Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кеңес өкіметінің білім мен ғылым саласындағы реформаларындағы қайшылықтар іс.



20.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын талдаңыз.

Ресей империясы 19ғ соңында қазақ жерлерін зерртеу мақсатында қоныстандыру басқармасы арқылы әр уезде экспедициялар шығарғыны мәлім.Бұл саясат отар аймақты онан әрі игеруге , қазақты құмдық және шөлейт жерлерге ығыстыру мақсатында іске асырылды. Біртіндеп отаршылар көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылдарын отырықшылыққа бет бұру саясатын қоя бастаған еді. Бұны тек кеңес үкіметі ғана күшпен іске асырды.Кеңестер Одағында жаппай ұжымдастыру үрдісі басталған кезде көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарын жаппай отырықшыландыру республика үкіметі ұжымшардың бастапқы түрі жерді бірігіп өңдейтін серіктіктер және малды бірігіп өсіретін серіктіктер болу қажеттігін көрсетті.Қазақстан басшылығының өзі де отырықшыландыру күшпен, дайындықсыз іске асырылғанын мойындауға мәжбүр болған,сондықтан алғашқы жылдары қателіктер мен қиыншылықтар болды. Шаруаға берілген несие ақша да аз болатын. Өз отбасына арнап үй салудың негізгі ауыртпалығы зорлап отырықшыландырылған шаруаның өз мойнына түсті.Сондықтан алғашқы жылдары олар көбінесе жер үйлерге н\е балшықтан, қамыстан салынған лашықтарда тұрды.

Ұжымдастыру мен отырықшылыққа көшу жылдарында Қазақстанда дәстүрлі мал шаруа\ғы күйреп,малынан айырылып,баспанасыз әрі аш қалған қазақтар еріксіз үкімет саясатына бас еді.Сондықтан колхозға мүшелікке жаппай еріксіз кіріп жатты.Алайда отырықшыландырудың алғашқы бес жылдығында орындалмай қалған күрделі міндеттерді кеңес үкіметі келесі бесжылдықта жүзеге асырды.отырықшыландыру жылдарында қазақ ауылының мәдени әлеуметітк жағдайы нашарлап кетті.Көшпелі ж\е жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа күшпен ұжымдастыру қазақтар үшін үлкен қасірет әкелді. 1930 ж 87136 шаруа\қ отаршылыққа көшірілсе, 1933ж бұл көрсеткіш 242208ге жетті.Отырықшылыққа көшу механизмінің өзі қарапайым түсіндірілді.Жүздеген шаруашылықтары бір жерге жинап , деревня типтес поселкелер ұйымдастырылды.Мұның барлығы күштеу әдістері арқылы жүзеге асырылды,орныққан көшпелі ж\е жартылыай көшпелі халықты 100% колхозға қабылдады.Оның үстіне 200 шақырымдық радиусты қамтитын үлкен аймақтарда жүздеген шаруашылықты біріктірген үлкен колхоздар құрылды.Колхоздарға ортақ меншікке алынған малдар қырыла бастады.Ауыл шаруа\да егін өнімі күрт төмендеп кетті, себебі жерінен айырылған шаруалар еңбек етуге құлықсыз болды.Ең қиын жағдай мал шаруашылығында қалыптасты.Ұжымдастыру қарсаныңда Қазақстанда 40,5 млн мал басы болса,1933 ж 1 қаңтарында одан тек 4,5млн басы ғана қалды.

21.Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер-ұлт азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз.

Большевиктер қазақ ауылында әлеуметтік теңсіздікті жою мақсатында шабыныдық ж\е жайылымдық жерлерді бөліске салды.Ф.Голощекин «Жайылымдық жерді бөлу деген не?» дей отырып , бұл науқанға зор екпін бере отырып ж\е төңірегіндегі большевиктерді жігерлендіру үшін «Бұл Кіші Қазан» деді.                                                                                                                              1926ж 20 мамырда «Жерге орналаспай жерді пайдаланатын көшпелі ж\е жарт көшпелі аудандардың шабындық ж\е егісітік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы заң қабылданды.Қазақстанда большевиктер 1926-27 ж 1250мың десятина жайылымдық ж\е 1360 мың десятина шабындық жерді бөлді. Бөлінген жердің 61,6%кедейлер, 8,8% ауқаттылар алды, ал жайылымдық жердің 59,3% кедейлерге, 31,7% орташаларға ж\е 9% ауқатты қожалықтарға берілді.                                                                                                                                                                          Алайда Голощекиннің бұл саясаты еш нәтиже бере алмады.Біріншіден, қазақтың дәстүрлі шаруа\қ жүйесі сақталып отырған жағдайда шабындық ж\е жайылымдық жай бөліске салу еш нәтиже бермеді.Екіншіден, ол жерлер шаруа қожалығындағы отбасы мүшелерінің санына байланысты бөлінеді.Ал қазақ дәстүрінде керісінше, маладың саны мен құрамына байланысты бөлінеді.Үшіншіден, жерге ие болған шаруа\р жерді пайдалана алмады,себебі оларға еңбек құралдары жетпеді ж\е сапасы өте төмен болды. Бірақ большевиктер бұл шараларын тоқтатпады. Осыған орай мал саны 40,5млннан 4,5млнға дейін азайды.кедейлердің саны көбейді. 1932-33 ж аштық басталды.Көптеген адамдар ауруға шалдығып, қырылды.Халық көтеріліске шығып, бірақ қызыл армия оларды тез басып тастады.                                                                 1916ж ұлт азаттық көтеріліс осыған ұқсас болды. Патша үкіметі халықтың жағдайын мүлдем ойлаған жоқ. Олардың жұмыс істеу уақытын ұзартып , жалақыларын азайтты. Тіпті халықты қара жұмысқа алу туралы шешім қабылдайды.Халық бұндай қиындықтарға шыдамай көтеріліске шығады.Осы екі жағдайда да ресей халықты әбден қинады.Өздерінің қалағандарын істеп , қазақ халқын пайдаланды.

22.Алаш зиялыларына қарсы қуғын сүргін қазақ ұлтын рухсыздандырудың ж\е мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.

1937 ж БК(б)П ОКнің И В Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары ж\е олардың құйыршықтарын түп тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.1928 ж ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады.Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж.Аймауытов Ә.Байділдин Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады.Ал қалғандары түрмеге қамалды. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930ж қыркүйек қазан айларында тұтқындалып, оның 15і Орталық Ресейге жер аударылды.1936-38ж Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544 іне халық жаулары н\е халық жауларының сыбайластары ж\е т.б. айыптар тағылды.Танымал қазақ зиялылары,Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын сүргінге ұшырады.олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер б\ша 1931жылдан бастап 1954жылдың 1ақпанына дейінгі кезеңде КСРОда соттан тыс және сот органдары ақпанына дейінгі кезеңде КСРОда соттан тыс және сот органдары 3 млн 777мың адамды ату жазасына соттап оның 643 мыңына үкім орындалса, ал2млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерлерге айдалған.1930 жылдардың ортасында Мирзоян,Құлмамбетов, Н.Нұрмақов, О. Жандосов,Рысқұлов, сынды көрнекті партия ж\е мемлекет қайраткерлері, «халық жаулары» ретінде тұтқындалд ретінде тұтқындалды.

30-жылдары Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді.Бүгінгі күннің көзқарасы б\ша ол мынадай перспективаларды көздеді:саяси салада:Қазақстан халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;әлеуметтік-экономикалық салада:Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отаршылыққа көшіру мен ұжымдастыру;ұлтаралық қатынастар саласында:ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республикалық ұлттық әлеуетін «жақсарту».жалған халық жаууларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады.(Карлаг, Степлаг, АЛЖИР)Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді.Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерленген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылынның жанынан кездейсоқ табылды.Мұнда 1937-38 жылдары атлған белгілі жазушылар мен ақындар: М. Жұмабаев,С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.Майлин, көрнекті ғалымдар А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.

23.Кеңес өкіметінің білім мен ғылым саласындағы реформаларындағы қайшылықтар іс.

1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда жаппай сауатсыздықты жою мен ағарту ісін дамыту ісін мәдени өзгерістердің басты бағыты болды. 20ғ басында халық ағарту ісі қоғамның қосалқы жүйесі ретінде терең дағдарысқа душар болды. Халықтың басым көпшілігі оқи да жаза да алмады, миллиондаған балалар мектепке бармады, оқу орындары мен педагогикалық кадрлардың аса тапшылығы байқалды. Сондықтан, большевиктер халық ағарту саласында кешенді ж\е батыл шараларға кіріскен кезде , қос мақсатқа бірдей жетуді:біріншіден, қарапайым адамдардың ықпалы мен сеніміне кіру ,екіншіден, бұқара халықтың санасына маркстік-лениндік идеялогияны сіңіруді ұйғарды.БОАКтың 1918ж 16 қащзандағы «Бірыңғай еңбек мектебі туралы «ережесі РКФСР халық ағарту комиссариатының 1918 ж 31 қазандағы Ұлттық азшылық мектептері туралы» қаулысы В.И. Ленин  1919 ж 26 желтоқсанда қол қойған. РКФСР халықтары арасындағы «сауатсыздықты жою туралы» қаулысы осы шараға мемлекеттік сипат берді: 1920 жылдан жергілікті халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құрыла бастады. Олар хат танымайтының есебін алуды ұйымдастыру, оқу құралдарын шығарумен айналысты.1920-21 ж сауатсыздықты жою б\ша 2412 қызыл отау жұмыс істеп, онда 72232 адам сауатын ашты. Сауат ашушылар саны бірте—бірте өсті. Егер 1922-23 оқу жылында оқи ж\е жазу білуді небәрі 4,1 мың адам меңгерсе, ал 1926-27 ж оқу жылында олардың саны 43,6мың адамға жетті. Республика халқының сауаттылық деңгейін де артты. 1920 ж 14,4% дан 1926 ж 22,5%ға дейін көтерілді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.