|
|||
Білім беру мазмұнындағы дүниетанымдық идеялар жүйесі.Білім беру мазмұнындағы дүниетанымдық идеялар жүйесі. Дүниеге көзқарас – дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философия-лық білімді, ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге болмысты танудың жалпы әдістер жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады. Әр адамның дүниетанымдық көзқарасы ұзақ та күрделі зияттық әрекет. Олар адамның рухани мәдениетінің негізін құрап, ұстанымдарын, ар-ұят, намысын анықтай-ды. Сенім – көзқарастың ең жоғары күйі. Сенім білім сияқты обьек-тивті шындықтың субьективті көрінісі, адамдардың ұжымдық тәжіри-бесін меңгеруінің нәтижесі. Сенім жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Сенімге айналған білім мен биік мұрат дүние мен адамды өзгертеді. Сенім жеке тұлғаның рухани құндылықтары пен бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілектері мен қажеттілігін, сезімі мен мінез-құлықтарын анықтап, біртұтастықты реттейді, яғни жүйелеушілік қызмет атқарады. Сенім жеке тұлғаның іс-әрекетін, болашақ өмір жолын анық-тайды. Сенім – жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарас-тарына сәйкес әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі. Сезім – сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу - таным қуанышы мен ақиқат шындығы, сұлулыққа сүйсіну мен оған берілгендік, әлеу-меттік оптимизм мен мақсаттылық сияқты зияттық сезімдермен бай-ланысты. Қажымас ерік-жігер – дүниетанымның маңызды құрамы. Се-нім адамды әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен ғана шектеліп қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әре-кетпен біріктіреді. Дүниетанымның құрамды бөлігі ретіндетеориялық ойлау - адамның білімді, болмыс құбылыстарын шығармашылықпен ұғынуы, дүниетанымды мейілінше жетілдіріп, ерік-жігерді, сенімді іске асыру-ға бағыттау қабілеті. Биік мұрат өмірлік мақсат рөлінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі саналады. Биік мұрат сананың құрамында сенім сипатына ие болғанда дүниетанымға айналады. Дүниетанымның тағы бір құрамдас бөлшегі - дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұратқа сәйкес әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік. Жеке тұлғаның құндылық бағдарытұлғаның адамгершілік са-насында, мінез-құлық пен іс-әрекеттерінде, арман-мұраттары, жақсы-лық, әділеттілік, бақыт, өнегелік ұстанымындарында көрініс береді. Құндылық бағдар адам мінез-құлқының маңызды қозғау-шы күші болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анық-тайды. Адамның құндылық бағдары мен мотиві арасындағы байла-нысын адамның қажеттігін қанағаттандыруға, яғни қажетті обьектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. Құндылық бағдары субьектінің іс-әрекетінің мотивін анық-тайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағдары адамның қажеттіліктері мен қоршаған ор-таны байланыстырушы буын болып табылады.Құндылық-теориялық таным ретінде субьектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеу-меттік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан тұратын қатынас. Сананың құндылық бағдары, яғни, логикалық-әдіснамалық өлшемдері негізіндегі көзқарас, дә-лелді білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалынып алынады. Санадағы құндылық - обьективті шынайы заттық білім, шы-найы, дұрыс ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады. Жеке тұлғаның құндылық бағдары адамгершілік сананың тиянақты және терең көрінісі. Ол жекелеген іс-қылықтар мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында, жеке тұлғаның бастапқы өнегелік ұстанымын іске асырады. Құндылық бағдар тәрбиелік ық-палдардан тұратындықтан жеке тұлғаның интегралды көрсеткіші болады.
3.3. «Мәңгілік ел» идеясының ұстанымдары. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының үздіксіз білім беру жүйесінде іске асуына байланысты атқарылып отырған шаралар тарихымыздың өткені, бүгі-ні, болашағын сабақтастыра отырып білім беру мәселесі басты бағыт болып табылады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының даму мен қалып-тасуына тоқталатын болсақ сақ, ғұн, түркі елінің батырлары Құлтегін, Тоныкөк батырлардың ерен ерліктерінен бастау алатынын, Түркі қаға-наты тұсындағы түркі жұртының қайталанбас даналығы мен көреген-дігінен нақты көре білуге болады. Қоғамның алдында тұрған негізгі мұрат бабаларымыз арман-даған мәңгілік ел идеясын дамыта отырып іске асыру. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі көрсеткішіеліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау, бабаларымыз аманаттаған ұлы даланы ұрпағына аманаттау, сол ұлы даланы мекен етіп отырған халықты бәсекеге қабілетті, әлемдік тех-никалық прогресс көшіне ілесе алатын, рухы биік зиялы ұрпақты қа-лыптастыру болып табылады. Идеяны іске асыруда отбасында бастау алған тәрбиелік құндылықтар үздіксіз білім беру жүйесінде табысты нәтижеге жетуі керек. Ұлттық көзқарасты қалыптастыратын тарихтан басқа, рухани көркем туындылар ұлттық мүддені алдыңғы қатарға шығарып, ұлттық танымға қызмет етуі тиіс.
3.4 Тұлғаның интеллектуалды даму деңгейі –оның дүние-танымының қалыптасу көрсеткіші.ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру, 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономи-каның және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам, бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұлтты құруды көздейді. «Интеллектуалды ұлт-2020» мемлекеттік бағдарламасы интел-лектуалды ұлтты қалыптастырудың индикаторы болып табылатын ұлттық экономикамызды дамыту, халықтың әл ауқаты, медицинамен және тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етілуі, білімге қолжетімдігі т.б. жобада нақты ашып көрсетілген. Бүгінгі студент жастар мен болашақ маманның алдына қоғам-ның демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты үдерісін, түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулы-ғын,қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге бағыттай-тын және қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптасты-руға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға нақты тапсырмаларды ұсынады. «Интеллектуалды ұлт-2020» атты ұлттық жобаның басты идея-сы - Қазақстандағы халықтарға жаңа үлгідегі тәрбие беру мен, Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы жоғары деңгейдегі елге айналдыру бағытымен байланысты. Осыған орай адамның интеллек-туалды әлеуетін дамытудың қажеттілігі мен адами капиталының құн-дылығы өркениетті қоғамның базалық құрамы ретінде өзектендірілуде. Мәселенің маңыздылығы Н.А.Назарбаевтың «Бізге ұлттық интеллекті-нің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек», – деп атап көрсеткен тұжырымдарымен тікелей байланысты. «Адами капитал» ұғымы-ХХ ғасырдың 60-жылдарында пайда болған экономикалық категория. Адами капиталдың сапасы өндірісте болсын, елдің дамуында болсын шешуші фактор болып табылады. Әр елдің экономикалық тұрғыдан дамуы оның жер асты байлықтарымен, пайдалы қазбаларымен, экологиялық қорларымен, материалдық құн-дылықтарымен емес, керісінше адамдардың білім мен іскерліктері сапасына байланысты бағалануда. 3.5 Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі.Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігіне аса мән беріледі.Қазақ қоғамының отбасындағы өмір салты бұрынғы дәстүрлі отбасындағы өмір салтынан өзгеше қалыптаса бастады. Әсіресе индустриалды қоғамға еніп, технологиялық дәуірге ауысқаннан кейін, отбасының құрылымына, отбасылық құндылықтарға деген көзқарас та өзгеріп бара жатыр. Отбасында өскелең ұрпақты ұлттық мұрат негізінде тәрбиелеу керектігі, бүгінгі маңызды мәселелердің бірі. Сондық-тан да, отбасындағы ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін арттыру, ондағы ұлттық дәстүрді сақтау да өте маңызды. Жастардың санасында отбасылық құндылықтарды орнықтыру, отбасын құруға жауапкершілік қатынас қалыптастыру, отбасынан қол-ға алынуы қажет. Отбасында қалыптасатын іргелі құндылықтар мейі-лінше жас ұрпақ санасына сіңірілуі тиіс. Адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі - отбасы бақыты екені жас ұрпақ санасынан орын алуы тиіс. Қазақ қоғамы, ұлт болашағы - мықты отбасынан бастау алады. Тәрбие мәнін, оның қоғамдық құбылыс екендігін төмендегідей негізгі белгілері сипаттайды: - тәрбие жас ұрпақтың өмірін іс-тәжірибені игеруі арқылы өндіріс жағдайына бейімделуі, қатынасуы, аға ұрпақтың өндірісте орнын басуы, оларды алмастыру қажеттігінен туды; -тәрбие мәңгілік, қажетті, жалпы, тарихи, таптық категория. Ол адамзат қоғамы пайда болысымен пайда болды, әрі қоғам өмір сүрген кездің бәрінде өмір сүре береді. Ол қажет, себебі қоғам өмір сүруінің қоғамдық сабақтастығының, әрі ұрпақтар жалғастығын қалыптастырудың, адамды дамытудың құралы. Тәрбие категориясы жалпы: онда қоғамдық құбылыстардың өзге де құбылыстармен заңды байланысы мен бір-біріне тәуелділігі көрінеді. Тәрбие адамды біртұтас оқыту мен білім беру негізінде әлеуметтендіруді іске асырады. -тәрбие әрбір қоғамдық тарихи даму кезеңінде өзінің орны, мазмұны мен түрі жағынан нақты тарихи сипатта болады. -жас ұрпақ тәрбиесі олардың әлеуметтік тәжірибенің негізгі әрекеттерін игеруі арқылы жүзеге асады. Мектеп пен отбасының өзара біріккен әрекет тәрбиелік қаты-настар- тәрбиеленуші мен тәрбиелеуші тұлғаның тұтас педагогикалық үдерістегі және отбасының өзара әрекетінің байланысы арқылы іске асады: ата-аналар комитеті, ата-аналар жиналысы, диспут, дөңгелек үстелдер, семинар, конференциялар т.б.
|
|||
|