Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз.



12. Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны.

Қазақстаннан сыртқы көші-қон қозғалысының өршуі, ата-мекенді тастап ауа көшуі 1926-27ж.ж. басталды. Мысалы, Батыс Қазақстанда қоныс аударушылық 1927-28ж.ж. үдей түсті. Қыр жайлап, көшіп-қонып жүрген адай, табын тайпаларының отбасылары кеңес өкіметінің құрығынан және жұт салдарынан құтылмақ болып, Қарақалпақ, Түркеш жеріне көшіп барды. Қазақстандағы қиыншылық жағдайлардан өз ішіндегі көші-қон жағдайларының күшейе түсуі қазақ халқына әкелген ауыртпашылығы өз алдына, үкімет тарпынан жүргізілген қуғындау салдарынан және аштықтан қорыққан қазақтар республикадан тысқары жерлерге, Қазақстанмен көршілес республикаларға және Одақтас мемлекеттерге, арғысы шетелдерге жаппай көше бастады. 1931-33ж.ж. болған қызыл қырғыннан барлық шығын 3млн адам және қызылтабан басқыншылығынан барша халықтың 1900мыңы шетке қарай біржола үдере көшкен. 1930ж басынан 1931ж ортасына дейінгі кезеңдерде ғана Қазақстан жерінен 281280 шаруа қожалығы көшіп кетті, олардың елеулі бөлігі Қытай, Иран, Ауғанстанның жеріне көшіп барды. Ашаршылық жылдары республика шегінен тыс жерлерге барлығы 1303мың адам көшті, олардың 616мыңы біржола кетті де, 414мыңы кейіннен Қазақстандағы жағдай түзеле бастаған уақыттарда елге қайтып келді. Олардың ішінде 200мыңға жуығы Қытайға, Ауғанстанға, Иран мен Түркияға өтіп кетті. Соныен бірге, 1927-28ж.ж. қысында әбден күйзелген Маңғыстау халқы Түрікменстан жеріне, одан әрі Иранға жұмыс іздеп, тамақ табудың жолымен басқыншылыққа ұшырады. Көптеген қазақтардың іргелес республикаларға ауып кеткендегі халық санақтарының мәліметтері де дәлелдейді. Егер 1926ж санақ бойынша басқа республикаларда тұратын қазақтардың саны 314мың болса, ал 1939ж олардың саны 794мыңға жеткен еді.

13. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық ревоюцисы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетініңіз.Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917ж Ақпан революциясының нәтижесінде Патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, отарлық езгіге қарсы көпжылдық күресінің нәтижесінде, жеңісімен аяқталды. 1917ж 28ақпанда М.В.Розликоның басшылығымен мемлекеттік Думаның Комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2наурыз күні мемлекеттік Думаның уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша Үкімет құрылды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік жасады, Уақытша Үкіметтің ұлттық мәселесі бойынша қабылданған алғашқы актілерінің бірі 1917ж 20наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтқа қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша Комитеті мен Уақытша билік орындарын құру туралы 5наурызда арнайы қаулы жарияланды. Осыған байланыста жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола басады. 1917ж Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті. Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары өз әсерін тигізді. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов:”Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қyанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл революцияның оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және екіншіден, олдарды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша Үкімтке барынша қоддау көрсетуіне оның 1916ж 25маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуын тоқатуын, ал 7наурызда 1916ж көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М. Дулатов:”Сары әскер қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кіріскен еді. 10айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлт төңкеріс болмаса, не болар еді”,-деп жазған. Тұтастай алғанда, Уақытша Үкімет те, оның жергілікті ұйымдары да қазақ халқының ұлттық мәселелеріне таскерең күйінде қалды.

14. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясын қарастырыңыз.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздің алдындағы өзекті мәселелерінің бірі-жаңа заман талабына жауап бере алатын мемлекеттің ұлттық идеясын жасау мәселесімен қатар, қазіргі модернизациялану жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық идеяның алатын орнын анықтап, рухани жетілдіру, адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру қызметтеріне кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттілігі туды. Халыққа ортақ бағыт-бағдар беретін ұлттық идеяны қалыптастыру көпұлтты қоғамды біріктірудің маңызды шарты болып табылады. Сонымен, ұлттық идея-этностық, діни, мәдени және өзге де қауымдастықпен біріккен адамдар тобының ұжымдық жады, мақсат-мұраттары мен армандарының, дүниетанымының,көзқарастары мен құндылқтарының кешенді жиынтығы. Қазіргі уақытта ұлттық идея қоғамның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуныа, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға, әлемдік өркениеттік қауымдастықтан өз орнын табуға ұмтылып отырған біздің еліміз үшін ауадай қажет. Ұлттық идея, ел Президенті Н. Назарбаевтың пікірінше, қоғамның дамуына қарай туындайды. Осыған орай “Қазақстан-2030” Стратегиясы біздің осы заманғы ұлттық идеямыздың негізі бола алады дей келе, ұлттық идеяның мынандай басты тұғырларын анықтайды:1)eл бірлігі, 2)экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, 3)интелектуалдық жасампаз қоғам, 4)өркениетті мемлекет. Қазақ хандығы 1465ж құрылғаны-ғылымда әлдеқашан дәлелденген жайт. Ал қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайына жету үшін қазақ халқы түрлі қиындықтарды басынан өткізгені белгілі. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзім ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сараптамалар бұл міндеттер күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Н. Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды.. Н.Ә.Назарбаев алдын кеңінен шолып, халықаралық ұрымтал сәттерді өзіне тән сезімталдықпен байқап отырды. Еліміздің Президенті жүргізіп отырған ішкі саясат та ойдағыдай болып отыр. Соның арқасында 30-ж.ж. басында да Қазақстанда ұлтаралық шиеленістердің ұшқыны да болған жоқ. Басқалар, әсіресе көбіне дамыған мемлекеттердегі сияқты қазіргі экономикалық дағдарыстың салдарын біз аса көп сезе қоймадық

 

15 Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз.

Кеңес үкіметі немесе кеңестер билігі –бұрынғы Ресей империясында (1917жылдың 1 қыркүйегінен Ресей

Республикасы )Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік

 жүйесінің атауы . «Кеңес» сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы тобының сайланбалы жетекші отаны-

Жұмыс депутаттары кеңесі түрінде 1905-07жылғы бірінші орыс революциясында пайда болған.

Қазақстанда кеңес үкіметінің орнатылуы.Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын,жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік

аймақтарда –бейбіт жолмен;

2.Сібір,Орал,Жетісу қазақтары мен офицерлер,кулактар біріккен контрреволюциялықкүштер басым

аудандарда күрес жолымен.

Перовск жұмысшылар мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда өз қолына алды.Ол кезде

бұл үлкен әскери горнизон орналасқан ірі теміржол станциясы болатын.Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады. Сырдария облысында Кеңес укіметінің орнауы оның орталығы Ташкент қаласында 1917 жылы 31 қазанда қарулы күреспен орнады.1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев қаласында жеңді.Қараша-желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата,Түркістанда,Қазалы,Арал поселкісінде бейбіт жолмен орнады.Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 ж. Ақпанның

16-нан 17-не қараған түнде көшті. 1917 жылы желтоқсан-1918 ж. Наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай,Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады.Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А.Иманов, Қ.Қойдасов, В.Зинченко және т.б. күрескерлер үлес қосты.

1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес үкіметі орнады.Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып,1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрревалюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды.Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.Олардың арасында Т.Бокин, Т.Өтенов, Ж.Бабаев, А.Розыбакиев сыяқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды,әскери төңкеріс комитетін құрды. Сөйтіп, наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда әскери-ревалюциялық комитеті басқарған күштер қару-жарақ қоймаларын,почта-телеграфты т,б, маңызды мекемелерді басып алды да,Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.

Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте,Сергиопольда (Аягөз),Талдықорғанда,сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.

Сөйтіп,1917 жылдың қазан айынан бастап,1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті,яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.