Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ІІІ бөлім. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ



ІІІ бөлім. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

1 тақырып. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ (ТПҮ) МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1. «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары.Оқыту мен тәрбие үдерісін ажырамас бірлікте қа-растыру идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді. Біртұтас педагогикалық үдерістің мәні туралы түсінік ғалымдар-дың XIX-XX ғасырларда арнайы зерттеулерінің нәтижесінде қалып-тасты. Ал «педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді. «Педагогикалық үдеріс – өзінің та-биғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». Ол педагогикалық үдеріс пен тәрбиені үйлесім-дікте, яғни педагогикалық үдерісті тұлғаның жан-жақты жетілу үдерісі ретінде қарастырды. П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсін-діріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті

Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбие-нің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников). Біршама кейін педагогикалық үрдерістің құрамдас бөлігі оқыту үдерісі заңдылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті. ХХ ғасырдың соңғы жыл-дарында біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғалымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.

М.А. Данилов «Педагогикалық үдеріс – көптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні тәрбие арқылы адамның әлеу-меттік құнды тәжірбиесі қалыптасушы адамның сапасына айналатындығы» деген анықтама береді. Педа-гогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Педа-гогикалық үдерістің барлық құрауыштары  бір мақсатқа бірігеді: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық үдерістің тұтас-тығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігі-мен және нақты оқу-тәрбие үдерісінің барысымен сипатталады

 «Педагогикалық үдеріс» ұғымының даму динамикасын қарас-тыралық.Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.А.Сорокиннің «Педаго-гика» оқулығында педагогикалық үдеріс қандай да біртұтас қасиетте-рімен сипатталады: тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту үдерістерін өза-ра органикалық бірлікте қарастырады, оның құрамына кіретін барлық үдерістерді өзара бірлікте қарайды: оқыту мен тәрбие әдістерінің бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік береді, түпкі нәтижесі – тұлғаның бәсе-кеге қабілетті, инновациялық ойлауының дамуына бағытталған тұжы-рымдаманы мектептегі педагогикалық үдерісте жүзеге асыру; педаго-гикалық және оқушылар ұжымын тұтас жалпы мектептік ұжымға бі-ріктіреді, тұтас мектеп ұжымы оқушының нәтижеге бағытталып да-муында субъект рөлін атқарады, педагогикалық үдеріске оның тұтас-тығын қамтамасыз ететін заңдылықтары мен ұстанымдары тән», -делінді.

 

1.2.Педагогикалық үдеріс - әлеуметтік жүйе.И.П.Подласыйдың пікірінше, педагогикалық үдеріс - әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байла-нысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-әре-кетінің объектісі ретінде қарастырылады. Оның барлық құрамала-рының бір мақсатқа бағынатынын айқындайтын тұтастық, ортақтық, бірлік – педагогикалық үдерістің басты сипаттары.

Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттері.Ға-лымдар тұтас педагогикалық үдерістің бірқатар қасиеттерін былайша сипаттайды:

1) педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қыз-мет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады;

2) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық үдерістегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының шарттарын бейнелейді;

3) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық үдеріс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі бары-сындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;

4) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әр-түрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйе-лердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъек-тілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен сипатталады.

 

1.3.Білім беру парадигмасы және субъект-субъектілі қаты-нас.Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы әлемдік білім кеңістігіне енудегі өркениетті дамудың маңызды жақтарының бірі бо-лып табылады. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметі бүгінгі күні бі-лім беру парадигмасына сай ұйымдастырылуды талап етеді. Сондық-тан білім беру парадигмасының нақты мәнін зерделеу қажет. Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар береді. 

Білім беру және педагогика сөздігінде «парадигма (бейне, үлгі, мысал деген грек сөзінен шыққан) - сол кезеңдегі ғылым дамуының, ғылыми зерттеу стандартының, алынған мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған тео-риялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема». Парадиг-маны ғылыми термин ретінде енгізген Т. Кун, оның ғылымды тану тұжырымдамасында «парадигма танымал болған ғылыми жетістік-тер» деп түсіндіріледі, яғни берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер жүйесі); қоғамдағы ғылыми қауымдастықта басым болатын зерттеу әдістерінің, мәселені қою мен оларды шешудің бастапқы тұжырым-дамалық сызбасы, моделі.

Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып, философтар пара-дигманы ғылымның нақты саласының белгілі бір даму кезеңіндегі тео-риясының қолдану тәсілдері ретінде қарастырады.Логикада парадигма ғылымның дамуындағы белгілі бір кезеңдегі ғылыми зерттеуге қажет үлгі, модель, стандарт, ғылыми таным үдерісінде туындаған мәселе-лерді болжау және шешуге арналған түсіндіру, бағалау және ғылыми мәліметтерді жүйелеу ретінде пайдаланылатын ғылыми қоғамдастықта қабылданған теориялық және әдіснамалық ережелердің жиынтығы ретінде айтылады. Психологияда парадигма белгілі бір тарихи кезең-дегі берілген білім аймағындағы (пәндік) ғалымдардың зерттеушілік тәжірибесінің үлгісінде ұйымдастырылған негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі ретінде зерделенеді.

Әлемдік педагогика ғылымы үшін білімнің өркениет дамуын-дағы жалпы жағдайымен және жүріп жатқан үдерістермен байланыс-тылығы мен сәйкестігі кең өріс алуда.

Ғалым педагогтар педагогикалық үдерістегі үш парадигмалық кеңістікті атап өтеді. Ең байырғы генетикалық парадигманы олар «дәстүрлер парадигмасы» деп атайды. Бұл парадигма әртүрлі тарихи және мәдени жағдайларда дәстүрлілікті сақтауды қолдайды.

Бұдан кейін келген ғылыми–техникалық парадигма материал-дық құндылықтар, ғылым мен техниканы дамыту, соған сәйкес нақты ғылымдардың үстемдігі негізінде құрылған. Технократтық логика ұс-танымдарына сәйкес бұл оқыту парадигмасына көшірілді. Осы ғылыми-техникалық прогресте жетістікке жеткізгенімен онда физиология, пси-хология мен адамгершіліктің астарларына, оқушының жан дүниесін-дегі құбылыстарға бойлауға орын берілмегені белгілі болды.

Уақыт өте келе парадигма категориясының талаптары ғылым-нан білім беру үдерісіне көшірілді. Демек, білім беру үдерісінің негізі-не ғылыми жетістіктерді енгізу ғалымдарды парадигманы тек ғылымда емес, білім беру тәжірибеснде пайдалануды негіздеді. Сол себепті адамның әлеуметтік мәдениетте дамуы барысында білім берудің гума-нитарлық парадигмасы қалыптасты. Бұл парадигма аясында кәсіби педагогиканың құндылық негізі – нақты адам, оның ішкі әлемі, та-нымының ерекшелігі болып табылады. Мұндағы басты басымдылық – оқушыны адам, жеке тұлға деп қабылдау, оның көзқарасымен, пікірі-мен санасу, адами қарым–қатынас жасау. Гуманитарлық парадигма-ның ерекшеліктерінің бірі – мұғалім мен оқушы арасындағы мәнді құндылықтардың теңдігі.

Педагогикалық үдерісті жаңа парадигмаға сәйкес нәтижеге қа-рай бағыттау өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:

– белсенділік пен қатынастың бірлігі, үдеріске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс-әре-кеттері;

– әр түрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы;

– субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.

 

1.4.Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі – іс-әрекет субъектісі ретінде.Кәсіби-педагогикалық әрекет педагоги-калық үдерістің бір бөлігі болғандықтан, ол мұғалімнің кәсіби-дидак-тикалық құзыреттілігінің негізі болып табылады.

Осыған байланысты, педагогикалық жоғары мектеп алдында пе-дагогикалық міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті кәсіби құзыретті педагог дайындау міндеті тұрғаны айқын. Олар төмендегі педагоги-калық міндеттерді шеше алатындай болуы керек:

- рефлексивті–талдау (тұтас педагогикалық үдерісті, оның эле-менттерін, туындаған қиындықтарды талдау және қорытынды жасау т.б.);

- жобалау – болжау (тұтас педагогикалық үдерісті құру, жос-парлау, нәтижені және алынған шешімдердің салдарын болжау);

- ұйымдастырушылық - әрекеттік (оқу - тәрбие үдерісінің әр-түрлі нұсқаларын іске асыру, педагогикалық әрекеттің әралуан түрінің сәйкестігі);

- бағалау – ақпараттық (педагогикалық жүйенің даму болашағы туралы ақпарат жинау,өңдеу, сақтау және оны бағалау);

- түзету – реттеу (педагогикалық үдеріс ағымын түзету, қажетті коммуникативтік байланыстар орнату, оларды реттеп отыру және қолдау).

Н.В.Кузьминаның еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің пси-хологиялық құрылымына сипаттама беріледі. Ол барлық студенттің педагогикалық мамандыққа бағыттылығын және педагогикалық икем-ділігін қалыптастыруды педагогикалық меңгерудің маңызды міндетте-рінің бірін санайды. Сонымен қатар маман дайындаудың тиімділігін арттыру үшін студенттерді болашақ кәсіби іс-әрекетінің құрылымына икемдей отырып, мұғалім тұлғасын қалыптастыру үдерісін қарастыра-ды. Педагогикалық қабілетке ол педагогикалық байқампаздық, педаго-гикалық қиял, педагогикалық такт, назар аудару, көңіл қою және талапшылдықты жатқызады.

П.Я. Гальперин еңбектерінде іс-әрекеттің психологиялық құры-лымы туралы жалпылама көзқарас негізінде педагогикалық іс-қимыл-дың құрылымы қарастырылады. Олар: 1) оқушыларды алдағы жасала-тын іс-әрекетке ынталандырып, қызығушылық туғызу; 2) мақсатты орындауға дайындық; 3) іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті білім, біліктерін тексеру; 4) іс - әрекеттерді ұйымдастыру; 5) білім, білік жә-не дағдыны бекітуге арналған жаттығулар; 6) іс-әрекеттің орында-луын бағалау және нәтижесін тексеру, оған оңды қарым–қатынас қалыптастыру.

Нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесіне көшу – педа-гог мамандарды кәсіби дайындаудың мақсатын, мазмұнын және ұйымдастыру технологиясын жаңа деңгейге көтеріп, одан әрі жақсар-туды талап етіп отыр.

Қазіргі заманғы мұғалімді кәсіби дайындау деп мұғалім бойына уақыт талабына сәйкесті математикалық, тілдік, психологиялық – пе-дагогикалық және әдістемелік білім мен біліктер жиынтығын қалып-тастыруды түсінеміз. Педагогикалық үдеріс - субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.

 

1.5.Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері.Оқыту мен тәрбие үдерісін ажырамас бірлікте қарау идеясы XIX ғасырдың орта-сында өмірге келді. Қазіргі кезеңде педагогикалық үдеріс немесе жалпы оқу тәрбие үдерісі біртұтастықта қаралады. Біртұтастық дегеніміз – оқу мен тәрбиенің олардың мақсаты, міндеті, мазмұны, әдісі, құралы, түрі, ұстаз бен шәкірт, шәкірт пен ата-ана, сынып жетекшісі мен сы-нып ұстаздары, қоршаған орта, тәрбиенің мазмұны және т. б біртұтас-тықта алынып, жеке-жеке қаралады.

Ғалымдар М.А. Данилов, В.С. Ильин, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев, Н.В. Кузьмина, Ю.П. Сокольников, Н.Д. Хмель педагогикалық үдерістің тұтастығын түрлі әдіснамалық тұғырлар тұрғысынан түсіндірді.

Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс аймақ бірлікте-рінің қажеттігі туындады, ал ол оқушылар үшін тұлға қалыптасуының басты жағдайы болады және сол үдерістің біртұтастығын көрсетеді.

Педагогикалық үдеріс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту мәселесі шешіледі.

Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты - пәнаралық бай-ланыс. Бүгінгі мектеп оқушысының жалпы және психикалық дамуы-ның жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен, білім берудің мақсаты түбегейлі өзгеру керек: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде рухани дүниесі бай және адам-гершілігі мол, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылық-тарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру білім мазмұнын таңдауда қатаң ескерілетін мәселе екенін баса айтқан жөн.

Мектеп оқушысының жас ерекшелігіне сай таным мүмкіндігін және оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланғанын ескерсек, онда бұл сатыда оқылатын пәндерді ғылымдар негіздері тү-рінде қарауға болмайтыны түсінікті: мұнда негізінен, оқушыда мәде-ниеттің базистік қырларын қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осымен байланысты, білім мазмұнын былайша жіктеуге болады: ком-муникативтік мәдениет (ана тілі), ақыл-ой мәдениеті (математика, жа-ратылыстану), эстетика және адамгершілік мәдениеті, еңбек мәдениеті, дене тәрбиесі. Оқушылардың психикалық дамуындағы негізгі әрекет-оқу әрекеті. Мұнан басқа дамыта оқытуды ұйымдастыру, баланың же-ке тұлғасы мен оның ерекшеліктерін танып білу бастауыш сынып мұ-ғалімінен педагогика, психология, практикалық психологиядан терең білім мен білікті талап етеді. Сондықтан, мұғалімге қолданыстағы оқы-тудың түрлі әдістемелік жүйесін, технологиясын, оқулық пен оқу бағ-дарламаларын саралап пайдалана білуі үшін жаңа тұрпаттағы әдісте-мелік даярлық, кәсіби – дидактикалық құзыреттілік керек.

Замануи мектеп алдында тұрған осындай жаңа мақсат, міндет-тер болашақ мұғалімдерден оқу–тәрбие үдерісіне әдістемелік талдау жасап, ондағы нақты мәселелерді анықтап, оны өз бетінше шеше білу қабілетінің болуын, яғни жақсы дамыған шығармашыл ізденім-паздық, ғылыми – зерттеушілік қабілетінің болуын талап етеді. 

Пәнаралық байланыс оқушылардың жеке тұлғасын дамытуда, білім мен тәрбие беру міндеттерін шешуде де өте маңызды болып табылады және педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізде ұйымдастырылуына көмектеседі.

Мектепте пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйым-дастырып, жүргізіп отыру – оқушыларға ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім беруді дамытудың қажетті шарты.

Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне сәйкес дүниеде барлық заттың, құбылыстың бірімен–бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де тығыз байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Философия адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бір-лігі ретінде қарастырады.

Психологтар оқушылардың пәнаралық байланыс арқылы әр түр-лі пәндердегі қабылдауды олардың білімдерін бір жүйеге түсіріп, ақыл-ойына серпіліс туғызып, таным әрекетіне шығармашылық сипат береді деп тұжырымдайды. Сондықтан, пәнаралық байланыс ақыл-ой әрекетінің психологиялық және физиологиялық негізін, ми қыртысы-ның жүйелік ұстанымын ескергенде ғана жүзеге асады. 

Пәнаралық оқытудың қазіргі оқыту–тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесетіні ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дәлелденген. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсінуі, олардың ақыл-ойына серпін тудырып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық білімдерін жүйелейді. Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың да-мытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі обьективті түрде кеңейіп, дамып отырады.

Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық бай-ланыс идеясы - тарихи дамуда дәлелденіп, педагогиканың, оның ішінде пәннің оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс заманауи мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.

Оқу пәндері мазмұнында пәнаралық байланыстардың алатын өз орны бар. Өйткені олар аралас пәндердің жалпы бip бөлімі болып табы-лады және пәндердің өзара сіңісуін көрсетеді. Пәнаралық байланысты мазмұны бойынша төмендегіше төрт түрге бөлуге болады:

а)түсініктердің, заңдылықтардың және теориялардың жалпыға ортақтығы бойынша;

б)           бip ғана объектіні оқып үйренуге қатысты жалпы ғылыми фактілер бойынша;

в) жалпы ғылыми әдебиеттерді қолдану бойынша;

г) ойлау ic - әрекеттерінің жалпы тәсілдері бойынша.

Педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым болып есептеледі. Сол себепті оқыту үдерісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.

 

1.6.Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы. Тұтас педагогика-лық үдерістің негізгі бір бөлігі - оқыту үдерісі.

Оқыту құбылысының әртүрлі деңгейде: жалпы педагогикада, дидактикада, әдістемеде, психологияда бейнеленуінің өзіндік ерекше-ліктеріне тоқталайық.

Педагогика деңгейінде оқыту – қоғамдық тәжірибені өскелең ұрпаққа беру әрекеті  педагогикалық әрекеттің тұтас қыры.

Дидактика деңгейінде оқыту – білім беру мазмұнын үйрету мен үйренудің бірлігі.

Әдістеме деңгейінде оқыту – оқыту (сабақ беру) әрекеті мен нақты оқу пәнінің материалдарын оқып–үйренудің бірігуін жүзеге асыру формасы.

Психология деңгейінде оқыту –нәтижесінде оқушының интеллектісін байытып, психикалық дамуы жүзеге асатын мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекетінің жиынтығы.

Педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларда оқыту жеке су-бъектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқы-ту – оқушы мен мұғалім жүзеге асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты оқушының да әрекеті»; «Оқытуда бар-лық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту – мұ-ғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пәнді оқыту барысындағы оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының материалды оқып–үйре-нуі мен алған білімдерін қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олар-дың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс- әрекеті. Оқу (үйрену) – оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының түсін-діргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыстар-ды, олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы, білімді бекіту мен қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын саналы қызметі». Оқыту өзара байланысты, бірақ екі дербес субъектінің – мұғалім мен оқушының жеке әрекеттерінің жиынтығы ретінде көрсетілген.

Тұтас педагогикалық үдерістің келесі бөлігі – тәрбие үдерісі. Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жал-пыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құрайтын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады.

«Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуы-ның жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында та-бысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғам-ның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу. «Мәңгілік Ел» жал-пыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының қоғамдық санада, білім беру және тәрбие жүйесінде бекуін қамтамасыз ету керек

Педагогикалық үдерістің психологиялық құрылымы: танымдық үдерістер (қабылдау, ойлау, еске сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызы-ғушылық (оқуға қызығуды, қабілетті ынтаны айқындау), қуат (көте-ріңкі не түсіңкі дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы) деп педагогикалық үдерістің құрылымын жан-жақты ашуға тырысқан.

Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық – пе-дагогикалық үдерістің қозғаушы күші.Педагогикалық үдеріс, со-нымен қатар, педагогикалық үдерістің тұтастығы, педагогикалық үде-рістің заңдылықтары, педагогикалық үдерістің кезеңдері, педагоги-калық инновациялар, қазіргі мектеп мұғалімі сияқты жүйе ретінде де қарастырылады .

Педагогикалық үдеріс – «мұғалім - оқушылар» жүйесінің үздік-сіз әрекеті, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрінеді. Педагоги-калық үдерістің мақсаты әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалып-тастыру. Педагогикалық үдеріс көп деңгейлі және көп құрылымды жүйе, онда жеке бір оқушы, жеке дара мұғалім бірінші реттегі дербес жүйе болады.

В.А. Кан-Калик «ұстаздың шығармашылық үдерісі оқушылар-дың шығармашылық үдерісін тудыратын үдеріс ... сонымен бірге бұл өзара әрекет әрбір нақтылы жағдайда байқалады, өз жағынан ол, бір сыныпта жұмыс істейтін ұстаздар ұжымының және ұжымдағы барлық оқушылардың ұжымшыл шығармашылық іс- әрекеттерінің арасында-ғы ерекшеліктері» деп пайымдайды.

Педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер немесе технология). Педагогикалық үдеріс - мақсат пен мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талап-тарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, түр, әдіс-тәсілдерінің, дидактикалық талаптарының педагогикалық-психо-логиялық нұсқауларының жиынтығы.

Педагогикалық үдерістің тәрбиелік тетіктері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар.

Балалар ұжымын тәрбие құралы ретінде көптеген жылдар бойы зерттеген Л.И. Новикова: «оларды мақсатты басқарудың тиімділігі кө-бінесе балалар ұжымында болып жатқан әлеуметтік-психикалық үде-рістерді білуге және оларды тәрбие субьектісі ретінде сипаттауға байланысты»,- дейді.

В.С. Ильин: «толыққанды жеке тұлға тек біртұтас педагоги-калық үдерісте ғана қалыптасады, онда педагогикалық ықпалдың үйлесімділігі қамтамасыз етілуі керек», - дейді .

Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістегі ересектің орнын ұйым-дастырушы ретінде жоғары бағалай отырып, бала ықпал ету обьектісі ғана емес, даму үстіндегі белсенді әрекеттенуші, ол әрқилы әлеуметтік себепші іс - әрекеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай өзін - өзі тәрбиелеудің субьектісі бола алатынын көрсетеді. Бұған қоса Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістің тағы басқа бір ерек-шелігін – оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің бірлігін көрсетеді.

М.А. Данилов: «үнемі қозғалыс пен даму барысында қарасты-рылған тәрбие өте күрделі, қозғалыстағы, қарама – қарсылықтағы құ-былыс ретіндегі педагогикалық үдеріс болып саналады. Әрқашанда оның өз ішінде көптеген әртүрлі күштер мен ықпалдар өзара әрекет-тестікте болады, олардың ішіндегі ең бастысы үдерісті бағыттаушы мұғалім мен тәрбиеленушілер ұжымы болып есептеледі» деп анықтама береді.

Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің негізгі қағидалары бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкінді-гіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда. Осы-ған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара бай-ланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі және өзекті, соңғысы тұл-ғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және тәрбие қоғамдық құрылыс ретінде өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты тарихи үдеріс. Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне қосылуына, тұрмыс-тіршілікке, қоғамдық өндірісте қызметке араласуына, шығармашылық пен рухани-мәдени игіліктерді игеруіне, қоғамдық болмыстың негізін игеріп, жеке тұлға ретінде дамып, азамат ретінде қалыптасып жетілуіне негіз бола-ды. Тәрбие қоғамдық прогресті дамытып, ұрпақтар жалғастығын қам-тамасыз етеді. Ол әрбір жеке тұлғаның, қоғамның маңызды өндіргіш күшінің бөлшегі ретінде өз бақытын өзі құруға көмектеседі.

1.7.Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы туралы білім – мұ-ғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі. Психологиялық-педагогика-лық әдебиеттерде кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: «құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызмет-ке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделді-лік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеме-нің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықты-лық шеңбері». Құзырет – нақты әрекет пен үдерістерге байланысты тиімді, өнімді әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өза-ра байланысқан жиынтығы (білім, білік, дағдылармен қызмет түрлері).

Болашақ мұғалімдердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қа-лыптастыруға байланысты «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік», «мұғалім құзыреттілігі» ұғымдарына берілген әртүрлі түсініктемелер бар. Бұдан «құзыреттілік» ұғымы білім беру, маман даярлау сала-сының қолданыстағы терминіне айналғанын көреміз. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебе иесіне байла-нысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс жұмыстың нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.

Л.М. Митина мұғалімнің кәсіби дамуының психологиялық фак-торларын, шарттары мен қозғаушы күштерін зерттей келіп, тұлғаның интегралдық сипаттарының қатарындағы кәсіби даму факторларының бірі ретінде мұғалімнің кәсіби бағыттылығын және педагогтік құзырет-тілігін бөліп көрсетеді.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің психологиялық тұжырымда-масын жасай отырып, А.К. Маркова оған мынадай анықтама береді: «кәсіби құзыреттілік - бұл мұғалімнің білім, білік және осы еңбекті жү-зеге асыруға қажетті олардың нормативтік белгілерінен хабардарлығы; психологиялық сапаларды меңгеруі, нормаға және үлгіге сай нақты кә-сіби әрекет» және оның мазмұнын екі көрсеткішке – үдерістік және нәтижелілікке бөледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «базалық құзырет» ұғымы қолда-нылып келеді. Бұл құзыреттіліктер - өмірдегі мәселелер мен жағдаят-тарды шешуде іс-әрекеттің сапалы, табысты өтуін қамтамасыз ететін жеке тәжірибеге енген білім, білік, дағды, қабілеттің жинағы немесе әмбебап жүйесі. Сондықтан, осы тұрғыда жоғары кәсіби білім беру ба-залық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзырет бі-лім, білік, шығармашылық әрекеттің қорытындысына сүйеніп, төмен-дегідей негізгі белгілерімен ерекшеленеді:

1) Көпқызметті күнделікті, кәсіби және әлеуметтік өмірде кез-дескен кез келген жағдайдан шыға алады және кез келген мақсатты және міндетті шеше алады;

2) метапәнділік және пәнаралық – бұл түрлі жағдайда қолда-нылады;

3) зияттық дамуды, яғни дерексіз ойлауды, рефлексия, өзінің жеке ұстанымын анықтай алуды, өзін-өзі бағалауды, сын тұрғысынан ойлауды талап етеді;

4) көпқырлылығы – түрлі ақыл-ой үдерісін, зиятты біліктілікті, ақыл-ойды қажет етеді.

Отандық педагогикада «құзыреттілік» ұғымы көбіне кәсіби дайындық, кәсіби шеберлік пен мамандықты меңгеру деңгейі ретінде қарастырылып келеді.

Негізгі құзыреттіліктер жалпы орта білім беру саласында қалып-тасып, қандай да бір мамандықтың іргетасын құрайтын құрауыш-тардан тұратын базалық құзыреттіліктердің негізіне дайындайды. Э.Ф. Зеердің пайымдауынша, базалық құзыреттіліктерге жататындар:

- жалпығылыми ұғымдар – табиғат, қоғам және адамның іс-әрекетінің негізгі заңдары;

- экономика мен мінез-құлықты ұйымдастырудың негізін құрай-тын әлеуметтік-экономикалық;

- азаматтық-құқықтық;

- ақпараттық-коммуникациялық;

- политехникалық – техника мен технологияның, жаратылыс-ғылыми, автоматтандырылған өндірістік қызмет ету ұстанымы, бақы-лау және басқару жүйелері;

- жалпы кәсіби мамандықтар тобына қатысты.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі жағдайын есепке ала отырып, Қазақстан Республи-касындағы 12 жылдық орта білім беру стандартында қабылданып отырған негізгі құзыреттіліктерді мәселенің шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді қа-лыптастырып дамыту көзделіп отыр. Олай болса, аталған құзырет-тіліктерді оқушылар бойында қалыптастыруды болашақ маман жоғары оқу орны қабырғасында меңгеріп шығады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Педагогикалық үдеріс ұғымының мәнін ашыңыз.

2. Мұға<



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.