Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





суретті әкелу керек.



4 суретті әкелу керек.

 

2.6. Педагогика әдіснамасының даму тарихы.Педагогика әдіснамасы дамуындағы негізгі қарама-қайшылық - педагогикалық шынайы болмыс пен педагогика әдіснамасы арасындағы сәйкессіздік. Бұл қарама-қайшылықты шешу үшін ғалымдар педагогикалық құбы-лыстардың дамуы заңдылығында көрініс табатын зерттеу әдістерін құрастыру; педагогикалық болмысты қайта құру әдістерін іздестіру және жүйелеуді ұсынады. Педагогика әдіснамасының даму үрдістерібылайша аталады:

1) педагогика әдіснамасы пәнінің түсінігі мен мәнін тереңдету;

2) педагогика әдіснамасының міндеті - педагогикалық ойлау, ғылыми шығармашылық стилін диалектикалық дамыту мен педаго-гикалық сананы сақтау, қалыптастыру;

3) заманауи зерттеушілердің үш негізгі әдіснамалық ережеге бағыттылығы. Бірінші ереже: кез келген педагогикалық зерттеуде зерттеу нысанының қарама-қайшылықтарына мән беру керек, анық-талған қарама-қайшылықтан зерттеу мәселесін құрастыру және оның шешімін сәйкессіздіктерді нақтылау арқылы негіздеу. Екінші ереже: кез келген педагогикалық мәселе тәрбиелік және дидактикалық жүйе-нің интеграциясымен, педагогикалық білім мен үдерістің бірлігін, жүйелілігін ескеру арқылы қойылуы және шешілуі керек. Үшінші ереже: кез келген педагогикалық зерттеу педагогикалық шынайы болмысты, оның қайта өзгеруі мен эмпирикалық таным нәтижелерін немесе әдістерін қолдануды қажет етеді.

В.С. Степиннің пайымдауынша, ғылым дамуы әдіснаманың сол кезеңге сай сипаттамасы мен түрлерін анықтайды. Ғылым дамуының классикалық кезеңі(XVII ғ.–ХХ ғ. басы) ғалымдардың нысанның мәнін тану құралынсыз танымды жүзеге асыруға болады деген сенімділігі-мен байланысты болды, негізінен зерттеу нысанына басты назар ауда-рылды. Классикалық емес кезең(ХХ ғ. басы және ХХ ғасырдың 60-жылдары) – нысанды зерттеу нәтижесінде алынған білім таным құра-лына қатысты болатынын ғалымдар басшылыққа алды. Неоклас-сикалық кезеңнемесе классикалық еместен кейінгі кезең(ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап) нысанды зерттеуге бағытталған пәндік-тәжірибелік іс-әрекет нәтижесінде алынған білім тек қана та-ным құралына ғана емес, субъектінің дүниетанымына, құндылықтары мен нормаларына да қатыстылығын түсіндірумен байланысты еді. Бұл соңғы жылдардағы әдіснамалық зерттеулердің нәтижесі, ғылыми ізденісте осыны басшылыққа алу керек болды.

В.В. Краевский педагогика әдіснамасының даму тарихын ғылым дамуының кезеңдерімен сәйкестендіру мәселесін қарастырды. Ол М.А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы педаго-гика ғылымы дамуының «классикалық» кезеңіне сәйкес келетінін көр-сетті. Педагогика әдіснамасын әдіснамалық іс-әрекет ретінде қарас-тыру ғылым дамуының «классикалық емес» кезеңіне сай келеді (В.В. Краевский, 1977 ж.). Сондай-ақ, Е.В. Бережнованың (2003 ж.) еңбегін-дегі педагогика әдіснамасының мағынасы педагогиканың дамуының неоклассикалық кезеңіне сәйкес деп пайымдады. ХХ ғасырда және ХХІ ғасыр басында жеке ғылыми бағыт ретінде педагогика әдіснамасы дамуының іргелі негіздері қаланды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.