|
|||
Сұрақтар мен тапсырмаларСұрақтар мен тапсырмалар 1. Зерттеу университеттерінің ғылымды дамыту тетіктеріне сипаттама беріңіз. 2. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің құрамдас бөліктерін өзара байланысын негіздеңіз. 3. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің инварианттық құрамдас бөліктерін сипаттаңыз. 4. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің вариативтік құрамдас бөліктерін сипаттаңыз.
Зерттеушілік мәдениет – педагогикалық құндылықтар мен білім беру технологияларын меңгеруге, үйретуге, жасауға қажетті сапа; педагогке педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, нәтижелерді, заңдарды, теорияларды пайымдауға, болжам жасауға және оның негізінде инновациялық-дидактикалық әрекеттің өз жүйесін құруға мүмкіндік беретін сапасы, дамушы шынайы болмыспен өзара әрекеттесуде қалыптасқан қабілет. Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Педагогика ғылымының әдіснамасы дегенді қалай түсінесіз? 2. Педагогика ғылымының әдіснамасының деңгейлеріне тоқталыңыз. 3. Философиялық заңдар, заңдылықтарға тоқталыңыз. 4. Педагогикалық теориялардың мәнін ашыныз. 5. Педагогика әдіснамасынығ даму тарихы.
4-тақырып. ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4.1. Тәрбие философиясы.Шығыстың ғұлама ойшылы әл-Фараби «Адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі»,- деген тұжырымы қоғам алдына үлкен жауап-кершілікті мақсат етіп қояды. ХХІ ғасырдың сұранысы әлемдік білім көшіне ілесе алатын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие философиясы тұлғаның өздігінен дамуын мәдениет-тендіру мен әлеуметтендіруді біртұтас тұрғыда қарастырады. Адамның даралық қасиеті оның құндылық сипатын көрсетеді. Сол даралық си-паты өзгелердің назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар сол қасиеттері үшін оны құрметтейді. Баланың мінезін қалыптастыру үшін ата-ана мен мұғалім оның жалпы дамуымен қатар, ішкі жан дүниесіне де күшті ықпал етуі тиіс. Адамның жеке тұлғалық қасиетінің жетілуі оның өзін-өзі құрметтеуіне, өмірде табысқа жетуіне тәрбиелейді. Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінуде педагогиканың негізгі категориялары тәрбие, білім, оқыту, құзыреттілік және т.б. негізгі орын алады. Тәр-биенің педагогиканың категориялары қатарындағы орны - тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс - тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне жаңа-шыл көзқарастармен енгізе отырып, тұлға бойындағы ізгілік қасиет-терді оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез – құлқында көрініс табуына бағытталады. Қазіргі таңда тәрбиенің әдіснамалық негіздері тәрбие парадигмасына қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отыра-тын жаңашыл әдіс тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қажет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастыру мүддесін негізге алады. Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуын-дағы биологиялық, әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы қалып-тасты. Жеке тұлға біртұтас құрылым. Сондықтанда оны бойындағы барлық сапаларымен кешенді түрде қарастыру керек. Тұлғаның ішкі көзқарасы тұлғаның мінез-құлық әрекетінде ашылады. Әдетте адам қалай тәрбиеленген болса, солай әрекет етеді. Сонымен бірге педагог тәрбиеленушілік ситуация туғызу әдісі сияқты мінез-құлықты айқын-даудың диагностикалық тиімді тәсілін де қолданады. Ол екі міндетті бірлікте шешуге мүмкіндік береді:талап ететін сапалардың даму дең-гейін диагностикалау және осы сапаларды тәрбиелеу. Тәрбиелеуші жағдаят – табиғи немесе тәрбиеленуші әрекет ету-ге және өзінің әрекеттерінде өз бойындағы белгілі бір сапалардың қалыптасу деңгейін көрсетуге мәжбүр болуға әдейі жасаған жағдай. Соңғы жылдары педагогикада проблемалық тәрбиелеуші жағдаяттарды жасауға көңіл бөлуде. Осылайша балалар алға қойылған мәселені шешуге мәжбүр, ал тәрбиеші бұл кезеңде ұжымның және оның әрбір мүшесінің қандай жағдайда болатынын айқындап, нә-тижесінде тәрбиелік үрдісті дұрыс құратын болады. Тәрбиелік баға негізіне оның жекелеген сапалары емес, тұл-ғаның жалпы адамгершілік бағыттылығы жатқызылуы керектігін әр-қашан есте сақтаған жөн. Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас құралы ретінде. Мектептегі педагогтар мен оқушылар ара-сындағы өзара қарым-қатынас бүкіл қоғамдық, саяси, құқықтық, мо-ральдық қатынастарды қамтып, педагогтың басшылығымен бағыты айқындалып, шешімін тауып отырады. Мектептегі педагогтар мен оқу-шылар арасындағы қалыпты қарым-қатынас ізгілікті немесе басқа сөз-бен айтар болсақ, педагогикалық мақсатты қатынастар болып аталады. Мұндай қарым-қатынастың орнығуы тәрбиеліктің нәтижесін көрсете-ді, ол оқушылардың педагогтың беделін, құқын, тәжірибесін құрмет-теп, мүмкіндігінше сондай педагогқа ұқсауға еліктейді. Мұғалім оқыту үдерісінде, оқу бағдарламаларын іске асыру бары-сында оқушылармен өзара қатынастарын нығайтады. Онда оқушы-лардың оқу әрекетіне, еңбекке оқушылармен саналы қарым-қатынасын қа-лыптастыру көзделеді. Мұғалім оқушылардың өзіндік қызметі мен белсенділігін арттырып, олардың әлеуметтік тәжірибесін ізгілік негі-зінде дамытады. Оқушының өзіндік өмірлік ұстанымы қалыптаспай, кез келген күрделі жағдайда, адамгершілікке негізделген шешім қа-былдай алмайды. Педагог осы жағдайды педагогикалық үдерісті бас-қару ісінде ескеруі тиіс.
4.2.Тұлға - тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және субъектісі.Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының обьектісі ғана емес, сонымен қатар субьектісі екенін ескеру керек. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психо-логияның ең маңызды заңдылығы болып табылады. Субъектінің әре-кеті – жеке тұлға дамуының факторы. Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен (материалдық, рухани, қоғамдық) туады. Сыртқы орта мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторына жатады. Ішкі факторға бейімділік пен әуестік, адамның сезімдері мен күйзелістері және сыртқы ортаның ықпалынан пайда болатын қажеттіліктер жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактормен тығыз байланысты. Оқушының белсенділігі іс-әрекеттің алуан түрінде көрінеді. Өмірдегі қарым-қатынас, таным, өзін-өзі жетілдіру, айналаны өзгерту және түрлі белсенділіктері дамиды. Қарым-қатынас бала белсенділі-гінің ең алғашқы белгісі. Ол түрлі қатынасқа түсу арқылы өзінің ең маңызды жақтарын дамытады. Бала өскен сайын оның танымдық белсенділігі тереңдей түседі. “Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?” – де-ген сұрақтарға жауап іздей бастайды. Мектептегі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен тереңдеуіне мүмкіндік жасай-ды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын өз бетінше білімді игеруге, оларды практикалық әрекетте пайдалану қабілетіне ие болады. Адам-ның әлеуметтік белсенділігі өзін қоршаған ортаға ықпал етеді, бол-мысты өзгертуге, қайта құруға бағытталады. Тұлғаның дамуын зерттеу философия, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина, мәдениеттану, этика, физиология т.б. ғылымдары кіріктіре жүргізеді. Адамның дамуы және оның тұлға ретінде қалып-тасуы биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік тұрғыдан қарасты-рылады: - биологиялық бағыт - адам табиғаттың бір бөлшегі, оның іс-әрекеттері мен мінез-құлқы көбінесе табиғи қажеттіліктерге негіз-деледі; - әлеуметтік бағыт - адам биологиялық тіршілік иесі ретінде әлеуметтік топтардың қарым-қатынас ықпалынан әлеуметтенеді, қоғам-дық ортаға бейімделеді; - биоәлеуметтік бағыт - жүре пайда болатын қасиеттерге негізделеді. Жеке тұлғаның белсенділігінің бағыттары оқушының әр-алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады. Олар: білім алу - танымдық, еңбек, қоғамдық пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауық-тыру әрекеттері. Жеке тұлғаның мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын қызмет - әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру – баланың дамуын қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олар-дың арақатынасына тоқталатын болсақ, тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі, индивид көп адамдардың бірі, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырылады. Тұлға ол субъект, объект те бола алады. Себебі, субъект тұр-ғысынан алатын болсақ тұлға саналы іс-әрекет ете алатын қабілетті тұлға болып табылады. Әлеуметтік ортада тұлға объекті ретінде білім, тәрбие ала отырып, әлеуметтенеді. Тәрбиенің екі жақты сипаты болады: тәрбиешіден тәрбиеле-нушіге дейінгі тікелей байланыс - міндетті саналатын әрекет. Тәрбие-шінің қолында кері байланыстан алынатын мәлімет неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл заңдылық мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің және тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыстың болуын қарастырады. Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-же-тілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғам-дық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі. «Жеке адам», «жеке тұлға» түсініктерінің сипаттамасы «дара-лық» түсінігімен толықтырылады. Даралық түсінігі бір адамды екін-шісінен айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. Даралық бір адамның екіншісіне ұқ-самайтын өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері, шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің өзіндік көріністерімен бөлектенеді. Жеке тұлға даралығы – индивид тұлғасының және психолог-гиялық өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, интеллектуалдығынан, қабілеттерінен көрініс береді. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі В.А.Соковиннің көрсеткеніндей, үш деңгейде жүзеге асады: 1) қоғамның жалпы индивидке ықпалы, қоғам өз байлығын және әлеуметтік құндылықтарын, арман-мұратын, мақсатын қарым-қатынас арқылы – оның «әлеуметтік ұйымдастырылған құрылымы» арқылы; 2) жалпы қарым-қатынас үдерісінде жеке тұлғаға ықпал ету жалпы ақпарат құралдары арқылы ; 3) жеке топ ішінде қоғамға ықпал ету қарым-қатынасы арқылы; Кіші топта қарым-қатынас әрбір индивидтің шығармашылық өсуіне қосымша мүмкіндіктер жасайды. Мысалы, өз идеяларын, көз-қарастарын әсерлерін тексеруге; өзін-өзі түсінуге, өз жетістіктерін бағалауға және қателіктерін түсінуге көмектеседі. Қазіргі таңда тәрбиенің негізі басты бағыты – тұлғаны қалып-тастыру. Тұлғаны қалыптастыру-үздіксіз жүргізілетін педагогика-лық үдеріс. Адам кәсіби мамандық иесі, оған дайындық барысында, мамандыққа сай білімін жалғастырғанда бірге жүреді. Тұлға дегені-мізге философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылымы тұрғы-сынан жан-жақты зерттеу жүргізіліп, әр қырынан өздерінің анықта-малық тұжырымын береді. Тұлға – ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігертетігідегеніміз- адамның өзіне тән жеке бас қасиет-терін іске асыруы.Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі. Шынайы патриот тұлға – жалпы адамзаттық құндылықтардың негізін салушы және таратушы (С.Л.Рубинштейн). Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәде-ниетке де тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.
4.3. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы.Педа-гогика ғылымындатұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылатыны белгілі. Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалып-тастыру», «әлеуметтендіру» бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Дамудегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеу-меттік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адам-дарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады. Тәрбие-әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемле-кеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі. Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толыққанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық үдерістің субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады. Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетіс-тіктері жатады. Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан дамуына қажетті материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді: адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту; ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекеттерінің ынтымақ-тастығы, мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтас-тық, өзін-өзі құрметтеу идеясы , өзін-өзі тәрбиелеу т.б. Тәрбиеадамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қа-сиеттерді иемденуін білдіреді. Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу мәдениеті және жеке өз басына байланысты әртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады. Табиғи мүмкіншіліктер адамның әлеуметтік өмір әрекеттерінің барысында дамиды. Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттіліктер мен бейімділіктердің де күші жойылады. Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тәрбие жеткіліксіз, әлсіз болса, баланың қалыптасуына кері әсер етеді. Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныс-тардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады. Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас іс-әрекет ба-рысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін ал-дын-ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі бо-луын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтар-дың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды. Тұлғаны әлеуметтендіруде әлеуметтік тұрғыдаотбасына әлеу-меттік-экономикалық, құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын нығайтуға көмектесу негігі орын алады.
4.4 Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерек-шелік кезеңдері.Педагогика баланың дамуын – өте нәзік, күрделі диалектикалық үдеріс деп қарастырады. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім, сияқты психикалық үдерісінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл-ойы дамудың жаңа кезе-ңіне көшеді. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік ке-зеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама беретін болсақ балалардың ана-томиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай балалық шақты тө-мендегідей жас кезеңдергебөлінеді: 1) жаңа туған бала (1-2 ай); 2) нәрестелік шақ (1-2 айдан 1жасқа дейін); 3) ерте сәбилік шақ (1-3 жастар); 4) мектеп алды балалық шақ (4-5 жастар); 5) бастауыш мектеп (6 -10 жастар); 6) жеткіншек шағы (11-16 жастар); 7) жасөспірімдік шақ ( 17-18 жастар). Әр жастағы баланың өсіп-жетілу дәрежесін білу мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оқушылардың ішкі жан дүниесін, мінез-құлқының ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі.Мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниені сез-гіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекет-терінен көрінетін дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды: Холерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті болады. Бірақ сезім жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашу-ланғыш болып келеді. Сангвиник– эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақ-танбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оны орындаудан бас тартады. Меланхолик – эмоциялық қызуы шабан, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстайды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе, аяқтап шығады. Флегматик– эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды. Бала денесінің өсіп-жетілуінің негізгі көрсеткіштері: бойының өсуі, салмағының артуы, бұлшық етінің шынығуы, ұлғаюы. Өсіп, дамып келе жатқан организмде болатын барлық өзгерістерді нерв жүйесі мен секреция бездерінің қызметі реттеп отырады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – орталық нерв жүйесі. Өйткені, адамның психикалық әрекеттері осы орталық нерв жүйесіне байланысты болады.
4.5. Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы.Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңда мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту»,- деп атап көрсеткендей дарындылық тұлғаның ақыл-ойы, танымы, сана, оқуы, шығармашы-лық, тұлғаралық қатынаста және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Акселерация биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация (қалалардың өркендеп өсуі) факторы, елдің миграциялық өсуі, транспортпен байланысты қатынастың дамуы, ра-диотолқындардың және географиялық климаттық жағдайлардың өзге-руі сияқты мәселелерді қамтиды. Сондықтан, білім беру мен тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, жұмыс факторлары акселерация құбылы-сының ерекшеліктеріне сай құрылуы керек (мысалы, баланы алты жастан оқыту, т.б.). Балалардың дене және психикалық дамуында ай-қындалған күрделі өзгерістердің бірі – организмнің жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (лат.– жедел) деп атайды. Акселерацияға тән ерекшелік: баланың бойының, салмағының, бұлшық етінің жедел түрде өсіп жетілуі. Тәрбие – бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан тәрбие – баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұ-рақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі жоғары. «Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмек-тесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық пен қабілеттілік түсініктері бір- біріне өте жақын ұғымдар. «Қабілеттілік, ‑ деп атап көрсетеді Д.Н.Ушаков, ол табиғи дарын, бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі». Қабілеттілік тұлғаның іс -әрекеттің бір саласына, нақты бір ғылымға өзіндік бейімін, қасиетін көрсете білуі. Бұл тұлғаның бойында білім, білік, дағды, тәжірибелік іс-әрекетінен, тәрбиелік қа-рым-қатынасынан, зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттерінен еркін көруге болады. Қабілетсіз тұлға болмайды. Қабілеттің өзі жалпы және және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы қабілет көптеген дара тұлғалардың зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттері арқылы кө-рініс береді. Ал, арнайы қабілет әсіресе өнер адамдарында, айтыскер ақындардың суырып салмалығы, композитор, әнші, суретші т.б. атауға болады. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қа-білеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көр-сетуі. М.Горький «адамдағы дарындылық қасиеттің туа бітетіні, жүре пайда болатыны да болады. Туа бітетіні тұқым қуалаушылық. Бұл биік деңгейлерге көтерілуі де мүмкін, өшіп те қалуы мүмкін. Дарын-дылықты үнемі дамытып отыру қажет», - деп атап көрсетеді. В. Крутецкийдің анықтауы бойынша «егер қабілеттіліктер де-ген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарын-дылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,- деген тұжырымынан дарындылықты қабілеттіктің жиын-тығы, іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілетінің дамуының жоғары деңгейі, дара ерекшелік деп бағалауға болады. Талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы олардың тем-пераментіне, қабілетіне, дарындылығына, талантына т.б. тікелей байланысты болады. 4.6 Дарындылықтың диагностикасы.Мектеп оқушыларының дарындылығы деп тұлғаның жеке бас ерекшелігі, туа біткен қасиеті, педагогикалық-психологиялық тұрғыда жан-жақты толық дамуы, ойлау қабілетінің даралығы, шығармашылық ізденістері т.б. атауға болады. Дарынды оқушының мәдени қарым-қатынас құндылықтары, тәрбиелік сапалық көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары болуы дау туғызбайды. Диагностика жүргізу үдерісінде оқушының білімі, рухани құндылықтары, ынтасы, еңбексүйгіштігі, тұлғалық адамгершілік қа-сиеттері, өзін-өзі дамыту, жетілдіру, тану дағдылары, талғампаздығы, эрудициясы т.б. негізге алынады. Дарынды балалардың логикалық ойлау қабілетінде өзгешелік-тер басым,танымы жоғары, ішкі жан дүниесі жағынан сезімтал, ерік-жігері мықты, дарынды, қиялшыл т.б. болып келеді. Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы білім беретін мекеме-лерінде негізгі стртатегиялық жоспарына дарынды баланы іздеп табу, іріктеу мәселесі кіреді. Қазіргі таңда Назарбаев интеллектуалды мекте-бі, жаратылыстану бағытындағы, математиканы тереңдетіп оқытатын мектептер, қазақ тілі мен әдебиетін терендетіп оқытатын мектептер, қазақ-түрік лицейі, Хейлибери мектебі, Мирас мектебі, Ж.Аубакированың музыкалық мектебі т.б. білім беру орындарында ерекше дарынды балалар білім алады. Аталған мектептерде оқу-тәрбие жұмысын өзіндік жаңашылдық тұрғыда ерекшеліктері басым. Дарынды балаларды оқытуға негізделген 2011 жылы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңнамалық деңгейде академиялық еркіндік және дербес-тік беретін басқарудың ерекше түрі реттелді. Назарбаев Университетінің ғылым мен инновацияларды дамы-ту, зерттеулерді коммерцияландыру және дарынды жастарды тарту үшін мақсатты мемлекеттік қолдау көрсетіледі. «Назарбаев зияткерлік мектептері» (НЗМ) дербес білім беру ұйымының (ДБҰ) даму стратегиясында білім беру модельдерін ха-лықаралық стандарттарға сәйкес жүргізу қарастырылған. Стратегия-лық әріптес Кембридж университетінің халықаралық емтихан ке-ңесімен бірлесіп, жаратылыстану-математикалық бағыттағы экспе-рименталдық кіріктірілген білім беру бағдарламасы әзірленді. Негізгі және жоғары мектеп бағдарламалары (International Baccalaureate) Халықаралық бакалавриат ұйымының принциптері мен философиясына сәйкес іске асырылады. Білім берудің инновациялық және көп тілді моделін құру «Назарбаев зияткерлік мектептері» желі-сін кеңейту арқылы жүзеге асырылады. Педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің бі-ліктілігін арттыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озат педагогикалық тәжірибелерді тарату болып табылады. Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігудің стратегиялық мәселелерінің бірі 12-жылдық білім беру моделіне көшу болып табылады. Соңғы жылдары 12-жылдық модель жүйесін енгізуге дайындық ше-гінде эксперименталдық сыныптардағы оқу үдерісін жүзеге асыру са-пасына мониторинг жасау, оқулықтармен, оқыту-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Эксперименталдық алаң нәтижесі бойынша оқыту курстары арқылы 12-жылдық білім беруге көшу үшін мұғалімдерді даярлау жұмысы күшейтілді. Сонымен 12-жылдық оқыту моделіне біртіндеп көшу іске асырылуда. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі «E-Learning» электрондық оқыту жүйесін енгізу жобасын іске асыру болып табылады. Сонымен үздіксіз білім беру жүйесін «өмір бойғы» үздіксіз интеллектуалды әлеуетті дамыту арқылы сипаттауға болатыны байқалуда. Осы бастамаларды жүзеге асыру Қазақстанға экономика саласында ғана пайда әкелумен шектелмей, әлеуметтік капитал нысанында, яғни жоғары әлеуметтік тұрғыда топтасып біріккен, азаматтық интеллектуалды белсенді қоғам қалыптастыру арқылы кемелдікке жеткізеді. Дарынды балалар оқитын мектептерде тереңдетілген бағдар-лама бойынша, жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу, жаңа педагоги-калық технологиялар элементтерін пайдалану, сыни тұрғыда, пробле-малық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту, әр деңгейдегі пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, республикалық және халықара-лық деңгейде ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру негізгі орын алады. Дарындылықты анықтау критерийлеріне тұлғаныңбілімді толық игеруі, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, тақырып бойынша өз ойын еркін айта алуы, алынған білімдерді өз бетінше дамыта білуі; өзіне-өзі талап қоя білуі, материалды игеруде табандылық, алынған білімді әр сабақ сайын дамыту; өз ойларын баяндағанда ғылыми дәлеледеуі, ғылыми жобалармен шұғылданғанда өз бетінше іздене алуы, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, іс - әрекеттегі, қарым - қатынаста мәдениеттілігі жатады. Интеллект ұғымы адамның қабілеті ретінде түсіндірілсе де ол, басқа қабілеттер арқылы іске асырылады: таным, оқу, логикалық ойлау, талдау арқылы ақпараттарды жүйелеу, олардың қолдану аясын анықтау, заңдылықтары мен ерекшеліктерін табу, ұқсас ақпараттармен салыстыру т.с.с. Адамның интеллектісінің маңызды сапаларына оның талаптылығы, ойының тереңдігі, жылдамдығы, логикалық ойлау, ой-лаудың дәлдігі, сыни тұрғысынан ойлауы, ойының кеңдігі, интуи-цияның дамығандығы жатады. Интеллект феноменін толық түсіну үшін оны көпдеңгейлі құрылым ретінде қарастыру керек. Себебі оны генетикалық, әлеуметтік, іс-әрекеттік, феноменологиялық т.б. тұрғы-лардан қарастыруға болатыны белгілі. Осы тұрғыларға сәйкес интеллектің көпдеңгейлік құрылымын көрсететін мынандай анықтамала-рын атап өтуге болады: § әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда интеллект – әлеуметтенудің және тұтас мәдениеттің ықпалының нәтижесі; § генетикалық тұрғыдан, интеллект – адамның қоршаған әлеммен табиғи жағдайда әрекеттесу талаптарына бейімделу салдары; § үдерістік-іс-әрекеттік тұрғыдан, интеллект – адам іс-әрекетінің ерекше формасы; § дидактикалық тұрғыдан, интеллект – мақсатқа бағытталған оқыту үдерісі; § ақпараттық тұрғыдан, интеллект – ақпаратты өңдеудің элементарлық үрдістер жиынтығы; § феноменологиялық тұрғыдан, интеллект – сана мазмұнының ерекше формасы; § құрылымдық-деңгейлік тұрғыдан, интеллект – түрлі деңгейдегі танымдық үдерістер жүйесі; § реттеушілік тұрғыдан, интеллект – өзін-өзі түзету факторы. Ал қазіргі таңда кәсіби білім беру саласында интеллекттің төрт негізгі түрі маңызды болып табылады. Интеллекттің түрлері: жалпы, әлеуметтік, эмоционалдық, тәжірибелік интеллект. 1. Жалпы интеллект – кез-келген өмірдегі өзекті мәселені танып білу мен шешуге қатысты жалпы қабілет. Индивидтің танымдық үдерістерінің жүйесі (ойлау, сезіну, қабылдау, жадына сақтау, қиял-дау, елесте
|
|||
|