқау... . Мен елуде... . Біз жас... . Мен студент... . Мен жаман... . Біз қонақ... . Біз еркек... . Мен күшті... . Мен Ораз... . Біз отызда... .

4 – тапсырма.Төмендегі сөздерді жіктеңіз:(Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. «Казахский язык для всех» Основной курс. 158-б. 17-жаттығу)

Бірінші, мұғалім, үлкен, адам, жас.

 

2.2-тақырып: Досым туралы.

1 – тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып ең жақын досыңыз туралы әңгімелеңіз:

Менің досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым шекпейді, ақ көңіл, жақын, ең, өте.

Сөйлесім үлгілері:

- Сіздің досыңыз кім?

- Менің ең жақын досым – Болат.

- Ол қандай адам?

- Ол өте сабырлы, ақылды жігіт.

2 – тапсырма.  Дыбыс аркуляциясындағы айырмашылыққа көңіл бөліп, мына сөздерді оқыңыз:

 Прочтите следующие слова, обратив внимания на разницу в артикуляции звуков [1,59-б. 3-жаттығу]:

                    Ен - «ширина», ең - «самый»

                   Кен – «руда», кең – «просторный»

                   Он – «десять», оң – «правый»

                   Мен – «я», мең – «родинка»

                   Жене – «союз И», жаңа – «новый»

2.3-тақырып: Отбасы.

1- тапсырма. Төмендегі сөздердің көмегімен өзіңіздің отбасыңыз жайлы әңгіме құрыңыз: Отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас, сіңлі, әпке, нағашы, жиен, немере, немере туыс, ағайын.

Сөйлесім үлгілері: Бұл кім?Бұл – менің жұбайым, аты – Толқын.Ал анау ше?Ол – менің ұлым, аты – Айсұлтан.

2 – тапсырма. Жалпылау есімдіктерін қатыстырып, өз ойларыңнан бес сөйлем құраңдар.

3 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. [1, 221-б. 3-жаттығу]

1. Менің отбасым үлкен, ал сенің отбасың? 2. Менің әжем мен атам жоқ, ал сенің ше? 3. Менің әке-шешем ауылда тұрады, ал сенің әке-шешең қайда тұрады? 4. Біз жеке меншік үйде тұрамыз, ал сендер? 5. Менің әкем мал бағады, ал сенің? 6. Менің шешем үй шаруасымен айналысады, ал сенің шешең? 7. Менің ағам үйленген, ал сенің ағаң? 8. Менің апам тұрмысқа шықты, ал сенің апаң? 9. Мен пединститутта оқып жүрмін, ал сен? 10. Біз мереке күндері әке-шешемнің үйіне жиналамыз, ал сендер?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.