|
|||
азақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз.2.Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз. Кешегі Кеңестік республиканың қулауы мен орын алған Қазақстандағы ұлттық қатнастардағы түбірлі өзгерістер ҚР азаматтарының ұлттық,әлеуметтік-саяси бірегейлік сана –сезімдерінде дағдарыс нышандарын тереңдете түскені белгілі.КСРО ыдырағаннан соң көптеген ұлттар қазақ жерлеріне әкелінді.Олармен бірге өмр сүріп келе жатқанымызға қазірде 100 жыл болды.Қазақстанда 150дей ұлттар болса ,олардың басым бөлігі түркі халықтары(қазақ,өзбек,тәжік,қырғыз,түрік т.б.). Біздің еліміздің ерекшелігін айта келе ,Н.Назарбаев бірегейлік мәселені екі деңгей тұрғысынан шешу қажет дейді. «Бірінші деңгей ,ол Қазақстан халқын біртұтас азаматтық және саяси бірегей қауымдастық ретінде қарастыру болмақ.Суперэтникалық қауымдастық емес,ең бірінші орында нақ осы халық ретінде...» -делінеді Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында еңбегінде.Демек көрсетілген алғашқы кезеңде мемлекет тек таза формальді бірлескен жалпыға ортақ құндылықтар негізінде біріккен саналы деңгейдегі жаңа бірлестік болмақ. Екінші деңгейі қазақстандық және шетелдік қазақтардың ұлттық бірегейлігімен тығыз байланысты. Осы жерде қазақ ұлтының ішкі ұлттық бірегейленуі мәселесі шеше отырып, бірегейленудің алғашқы деңгейі – қазақ халқының азаматтық және саяси топтасуы мәселесін әсте естен шығаруға болмайды. Олар өзара тәуелді байланысты. Қазірде ҚР қанша ұлт өкілдері бар, бірақ әр ұлттың тілі, сенімі бөлек болғанымен, оларға ортақ нәрсе бұл – туған жер. Сол үшін бір үйдің баласындай өмір сүріп жатырмыз. 3.Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орны. Тарих-ол халықтың жады,ол біздің рухымызды көтеріп,болашаққа жол сілтейді.Отанымыздың тарихын оқу,зерттеу,бізге қай жерде тұрғанымызды,туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды Отанымыздың келешегі мен бүгініне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады. Тарихты білу адамның тұлға болып қалыптасуында ерекше орын алады. Себебі, тарих Отан – ана мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге тарих – Отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу – әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттыұ мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт – дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Өз халқының өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік мәні зор.
|
|||
|