Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Инклюзивті оқыту» пәнін оқытудың мақсаттары.



4.9.Білім берудегі инклюзивті тәсілі және оны Қазақстанда іске асыру.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтары-мызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймақ-қа айналуға тиіс. Бізде ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекеме-сінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажет-тілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өткен.

Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үдерісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин.Инклюзивті білім беру дегеніміз – мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу, олардың жынысына, шығу тегіне, дініне, жас ерекшеліктеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайы-на, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, са-палы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискрими-нациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.

Инклюзивті білім беру бағдарламасы 2006 жылдың 13 желтоқ-санында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына енгізілді. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Респуб-ликасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-пе-дагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасын-да кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарында қамтылды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес «инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдар-ламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетім-ділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шек-теулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу»,- деп нақты көрсетілген.

2002 жылдан бастап Қазақстан ТМД елдерінің арасында ал-ғашқы рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бас-тауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағи-даларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) ерекше білім беруге қа-жеттіліктері бар білім алушылармен бірлесе оқытатын қалыпты және арнайы сыныптарын жалпы білім беретін мектепте құру тәртібі бе-рілген. Үлгілік қағидалардың 18 тармағына сәйкес жалпы білім бере-тін мектептерде инклюзивті және арнайы сыныптар халықтың қа-жеттілігін, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүгедек баланы тәрбиелеп жатқан ата-аналардың мүддесін есепке ала отырып, білім беруді жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша ашылады, әрбір инклюзивті сыныпта екі даму мүмкіндігі шектеулі баладан артық оқытылмауы тиіс. Жалпы білім беретін мек-тептердегі инклюзивті және арнайы сыныптарға балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар бала-ларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.

Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясы ұсынған «Инклю-зивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктері» атты әдістемелік нұсқаудабілім беру сала-сындағы мемлекеттік кепіл-діктерге сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық білім беру деңгейлерінде білім алу үшін, даму бұзылысын түзеу үшін және әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағ-дайлар қамтамасыз етіледі.

«Инклюзивті оқыту» пәнін оқытудың мақсаттары.

- мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектеп-терінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу.

- жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру ар-қылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптас-тыру және дамыту.

- балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;

- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, меке-мелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.

Инклюзивті білім берудін мазмұны. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдар-ламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шек-теулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы негізінде іске асыруды қажет етеді.

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саяса-тының міндеттері мынадай болып ерекшеленеді: әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс; әрбір баланың дара қабілеттері, қызығу-шылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады; білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағат-тандыру мақсатына орай өзгертуге болады.

Инклюзивті білім берудің 8 ұстанымын меңгеруге қол жеткізуі:

1. адами құндылық оның қабілеті мен жеткен жетістіктеріне байланысты емес;

2. әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті;

3. әрбір адамның қарым-қатынас жасауға, тыңдалуға құқығы бар;

4. барлық адамдар бірін- бірі қажет етеді;

5. шынайы білім беру нақты контекстегі қарым-қатынас жағдайында ғана жүзеге асуы мүмкін;

6.барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж;

7. барлық білім алушылардың прогреске қол жеткізуі үшін біреу жасай алмайтын нәрсені жасауы болар;

8. адам өмірінің барлық жағын алуан түрлілік күшейте түседі.

Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білімін бағалау жүйесі. Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау жүйесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік құралда нақты көрсетілген. Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуының маңыздылығына баса назар аударылған. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып, қалыпты да-мыған балалармен бірдей болуы қажет. Бұл жағдайда бағалануы керек:

- арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу;

- білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жаз-баша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;

- әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекват-ты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну.

Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл ап-паратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психика-лық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемле-кеттік үлгідегі құжат алады.

ҚБТ қағидалары барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. Тестілеу бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып, оқуда ҚБТ пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері бар еркін түрде өтініш жазады. Мүгедек балаларға ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педа-гогикалық консультация ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйым-дарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес экстер-нат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдар-ламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы орган негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасу факторларына тоқталыңыз.

2. Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы биологиялық және әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасын ашыңыз.

3. Іс-әрекетпен қарым-қатынастың тұлғаның дамуындағы және қалыпта-суындағы рөліне тоқталыңыз.

4. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама беріңіз.

5. Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар», «акселерация») және балалардың базалық психоәлеуметтік талаптарына тоқталыңыз.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.