|
|||
сурет. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздерінің құрамы).98-беттен суретті әкелу.(8-сурет. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздерінің құрамы).98-беттен суретті әкелу.
3.3.Педагогикалық зерттеудің әдістері. Ғылыми-педаго-гикалық танымның эмпирикалық әдістері.Зерттеу әдісі белгілі бір ғылыми міндетті, амалдар мен рәсім-тәртіптерді орындауға бағыт-талған зерттеу әрекетінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Неғұрлым ғылымдар әдістерге бай болса, соғұрлым ғалымдардың істері сәттірек болады. Ғылыми міндеттердің күрделілігі өскен сайын, зерттеу құралдарының өңделуіне алынған нәтижелердің дәрежесінің тәуелділігі арта түседі. Педагогика ғылымының әдістерінің сипаттама-сынан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешуге арналған екі негізгі таңдау ұстанымдарын есепке алу қажет. Олардың біріншісі - зерттеу әдістерінің көптүрлілігіұстанымыкез келген ғылыми мәселені ше-шуге бір емес, бірнеше әдіс қолданылатынын білдіреді. Екіншісі - алынған әдістің зерттелетін пәннің мәніне және алынатын нәти-жесіне сәйкестігіұстанымы. Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістеріне тоқталайық. Оларды ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады. Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер, істің мән-жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына байқау мен эксперимент енеді.Байқау– жаңа педа-гогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардың ара-ларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі кемші-ліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді. Байқау әдісі өте қара-пайым ұйымдастырылады. Әңгімелесу – қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, бі-лім беру саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәсе-лелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді. Сұхбат – бұл зерттеудің дербес және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады. Сауалнама жүргізу – ма-териал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттел-ген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі. Эмпирикалық танымда байқаудан бөлек эксперименттіқол-данады. Эксперименттің мақсаты, пәні, анықталған шарттары, құрал-дары, әдістері және т.б. нақты болғанда ғана толыққанды ұйымдас-тырылады. Педагогикалық эксперименттің мақсаты - заңдылықтарды орнату, фактілерді табу. Педагогикалық эксперимент жүргізу күрделі және біршама еңбектенуді талап етеді. Көбінесе экспериментті дайындау оны өткізуден күрделі рәсім. Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұ-рақ–жауап (сұхбат, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т. б. жатады. Педа-гогикалық консилиум әдісі.Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағ-дарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулары себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды. Диагности-калық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін. Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері. Тестілеу – бұл жеке тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданыла-тын стандартты әдіс. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кә-сіби психологтар мен педагогтар жасайды. Педагогикалық тестілеу – мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті бағалауға көмектеседі. Көптеген педагогикалық тесттер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьпютердің көмегі-мен тестілеудің нәтижесі шығарылды. Үлгерім тестісі, қарапайым бі-ліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданы-лады. Қазіргі уақытта психометриялық тесттердің ішінен жобалау тестері кеңінен таралған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы шарттарға не-гізделген. Бұл тесттер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін бе-руді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. Мысалы баланың жұмыстары оның тек білімін, қызығушылығын білдіріп қана қоймай, тәрбиеші жайлы психологиялық, педагогикалық ақпарат алуына мүмкіндік береді. Мысалы, сурет, мүсін-деу, қол еңбегі, тіл дамыту, бақылау жұмыстарының нәтижелерін тал-дау баланың психикалық үдерісінің даму ерекшелегін, білімін, білік-тілігін, дағдысын және құзыреттілігінің даму деңгейі туралы қорытын-ды шығаруға болады. Балалармен танысу барысында көбіне, сауалнамаларға қараған-да, олардың ойынға, еңбекке, сабақ түрлеріне және бос уақытындағы әуесіне, өмірдің басқа да аспектілеріне қатынасын көрсетуге қабілетті шығармалар жиі қолданылады. Мысалы, мектепке дейінгі балалар-дың салған суретін талдау жолымен тек танымдық қызығушылықтар-дың болуын ғана емес, сонымен қатар, эмоциясын, сенсорлық және эстетикалық қабілеттерін, сөздік қорын, бейнелі, логикалық ойлауы туралы ұсыныс жасау қажет. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау әдісі.Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау зерттеу жұ-мысына құнды материалдар береді. Зерттеу нысаны ретінде жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді. Жағымсыз тәжірибе қателер мен кемшіліктерді белгілеуге ықпал етеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе мұғалімдердің жаңашыл-дығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады. Ғылыми-педагогикалық танымның теориялық әдістері.Ғы-лыми әдіс – ғалымдардың зерттеу жұмысында пайдаланатын категориялардың, құндылықтардың, реттеуші ұстанымдардың, білім беру модельдерінің, әрекет үлгілерінің және т.б. жүйесі. Ғылыми әдіс – ғалымның назарын аударған шынайы болмысты зерттеудің құралы. Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері.Нақты педагогикалық үдерістердің талдауынан шыға-ды да, олардың даму көздерінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін себептерді анықтайды. Оларға, ең алдымен, үлгілеу, идеалды нысандарды құру жатады.Үлгілеу әдісінің ерекше маңыздылығының нәтижесінде, нақты кез-келген зерттеуде қолда-нылады.
3.4.Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен технологиясы.Ғылы-ми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптасты-ратын танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу және дамудың объек-тивті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс.Ғылыми-зерттеу- таным іс-әрекетінің бір түрі және жаңа ғылыми білім жасау үдерісі. Ол объективтілігі, дәлелділігі, нақтылығымен сипаталады. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері: 1) эмпирикалық (практикалық) зерттеуде мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таң-дау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау арқылы практикалық зерт-теуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді. 2) теориялық зерттеуде негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ашы-лады, бұрын зерттелген ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фак-тілерді, жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туады. 3) әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтиже-сінде педагогикалық құбылыстың жалпы ұстанымдары, әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.
|
|||
|