|
|||
тақырып. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ, ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 3 страницаАрнайы кәсіби білім беретін оқу орындарына бару, олардың келіп мектептердегі ашық есік күніне қатысуы, оқушылардың білім беру ме-кемелеріндегі ашық есік күндеріне қатысу іс - шаралары оқушының болашақ кәсіп таңдауына маңызы зор. Сынып жетекшісі, пән мұғалім-дерімен, білім беру ұйымдары қызметкерлерімен, оқу орындарымен көптеген өндіріс орындарымен кездесу, кәсіби кеңес алу, кәсіптік бағ-дар беру формалары арқылы әңгімелесу, диспуттар өткізу, дөнгелек үстелдерге қатысу оқушының болашақ мамандық таңдауына игі ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушының болашақ кәсібін таңдауда отбасында ата - ана, ата –әже, туыстарының, мамандық таңдауда әулеттің кәсіби династиялық жалғастығы да әсер етеді. Жаһандану заманында оқушыға кәсіптік бағдар беруде ақпарат-тық жүйенің алар орны ерекше. Ақпараттық жүйедегі орта кәсіптік және жоғары оқу орындары туралы мәліметтер де болашақ кәсіп таң-дауға ықпалы зор. Интернет жүйесінде кез келген оқу орындары тура-лы мәліметтер оқу орнының тарихы, ондағы мамандықтар, сол маман-дықтарға білім беретін профессор - оқытушылар құрамы, мамандық-тардың керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі, тұлғаны әлеу-меттендіруге байланысты іс - шаралар, оқу орнының әлемдік білім ме-кемелерімен байланыс т.б. жан - жақты ақпараттандырылған. Мек-тептегі кәсіптік бағдар беру тұлғаның мінез - құлқындағы, іс әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып, болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу арқылы тәуелсіз елімізді құзіретті кәсіби маман-дармен қамтамасыз етуге ықпал ететін негізгі жұмыс болып табы-лады. Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Тәрбие – тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі дегенді қалай түсінесіз? 2. Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігіне тоқталыңыз. 3. 12-жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері қандай? 4. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы, әлеуметтік белсенділігі дегенді қалай түсінесіз? 5. Тәрбиелік кеңістік – оқушыны әлеуметтендіру факторына талдау жасаңыз. 5 -тақырып. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ФОРМАЛАРЫ, ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
5.1 . Тәрбие әдістері жайлы түсінік.Педагогикада әдістер жүйесі туралы әр түрлі пікірлер орын алып келді. Ғалымдар «Әдіс де-геніміз - тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен рухани- адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы»,- деген анықтама беріп келді. Бұл жерде әдіс тәрбие құралы деген мағынаның синонимі ретінде алынып отыр. Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Ал, кейінгі шыққан оқу құралдарында тәр-бие әдістерін тәрбиенің тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қа-сиеттерді сіңірудің жолдарымен бірлікте алып қарастырады. Ең ал-дымен адамның жеке бас қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қа-лыптасады. Мысалы, оқушының айналамен қарым-қатынасы арқылы өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Ал ол қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы туындайды. Сондықтан оқушы білім мен тәрбие алуы үшін оны оқу мен қоғамдық іс-әрекетке белсенділікпен араласуын қарастыру қажет. Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақ-саттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер – тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тә-сілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жетуі үшін тәрбие-ленушімен бірге салатын соқпақ жол деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен соқпақ жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдері бірімен-бірі тығыз байланысты. Педагогикалық үдерісте баланың еңбексүйгіштік сезімі қалып-тасады. Мұның бәрі педагогтардан оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырып жүргізудің әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгеруін және оны тәжі-рибеде түрлендіріп қолдана білуін талап етеді.
5.2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Сендіру– тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйым-дастыру ісін олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасуымен тығыз байланыста қарастырады. Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық үдерістегі көп қырлылығы мен әсерлілігін Н.И.Болдырев бастаған педа-гогтар зерттеп, тереңдетті. Н.И.Болдырев «Сендіру - баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлықты қалыптас-тыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі»,- деп көрсетеді. Бұл әдістің психологиялық негізі - баланың іске асырғысы ке-летін іс-әрекетінің оның ой-санасында ерекше орын алуында жатыр. Сендіру арқылы тәрбиеші мен оның жолдастары тәрбие жұмысын ке-шенді түрде жүргізеді. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде: оқу ісін жекелеген ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен айтыстарда кеңінен қолданады. Cендіру әдісі - балаларды иландыру керек, кейбір нәрселерді ұғымды, түсінікті, иланымды етіп айту керек. Н.И.Болдырев: «Сендіру дегені-міз - тәрбиеленушінің санасына, сезіміне, еркіне әсер ету арқылы үнемі ақыл-кеңес беріп, оны жағымсыз қылықтарынан арылтып, жағымды моральдық санасын қалыптастыру мақсатын қояды. Бұл әдіс тәрбие-ленушінің көңіл-күйіне әсер ету арқылы жеке адам ретіндегі баланың сана-сезімін қалыптастырады» - деп көрсетеді. Сендіру барысында тәрбиеші оқушылар бойында әлеуметтік жә-не адамгершілік құндылықтары мен өмір шындығына қатынасын қа-лыптастырады. Оны қалыптастыру алынған ақпаратқа ғана тәуелді емес, сонымен бірге таңдап алынған әдіске байланысты. Иландыру материалдары дәлелді болып, оған олардың көзі жетсе, пікірталас барысында оқушы өз пікірін тиянақтап, меңгерген идеясы сенімге айналады. Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі. Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады. Жағымды өнеге көрсету әдісінің негізінде еліктеу жатыр. Еліктеу жоғары мұратқа қол жеткізетін жаңа іс-әрекет қалып-тастырады. Еліктеу арқылы жастардың әлеуметтік-адамгершілік қа-лыптары мен қоғамдық әрекеттері қалыптасады. Оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-адамгершілік тәжірибесіне, сана-сезіміне қа-рай еліктеу әрекеті өзгеріске ұшырайды. Жаттықтыру әдісі. Жеке бастық қасиеттерді қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі - жаттықтыру. Мінез-құлықты оқушы бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыруы үшін жаттықтыру, қайталап үйрету қажет. Жаттықтыру әдісі – тұлғаның бойына қажетті жағымды іс-әрекетті, мінез-құлықты сіңіру, оны қалыпты мінез –құлық дағдысына біртіндеп айналдырып қалыптастыру. Мадақтау және жазалау әдістері.Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп баға-лай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі. Ал, бұған қа-рама-қарсы жазалау, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал. Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, сөгіс жариялауы, педагогикалық кеңесте қарау, қиын балаларды тәрбие-лейтін арнаулы мектепке жіберу. Мадақтау да, жазалау да өте нәзік тәрбиенің қатаң әдісі болғандықтан, оны байқап пайдаланған жөн. Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі. Баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік ма-ңызы зор. Талап қою дегеніміз – баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою - баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бақылау әдісі дегеніміз - баланың іс-әрекетін, мінез-құлқын, белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Олбелгілі тапсырмалар мен талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орын-дату құралына баланың күнделікті мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмы-сын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, оқушының мұғалім мен жолдастарының алдында есеп беруі сияқты іс-әрекеттер жатады. Бақылау баланың іс-әрекеттерін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.Әңгімелеу - оқу материалын жүйелі баяндау. Көбінесе адамдардың өмір жолын баяндап, кейіпкерлерге сипаттама беруде, табиғи құбылыстарды және қоғамдық өмірді суреттеу барысында қолданылады. Әңгіме әдісіне белгілі талаптар қойылады: қисынды, бірізді, дәлелді баяндау; нақ-ты, бейнелі көтеріңкі көңіл-күймен әңгімелеу; оқушылардың жас ерекшелігін ескеру, әңгімелеу ұзақтығы бастауыш сыныпта 10 минут, жоғары сыныптарда 30 минуттан аспауы тиіс. Егерде әңгімелеу барысында оқушылардың түсінігі жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған жағдайда, оларға түсіндіру әдісі арқылы заң-дылықтар мен принциптерді, ереже мен тәртіпті сақтаудың маңызын көрсету керек. Тәрбиеші жеке тұлғаның санасын, олардың жас ерек-шеліктерін ескере отырып қалыптастырады. Түсіндіру кезінде сынып оқушыларының тұлғалық сапасы мен білім деңгейіне сүйенеді. Тү-сіндіру әдісін түрлі үлгілі-өнегелі қылықтарды қалыптастырып бекі-туде және болған оқиғаға оқушының қатынасын орнықтыру үшін қолданылады. Әңгімелесу - оқушылар ұжымының өмірі мен мүддесіне сай та-қырыптарды талдауға, оларға белсене араласып, қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауға негізделеді. Қазіргі кезеңде бұл әдіс көбінесе мұғалім мен оқушылар арасында сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Әңгімелесудегі ең басты нәрсе, сұрақтарды жүйелі түрде қою арқылы жаңа түсінік қалыптастыру. Жеке әңгімелесу көбінесе тәртіп бұзу, оқушылар арасында қайшылықтар туған сәтте қолданылады. Бұл әдісті қолдану үшін алдын ала жоспар құрылып, белгілі жүйемен жүргізілуі тиіс. Әңгімелеу мен әңгімелесу әдістері танымдық дәріс әдісіне дая-рлайды. Мектептегі дәріс көбіне әңгімеге жақын бола тұрып, ақпа-раттық-танымдық көлемі жағынан, қисынды құрылымы, дәлелді, жал-пы қорытынды жасау және ұзақтығымен ерекшеленеді. Дәріс көбінесе жоғары сыныптарда, оқу орындарында қолданылады. Дәріс жүйелі ау-қымды түрде әлеуметтік-саяси, адамгершілік, эстетикалық және басқа да тәрбие түрлерінде, сыныптан және мектептен тыс оқу-тәрбие жұмы-сында кеңінен қолданылады. Пікірталас - әдісі оқушылардың таным-дық және әлеуметтік белсенділіктерін арттырады. Пікірталас оқушы-лардың назарын түрлі көкейтесті мәселеге аударып, оны ойланып не-гіздеуге бағыттайды. Сонымен бірге оқушылардың кейбір құбылыстар жайлы пікірін негіздеуіне мүмкіндік береді.Пікірталас әдісін ұйым-дастыру үшін талқыланатын мәселеге міндетті түрде екі түрлі қайшы пікір болуы абзал. Пікірталас нәтижесінде мұғалім тұжырымды қоры-тынды жасауы тиіс. Тәрбие әдістерінің Г.А.Щукина жасаған жіктемесі кешенді си-патқа бағытталып, тәрбие әдістерінің мақсаттық, мазмұндық, әдіс-темелік жағын қарастырады. Осыған орай, тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді: Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері – сендіру (әң-гімелеу, түсіндіру, түсініктеме беру, дәріс, этикалық әңгіме, иландыру, нұсқау беру, пікірталас, баяндама, үлгі көрсету). Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптас-тыратын әдістер – жаттықтыру, үйрету, педагогикалық талап қою, тапсырма беру, тәрбиелік жағдай тудыру. Тәртіпке, іс-әрекетке түрткі тудырып, ынталандыратын әдістер – жарыс, мадақтау, жазалау т.б.
5.3. Оқушының жағымды тәжірибесі мен мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері.Адам еңбек, таным, қарым-қатынас субьек-тісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Оқушыға субьект ре-тінде шындықтың ғылыми негізін меңгертіп, қызығушылығы мен сезі-мін арттырып, жаңа қажеттіліктер қалыптастырып, ерік пен күш-қуа-тын белсендіретін жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытып жетілдіру көзделеді. Қоғамдық қатынастар мен қоғамдық тәртіпті оқушылар іс-әрекет арқылы меңгереді. Кез келген қызмет операция мен іс-әре-кеттен тұрады. Операциялар - іс-әрекет арқылы жүретін үдерістер. Іс-әрекеттер – қызмет мотивімен анықталатын үдерістер. Тәрбие үде-рісінде педагог басқару операцияларынан іс-әрекетті басқаруға, онан кейін қызметті басқаруға көшеді. Педагогикада іс-әрекет пен қоғамдық-мәдени тәжірибені бас-қарудың заңдылықтары бар: -қоғамдық мақсаты бар әрекеттің бәрі оқушыны дамытатын және тәрбиелейтін мүмкіндіктерге ие. Сондай кез келген әрекеттің тек өзіне тән білім, біліктері бар. Бір әрекет түрімен бүкіл дүниені мең-герту мүмкін емес, сондықтан да тәрбиеде кешенді әрекеттер жүйесі қолданылады; - оқушының «жеке басы үшін маңызды емес» кез келген қоғам-дық әрекет түрі (А.Н.Леонтьев) оның дамуына ықпал жасамайды. Ол үшін қоғамдық қатынас жеке бастық қатынасқа айналса ғана өзінің мәнін ашады; -оқушыларға педагогикалық ықпал жасау, мақсат пен әрекет түрін таңдауды қалыптастырады. Мақсат үнемі нәтижені алдын ала белгілеп отырады (П.К.Анохин). Адамның көздеген мақсаты оның әрекет тәсілі мен сипатын анықтайтын күш болып саналады; - оқушы тұлғасын қалыптастыруға таңдалып алынған іс-әрекет нәтижелі болуы үшін, педагогикалық құралдарды қолдану тәсілдері анықталуы шарт. Педагогикалық құралдарда қоғамдық мәдени тәжі-рибені қалыптастыратын үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылуы тиіс. Үйрету балаларды дамыту үшін жас кезінен бастау керек. Бұл әдісті қолдану үшін педагогикалық талаптаррды орындау қажет. Үйре-тілетін нәрсе нақты болуы тиіс. Кез келген әрекетті үйрету үшін оны қысқа және нақты түрде көрсеткен жөн. Әр уақыт кезеңінде белгілі әрекет түрі үйретілуіне оқушының іс-әрекет формаларын қалыптас-тыруға болады. Тәжірибелі педагогтар іс-әрекет түрлерінің үлгілерін көрсетіп, соған байланысты көңіл-күйді тудырады. Үйрету барысында әдет қалыптасады, оны қарқындатудың пайдасы жоқ. Бастапқыда қа-жетті әдеттер қалыптастырғаннан соң оны жылдам орындауға дағды-ландыруға болады. Үйрету әдісі үнемі тәрбиешіден бақылауды және оқушыдан өзін-өзі бақылауды қажет етеді. Үйрету әдісі оқушының жа-сына, өскен ортасына және тәрбиесіне байланысты. Қоғамдық қылық-тар формасы қалыптасқан оқушылар кез келген жағдайда өзін ұстай біледі. Жаттықтыру әдісі үйретумен тығыз байланысты. Мектеп өмі-рінде оқушы бойында қалыптасқан қоғамдық қатынастарының берік-тігі көрініс береді. Педагог кез келген жағдаяттан шығудың тиімді жолдарын қолдана біледі. Жағдаяттағы қайшылықты тез тауып, оның себептерін айқындап, шешім қабылдауына болады. Бірақ та ойлы педа-гог өз тарапынан оқушыға ықпал етіп, шешім қабылдау жағдаяттарын ұсынуы да мүмкін. Оны тәрбиелік жағдаяттар, ситуациялар деп атауға болады. Тәрбиелік жағдаяттар да өз мәнінде жаттықтыруға жатады. Бұл жағдайда оқушы түрлі варианттардан өзі таңдауы бойынша шешім қа-былдауы тиіс: өзіне берілген мүмкіндікті пайдалануы басқаға өз орнын беруі, пікірін айтпауы, шындығын айтуы немесе «білмеймін» деп жауап беруі. Мұғалім ұсынған жағдаят, яғни ситуацияда оқушы өз ойында түрлі варианттардың шешімін ойластырып, сол жағдайға бай-ланысты өз шешімін айтуға мәжбүр болады. Мұғалім ұсынған ситуа-ция оқушылардың адамгершілік қылықтарын тек ақылмен ғана емес, жүрек, сезім тарапынан да шешім қабылдауын талап етеді. Педагогикалық талап қою әдісі. Оқушыны дамытудағы мұғалім тарапынан қойылатын талап біртіндеп оқушының өзіне-өзі талап қою жауапкершілігіне айналуы тиіс. Талап қою педагогикалық үдерістің ішкі қайшылықтарын, оқушылар тәртібін, қарым-қатынасын ашып көрсетіп, оны жетілдіруге ықпал етеді. Талап қою әдісі тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Ұжымдық пікір ұжымдық талаптан пайда болады. Тәжірибелі педагог ұжымның бағасын, талқысын, ұжымның талабын, қоғамдық пікірін белсенді тәрбиелік күш ретінде қолдана алады. Талап қою мек-тептің ішкі ережесімен, білім, білік, дағды өлшемдеріне сәйкесуі абзал. 5.4.Тұлға тәрбиелігінің диагностикасы.Диагностика (грек сөзі – диа – айқын және гнозис - білім) зерттелініп отырған обьекті немесе үдеріс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы әдісі. Мысалы, әлемдік тәжірибеден адамның тұлғалық дамуын анықтау үшін арнайы жасалған тесттер (өлшемдер) қолданылады. Ол дамудың жалпы және арнаулы сапаларын өлшейді. Ұсынылған тапсырмаларды адамның қа-лай орындауына байланысты жан-жақты дамудың нақты өлшемдеріне орай қол жеткен деңгей туралы қорытынды жасалады. Сонан кейін алынған мәліметтер тұлғаның жалпы дамуының жас ерекшелік мүм-кіндіктерімен салыстырылады. Мысалы, оқушының дене күшіне се-німділігін арттыру үшін әдетте денсаулығы жайын кешенді түрде тек-серу, антропометрикалық, әлеуметтік және психикалық мәліметтерді жинау пайдаланылады. Алайда, ол арнаулы жабдықталған клиникалар мен лабороториялардың, арнайы даярланған қызметкерлерінің болуын талап етеді. Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері үшін басты мақсат –оқу-шылар ұжымын зерттеу, олардың ақыл-ойын, мінез-құлықтың өзгеру себептерін, талаптану деңгейін, белсенділігін, тұлғааралық қа-тынастарын, әлеуметтік мінез-құлқының және басқа да маңызды сапа-ларының дамуын білу болып табылады. Бұл жағдайда тұлғаның қажет-ті сапаларын зерттеп білудің барынша кең тараған түрі - тестімен жұ-мыс жүргізу. Тәрбие ісі қарама-қайшы және ұзақ үдеріс екені белгілі. Тәрбиелік үдеріс нәтижелері деп тұлғаның немесе ұжымның қол жеткен тәрбиелік деңгейін айтамыз. Оның жоспарланған іске сәйкес болуы немесе одан ерекшеленуі мүмкін. Ұжымның тәрбиелік деңгейін анықтауға диагностика көмек-теседі. Диагностикалық зерттеудің мәліметтері тәрбиеленушілердің бастапқы сипаттамаларымен салыстырылады, бастапқы және ақтық нәтижелер арасындағы айырмашылық тәрбие үдерісінің тиімділігін ай-қындайды. Тәрбиелілік қалай айқындалады? Тәрбиенің қол жеткізетін нә-тижелерін айқындау үшін тәрбиелік өлшемі пайдаланылады.Тәрбие-лілік өлшем - ұжымның немесе тұлғаның түрлі сапаларының қалыптасу деңгейінің теориялық тұрғыдан жасалған көрсеткіштері. Әдетте олар, атаулар шкаласы деп реттелінеді. Егер тәрбиелік сапаның қалып-тасу дәрежесіне шартты сандық баға алынатын болса, онда оқу ісінде қол жеткізген табыстар тестін жүргізу кезінде жасалатындай, тәрбие-лілік деңгейін сандармен көрсету арқылы салыстыру есебін жүргізуге болады. Осы күнге дейін педагогикада тұлғаның немесе ұжымның бар-лық сапасын қамтитын тәрбиелік өлшемін жасау тың мәселе ретінде қалып отыр. Тәрбиеліліктің көптеген өлшемдерінің ішінен екі топты, маз-мұндық және бағалау деп бөліп алуға болады. Біріншісі зерттелінетін сапаның көрсеткіштерін бөліп алумен, екіншісі - (диагностика жасала-тын) анықталатын сапаның қарқынды тепе-тең көрінісін жазып алу мүмкіндігімен байланысты. Соңғы нәтижелердің диагностикасы – тұлғаның немесе ұжым-ның тәрбиелілік деңгейі үшін тағы да жалпы өлшемдерді, жекелеген қасиеттерді, белгілерді және сапаларды айқындаумен байланысты ара-лық нәтижелерді талдау үшін жекелік өлшемдері. Біріншісі мақсатты айқындауға арналып жазылған талаптарды, екіншісі – тәрбиелік үдерістің нақты міндеттерін көрсетеді. Бағытты-лығы, әдісі және өлшемді қолдану орны жөнінен тәрбиелілік шартты тұрде екі топқа бөлінеді: - тәрбие нәтижелерінің сыртқы пішінінде - пікірлесуде, баға-лауда, мінез-құлықтарда, тұлғаның әрекеттерінде көрінумен байла-нысты; - тәрбиешінің көзінен тыс құбылыстармен – дәлелдермен, се-німдермен, жоспарлармен, бағалармен байланысты болады. Оқушылардың тәрбиелілік дәрежесін аныктау, олардың білімі мен мінез-құлқының біздің демократиялық құқылық қоғамда қабыл-данған негізгі өлшемдерге сәйкес келетінін, не келмейтінін айқындау болып табылады.
|
|||
|