|
|||
тақырып. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ, ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 1 страницаСонымен қатар, тәрбиеге байланысты Ресей Федерациясында жеке авторлық тұжырымдамалар Е.В.Бондеревская, Н.Е.Шуркова, И.Я.Зимняя, И.М.Ильинский т.б. Қазақстанда С.Қ.Қалиевтің, Қ.Б.Жарықбаевтың, Ж.Ж.Наурызбайдың, К.А.Оразбековның, С.А.Ұзақбаеваның, Р.К.Төлеубекованың, С.Т.Иманбаеваның т.б. бүгінгі тәрбие үдерісін жандандыруға игі ықпал етуде. Ж.Ж.Наурызбайдың «Қазақстан Республикасы азаматтарына мәдени-этникалық бiлiм беру тұжырымдамасында»өзекті негізгі мәселе-көп мәдениеттi тұлға деп өз мәдениетiне де, өзге мәдениет-ке де тәнтi адам, төл мәдениеттi терең бiлу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа iргетас қаласа, көп мәдениеттi бiлу өз мәдениетiн мақтан тұтуға негiз салады деген қағиданы іске асыру көзделеді. С.А.Ұзақбаеваның тәрбие тұжырымдамасында жеткіншек ұр-пақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу, халықтық педагогика идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін, тәрбие құралдарын жан-жақты зерттеп, оны эстетикалық тәрбие беру бағытында пайдалану жолдарын ашып береді. Халықтық педагогика тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің дағдыларының жиын-тығы, солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолданбалы өнер арқылы беріліп оты-ратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан халықтық педаго-гиканың мақсатын ашып көрсетілді. Г.Қ.Нұрғалиеваның тұжырымдамасында еркiн және рухани, iз-гi, адамгершiлiгi мол тұлғаны тәрбиелеу ұстананымдары негiзiнде әр жеке тұлғаның өзiндiк «Менiн» көрсету, соған дағдыландыру, қоғам ал-дындағы жауапкершiлiк, қоғамдық тәжiрибенi игеру, мейiрiмдiлiк, iзгi-лiк қасиеттiдамыту, адамдарды табиғи қалпында қабылдау, адамдардың бойындағы жақсы рефлекстiк қасиеттердi қалыптастыруға мән берілді. Ұстаз Күләш Тынысбекованың тәрбиелік тұжырымдамасы ұлттық тәрбиені негізге ала отырып, халықтық дәстүрлерді пайдалану арқылы ер бала тәрбиесін дұрыс бағытқа қою, себебі, ер балалар тәр-биесін отбасында, балабақшада, мектепте әйелдер атқаратыны, ер ба-ланың психологиясы әкеден гөрі анасына жақын келетіні ескере оты-рып, өз тұжырымдамасын ұсынады. Мектептегі ер мұғалімнің санының аздығы да бұған ықпалын тигізіп отыр дей келе, оқу-тәрбие үдерісінде ер бала тәрбиесіне байланысты жүргізілетін тәжірибесін ұсынды: әке-лер өсиеті, “әкеге қарап ұл өсер” дегендей ер-азаматқа тән қасиетті ба-ла бойына сіңіру; ерлерге тән салт-дәстүрлер, ер баланың отбасындағы, қоғамдағы ролін ашып көрсетеді. Ер баланың сол әулеттің мұрагері, қара шаңырақ иесі болып саналатынын, қартайған әке-шешені бағып-қағу ер балаға аманат екенін түсіндіреді. Бұл - қазақ халқының атадан-балаға жалғасқан озық дәстүрлері; “ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар”- ата-бабаларымыздың ерлік пен батырлығын бағыттайтын бағыт; сөз өнері, шешендік өнердің тәлімдерімен тәрбиелей отырып, әр оқушының өзіндік ерекшеліктерін ашу; ұлттық ойындарды ұсына отырып, азамат тұлғасын қалыптастыру көзделеді. А.Миразованың тәрбиелік тұжырымдамасы. Тәрбие жаңа мазмұнға ие,оны мектептегі пән сабақтары негізінде іске асыру, бүгінгі заман талабына сай тәрбие мазмұны тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік қоғамның даму ерекшелігімен бірге ұлттық ерекшеліктер өзара бірлікте дамуы, жетілдіріліп отыру көзделген. Мәжит Өтештің тәрбиелік тұжырымдамасы.М.Өтештің басқарған мектептері негізінен физика-математикалық мектептер жүйесі болып табылады.ХХІ ғасыр, әлемдік жаһандану үрдісі кезінде қоғам-ның белсенді және ұлттық, жалпыадазаттықмәдениетті дамытушы, білім және тәрбиемен қаруланған, бүгінгі қоғамға еркін араласа алатын тұлғаны қалыптастыруға аса мән берілген. Тұлғаның бойында қалып-тасатын негізгі құндылықтар жүйесі: әлеуметтік белсенділік, жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттер, құқықтық сауаттылық, зиялы ұрпақты қалыптастыру көзделеді. Аталған жүйенің негізі ұлттық тұлғаны қа-лыптастыруға бағытталады. М.Өтеш басқарған, негізін салған мектеп-тердің түлектерінің жартысы алтын белгі иегерлері. Ресей ғалымдарының тұжырымдамаларына негізіне тоқталатын болсақ, тұлғалық қасиеттiң өзегi деп Ш.Аманошивили махаббат қажеттiлiгi; И.С.Кон үлкендердi құрметтеу, А.В.Петровский тұлғалық қасиеттердi қалыптастыру қажеттiлiгi, А.В.Мудрик жеке тұлғаның өз мүмкiндiк-терiн iске асыру деген тұжырымдарының маңызы ерекше. Тұлғаның бойындағы тәрбиелiлiк тұлғаның iс-әрекетi кезiндегi мәдениеттiлiгi, құндылықiс-әрекетi арқылы көрiнiс бередi. Қазiргi ғылыми педагоги-каның бұрынғыдан артықшылығы тұлғаға қатынас субъект-объект-субъект тұрғысынан ықпал ету қарым-қатынас жүйесi негiзiнде iске асып отыр. В.П.Беспалько тұлғаға білім мен тәрбие беруде алдыға қойған мақсаттың нақты болуына аса мән береді. Тұлғаның сапалық қасиетін нақты анықтау, қалыптасу барысында өзіндік даму ерекшеліктерін білу, зерттеу жұмысын нәтижесінің дәлдігіне мүмкіндік беретініне тоқталады. Мектептің педагогикалық жүйесінде педагогикалық әдіснама-ның негізгі тұғыры тұлғаға ықпал ету арқылы оның сапалық қасиетін ашу мүмкіндігінің мол екенін ашып көрсетеді. Автор тұлғаның негізгі қасиеттерінің құрылымдық жүйесін А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов, А.В.Петровский т.б. ғылыми тұжырымына сүйене отырып ұсынады: негізгі қасиеттері әлеуметтік, тәжірибе, интеллектуалдық, генетика-лық, сапалық қасиеттері, белгілері атап көрсетеді. Тұлғаның бойындағы құндылықтарды қалыптастыруда А.Н.Леонтьев, К.К.Платонов, А.В.Петровский ұсынған тұлғаның құндылықтар жүйесі негізгі орын алады. Автор ұсынған тұлғаның дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың негізі болып табылатын философиялық, жалпығылыми көзқарастары, идеялық сенімі, адамгершілік дүниетанымы т.б., адамгершілік сапа-сын қалыптастыратын Отанға деген сүйіспеншілік, еңбек адамдарына құрмет, жоғары қоғамдық сана, адалдық пен тазалық, қарапайым-дылық, қоғам үшін адал еңбек ету, т.б. ұстанымдарынайқындады. Н.Е.Щуркованың тәрбие тұжырымдамасында тәрбиені мәде-ниет тұрғысынан қарастырады. Тәрбиелік іс-әрекетті әлемдік қоғам-дық қауымдастыққа кіріктірілуі арқылы ізгілендіру бағытын қолдайды. Тәрбие мазмұнында мәдени құндылықтарды жүйелі түрде сабақтасты-қа іске асыруды көздейді: табиғат әлемі; адам өмірі; қоғамдық өмір; тұлғаның ішкі жан дүниесі т.б. Тәрбие іс-әрекетінің нәтижесі – тұлғаның қоршаған ортаға, мәдени құндылықтарға мақсатты бағытталған, өзін-өзі жетілдіруі деп бағалайды. И.А.Зимняяның тәрбие тұжырымдамасында тәрбиені тұлғаның әлемге қатынасын қалыптастыру үдерісі тұрғысынан қарастырады. Ғалым қарым-қатынасты құндылықты қалыптастыру тетігі деп түсіндіреді. Адамның әлемге қатынасын қалыптастыру үдерісіне тәрбие жүйесінің 5 компонентін ұсынады: мұғалімнің тұлғасы және іс - әрекеті; тәрбиелік ортада әлеуметтік даму жағдаяттарды дұрыс ұйым-дастыру; ынтымақтастық; қарым - қатынас; тәрбие субъектісінің бел-сенді іс – әрекеті. И.М.Ильинскийдің тәрбие тұжырымдамасында ұрпақтар са-бақтастығы негізінде тәрбие беру мәселесі қамтылады. Тұжырымдама-ның мазмұны тәрбие кеңістігін құруға, тұлға мен қоғамның қызығу-шылықтарының бірлігі, дүниетаным мен ізгілендіру құндылықтарына негізделеді. Тәрбиенің негізгі мақсаты табысқа және жеңіске жетуге ұмтылатын, өмірге икемі бар, өзгермелі жағдаяттардан шыға алатын, жауапты, іскер, белсенді азамат-тұлғаны қалыптастыру. Жоғарыдағы тәрбие тұжырымдамалары үздіксіз білім беру жүйе-сіндегі тәрбие үдерісін жандандыруға іргелі үлес қосып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі ұсынылған тұжырымдамаларды басшы-лыққа ала отырып, әр оқу орны, білім беру мекемелері аймақтық ерек-шеліктерді негізге ала отырып өздерінің тұжырымдамалары бойынша жұмыс атқарулары да тәрбие жұмысын жандандыруға іргелі үлес қосады.
4.8.Тұлғаны өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінің мазмұны.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми-нистрлігі ұсынған«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» еліміз-де оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы қабылданды деп атап көрсетеді. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту тетіктерінің мықты катализаторы рөлін атқара алады. Әлемдік білім беру кеңістігінде тәрбие теорияларының ең соңғы идея-лары қолданылған, халықтық педагогиканың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделген «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағ-дарламасының аналогы әлемде жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың руха-ни-адамгершілік тәрбиесінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамта-масыз етеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы ізгі ниетті және адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді. Үздіксіз білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу ар-қылы тұлғаның “өзін-өзі тану”, “өзін-өзі бағалау”, “өзін-өзі жетілдіру”, “өзіне-өзі сену”, “өзін-өзі дамыту” сынды қасиеттерді менгерту, бойына сіңіруге баса назар аударылуда. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде оқытылып жатқан «Өзін-өзі тану» пәнінің тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда маңызы ерекше. «Өзін-өзі тану» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми-нистрлігінің 2010 жылы 15 қаңтарда № 6 бұйрығымен 1-11сыныптарға енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2012 жылы 29 маусымында № 873 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» пәнінің кешенді типтік бағдарламасы оқу - әдістемелік құралдар білім беру жүйесіне енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 15 қаңтарда №11 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» бойынша рухани - адамгершілік білім берудің республикалық кеңесі құрылды. «Өзін - өзі тану» пәні тұлғаның бойындағы рухани - адам-гершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады. Тұлға – бұл әлеуметтік байланыстардағы және әлеуметтік қатынасқа түсетін адам, қоғам мүшесі, оған қоршаған орта әсер етеді, ол саналы түрде адам-дармен және әлеуметтік құбылыстармен қарым – қатынас орнатады. Қабылдау қабілеті әр адамда әр түрлі, бірақ жеке тұлға әлеуметтік ор-тада өзін дара ұстайды және өз қарым – қатынастары үшін есеп бере алады. Қазақстанда тұлғаның рухани - адамгершілік білімін дамыта-тын «Өзін - өзі тану» пәнін үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу үдерісін теориялық және практикалық тұрғыда негізделді. Бүгінгі бізге жеткен ауызша және жазба мұралардан қазақ елінің рухы биік халық болғанын аңғаруға болады. Рух дегеніміз адамның ішкі жан дүниесі арқылы көрініс бере отырып, бүкіл ұлттың бойына сіңісті болатын асыл қасиет (туған жерге, елге, Отанға деген сүйіс-пеншілік, ұлы бабаң аманаттаған жерді көзіңнің қарашығындай сақтау, тілге деген құрмет, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді білу, оның ама-нат ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру т.б.) тұрғысынан бағалауға болады. Руханилық ұғымы педагогикалық сөздікте “Руханилық – тұлға-ның екі іргелі қажеттілігі себептерінің жүйеде көрінуі: идеалды таным қажеттілігі мен “басқалар үшін” өмір сүру мен қызмет ету әлеуметтік қажеттілігі. Руханилық категориясымен өмірді, өзін жә-не өмірінің мақсатын және мәнін тану қажеттілігі астасады. Адам қан-шалықты осы сұрақтарға жауап іздесе және табуға тырысса, сонша-лықты рухани болады”, - деп атап көрсетуі де жоғарыда ғалымдардың рух, руханилық ұғымының мәнін нақтылай түседі. Құндылық кез-келген тұлғаның бойында қалыптасатын қа-сиеттердің негізгісі болып табылады. Құндылық тұлға, топ, әлеуметтік ортада адамгершілік ұстанымдар, мақсаттар, мен белгіленген әдістері және көрсеткіштермен нақтыланады. Тұлға бойындағы құндылықтар тұлғааралық қарым - қатынаста, іс - әрекетте, мінез - құлықта көрініс береді. П.И. Пидкасистый құнды қатынастарды тәрбие үдерісінің мазмұ-ны ретінде ұсынады. Қарым–қатынас кез-келген ұстаздың оқу–тәрбие үдерісінің негізгі ұстанымы болуы қажет екені белгілі. П.И. Пидкасистый құндылықтарды төмендегідей бөліп қарас-тырады: құнды қатынастар - тәрбие үдерісінің мазмұны; адам құндылық ретінде; өмірді құндылық ретінде; қоғам құндылық ретінде; еңбек құндылық ретінде; табиғатты құндылық ретінде қарастырады. Белгілі ғалым Н.Е.Щуркова адам мен адамзат үшін жасалатын құндылықтар жүйесіне: адам, өмір, табиғат, қоғам, жақсылық, ақиқат, сұлулық, еңбек, таным, қарым-қатынас, ойын, еркіндік, бақыт, ар- ұят, теңдік, әділеттілік, бауырластықты жатқызады. Егемен еліміздің жастарын тәрбиелеуде әл-Фараби мұралары-ның да тәрбиелік маңызы аса зор. әл-Фараби артына үлкен педагоги-калық мұра қалдырып отыр. Ғұламаның еңбектерінде педагогика ғы-лымының мәні мен мақсаттары, жалпы педагогикалық идеялары, ди-дактика проблемалары, педагогикалық идеяларының жаратылыстану ғылымдарында пайдалануы,әл-Фарабидің тармақтауы бойынша “Аза-маттық философия екі түрге бөлінеді: оның біреуі арқылы жақсы әре-кеттерді тудыратын және осы әрекеттердің себептерін анықтау қабіле-тін тудыратын жақсы әрекеттер мен мінез-құлықтарды танимыз. Осы-ның арқасында тамаша нәрселер өзіміздің қасиетімізге айналады. Бұл түр этикалық өнер деп аталады. Екінші түрі қағидаларды, сол арқылы тамаша көркемдіке ие бо-лу, оны сақтай білу қабілетіне жететін қағидаларды біліп алуды қам-тиды. Бұл түр саяси философия деп аталады”. Оның мұраты бойынша педагогикалық категориялар арқылы адам бақытқа жетуі керек. Олар арқылы адам білім мен кіршіксіз таза-лықты менгеруі керек. Тәрбие философиясының негізін салушы да әл-Фараби болып табылады. Ғұламаның “Білім мен тәрбие егіз“ деген ұстанымды келтіре оты-рып, адам дүниеге келгеннен бастап бойына даритын 12 ізгі қасиетті ұсынады. Олар: денсаулық, ақылдылық, қоғамдық істерге бейім, ұғым-тал, шыншыл, ар-намысы жоғары, есте сақтау қабілеті дұрыс, тілмар, еңбекшіл, жалған нәрселерге жирене қарау, әділ, әділеттілерді сүю. Бұл қасиеттер адамның бойында толық бола қоймас дейді ғұлама, бі-рақ, мүмкіндігінше осы қасиеттердің дәндерін тұлғаның бойына сіңі-руіміз керек - деп, философиялық тұрғыда зерделейді. Әл-Фараби тәрбиеде бірінші орынға мінез-құлықты қояды, оны қалыптастыру үшін ерік, қайратты жетілдіруді қажет деп санайды. әл-Фараби трактаттарында адамның ақылы, ойлау қабілеті, мәдени да-муы, ғылыми өсуі туралы, қоғамдық әлеуметтендіру және ізгі мемлекет ілімін жасайды. Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер – обьективтік құбы-лыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың мәні неде екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсы-лықтардың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп, білетін болса, онда олар еш уақытта да жамандыққа бармас еді. Жа-мандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын құбы-лыс. Олай болса, әдептілік дегеніміздің өзі - танып білудің салдары. Шығыстың ғұлама ғалымы, философ әл-Фарабидің: «Жүрек – басты мүше, оны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді, бұдан кейін ми келеді, бұл да басты мүше бірақ мүның үстемдігі бірінші емес» - деген көзқарасымен сәйкес келеді. Абайдың он жетінші қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікірін: «Осы үшеудің басын қос-пақ менің ісім, бірақ сонда билеуші жүрек болса жарайды», - деп біл-діреді. Бұдан Абай мен әл-Фарабидің «Жүрек» туралы танымда-рының негізі бір екендігін көрінеді. Абай, әділет, ізгілік, шапағаттың мекені, көзі: жүрек деп түсіндіреді, ал бойында ақылы мен қайраты ға-на бар кісі, үшеуінің (ақыл, қайрат, жүректің) басын қос деп, жүректі қосып, «соған билет (ақыл, қайрат, жүректі), «ақыл, қайрат, жүректі сол басшылық етсін деп «толымды адам (ақыл, қайрат, жүректі)» қалыптастыруды көздейді. Абайдың осы танымын мына бір нақыл сөзі де растай түседі: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бө-лек» – немесе «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», -деген тұжырымдары да адамгершілік қа-сиет еді. Қай ғасырда да болмасын тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру негізгі орында тұрғаны белгілі. Еліміз еге-мендік алғаннан бері қоғамдағы рухани - адамгершілік мәселелерге байланысты үкімет тарапынан да, ғалымдар тарапынан да ғылыми ұсыныстар көптеп табылады. «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда жоғары-дағы ғалымдардың тұжырымдары, идеялары пәннің теориялық тұғыр-ларын айқындауға негіз болды. Тұлғаның бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастыру, өзін - өзі тәрбиелеу мәселесі А.С.Макаренконың педагогиканың тео-риясы мен практикасында ғылыми тұрғыда негізделген. Оның ұстаз-дық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан”, «Мұнара үстіндегі тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап” атты ғылыми еңбектері әлі де болса өзінің өзектілігін жойған жоқ. Оның тәрбиедегі алдына қойған негізгі ұстанымы тұлғаның ұжым арасындағы қарым - қатынасы, алды-на қойған талаптарды нақты орындай білуі, өзін- өзі жетілдіруіне, ұйымдастырушылық қасиетінің дамуы негізгі орында тұрды. А.С.Макаренко жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптас-тыруды екіге бөліп, бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар болса, екіншісі, тұлғаның даралық сапасын дамыту үшін оның қабілеттерін ескеру керектігін қарастырды. А.С.Макаренко еңбегінде, тәжірибесінде бүгінгі біз зерттеу ны-саны етіп алып отырған өзін - өзі тәрбиелеу мәселесі қиын балаларды тәрбиелеуде сол тұлғаға деген сенімі арқылы іске асырылып отырды. Адамдықұндылықтардың негізі деп,еңбекті де негізгі құн-дылық деп қарады. Жоғарыда П.И.Пидкаситый қарастырған құндылықтар жүйесі-мен ұштасып жатқаны байқалады. Еңбек тұлғаның психикалық, руха-ни дамуының негізгі көрсеткіші деп бағалай отырып, еңбекті өмірдегі негізгі құндылықтардың бірі, бала еңбекпен тікелей араласуы керек деген ұстанымды ұстады. Сонымен қатар, рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызын ашқан көр-некті ғалымдардың бірі болып табылады. «Ата-аналар кітабы”, «Балаларды тәрбиелеу туралылекциялары” атты еңбектерінде отбасындағы бала тәрбиесін нақты жүйелі түрде дұрыс ұйымдастыру арқылы азамат тұлға тәрбиелеудің мүмкіншілігі мол екенін практикалық тұрғыда дә-лелдей білді. Ресей ғалымы В.В.Воронов тәрбие үдерісінде тұлғаны қалып-тастыру мәселесі бойынша зерттеуінде тұлғаның білімділігі, интеллек-туалды және дене дамуымен бірге дүниетанымдық көзқарасы мен адамгершілік тәрбиесін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана жақсы нә-тиже алатынымызға тоқталады. Тұлғаның рухани адамгершілік құнды-лығын қалыптастыруда әдептің негізгі орын алатытына аса мән берген. Ғалым адамгершілік тәрбиенісін тәрбиеленушілердің бойында адамгер-шілік білімді, сезімді және тәртіпті қалыптастырудағы педагогикалық іс -әрекет тұрғысынан қарастырады. Дүниетанымдық көзқарас адамның санасындағы жалпы әлемдік түсінікті нақтылайды және іс - әрекетінің бағытын айқындайды деген тұжырымды бере отырып, әр жеке тұлғаның дүниетанымның қалып-тасуы көп қырлы, күрделі үдеріс олардың өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным принциптерін қалыптастыртына аса мән береді. Оқушылардың рухани - адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастыру дегеніміз – рухы биік, қайырымдылықты, ізгілікті, тазалық пен арлылықты өз бойына сіңірген, елі мен жерін сүйетін, білімді менгерген тұлға деп қарастырады.
|
|||
|