|
|||
Тәжірибешілік сабақтардың тапсырмалары мен жаттығуларыСтр 1 из 18Следующая ⇒ Тәжірибешілік сабақтардың тапсырмалары мен жаттығулары 1.1-тақырып: Амандасу. 1 - тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз: Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу; Сәлеметсіз бе?Сәлеметсіз бе?Халіңіз қалай?Шүкір, жақсы.Кездескенше сау болыңыз!Сау болыңыз! 2 – тапсырма. а)Жуан, жіңішке дауыстылар аралас сөздерді дұрыс айтып жаттығыңыз: Дәрісханада, дәрісхананың, кітаптарды. ә) Жіңішке дауысты дыбыстарды жазыңыз; б)Жуан дауысты дыбыстарды жазыңыз; в) Орыс тілінде жоқ дауыстыларды жазыңыз. 3 – тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстармен 5 ер және 5 әйел атын жазыңыз:
1.2 -тақырып: Танысу. 1 – тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз: Ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол -Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім?Менің атым – Гүлнәр.Сіздің атыңыз кім?Менің атым – Ержан.Өте жақсы.Танысқаныма қуаныштымын. 2 – тапсырма. Мына сөздерді оқыңыз, орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі Ы дыбыстарын айтудағы айырмашылықтарға көңіл бөліңіз. Прочтите, обращая внимание на разницу произношение русского-Ы и казахского-Ы: [1, 20-б. 3-жаттығу] Жир – жыр Сыр – сыр Сын – сын Жил – жыл Дым – дым 3 – тапсырма. Ы және І артикуляциясындағы ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Прочтите, объясните разницу в артикуляции Ы и І: [1, 21-б. 7-жаттығу] Ыс – іс Ыл – іл Тыс – тіс Сыз – сіз Ызыл – ізсіз
1.3-тақырып: Кешірім. Өтініш. Алғыс. Келісу. Қарсылық білдіру. Құптау. Құптамау. 1 – тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерді пайдалана отырып диалог құрыңыз: - Кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау. - Кешіріңіз, кіруге бола ма? Кіріңіз. Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін. Оқасы жоқ, не айтайын деп едіңіз? Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды? Сағат 8-ден 5 минут кетті. Сізбен әңгімелесуге бола ма? Жоқ, уақытым жоқ. Кешіріңіз, әңгімелесуге уақытым жоқ. 2 – тапсырма. Ы және І дыбыстарының айтылудағы ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып, мына сөздерді оқыңыз. Прочтите, обращая внимание на произношение звуков Ұ и Ү: [1, 71-б. 5-жаттығу] ұқ- үк, ұн – үн, ұр – үр, ұш – үш, құн – күн, сұр – сүр, тұр – түр.
|
|||
|