Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





асыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз.



6. 20 ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз.

Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы ұлттық идея қазақтармен бірге дүниеге келді. Әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерілді. Ұлтқа деген құрмет ұлттың сана сезімінің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана төмен болса халықтық қасиетінен айырылады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады. Мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да сақталып қалуы да мүмкін емес. Елдің бірлігін, ішкі тыныштығын, ханның ынсапты болуын, халықтың берекелі байлығын жариялаумен ұлттық идеяны мемлекеттік саясат билігіне көтергендер қатарында Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет жыраулар тұр. Қазақ жыраулары ұлт болмысының тағдырына сын көзбен қарап, оның ұлттық рухпен үндескен тарихи әлеуметтік кеңестігін өздеріңнің рухани шығармаларында сақтап қалған. Сонымен қатар, жырауларды есімізге түсірген кезде, сол дәуірде ел , адам жер тағдыры үшін қоғам шындығы тұрғысында ойлаған зиялы адам бейнесі де көз алдымызға келіп отырады.

7. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастыр.

1. Дүниежүзілік ядролық қаруды тоқтату жөнінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы. Ядролық қаруды таратпау жөнінде бас Штабпәтерді Мәскеуден Астанаға көшіруі.

2.1992ж. наурыз айынан БҰҰ мүше болды БҰҰ ҚР президенті Н.Назарбаевтың экстремизм мен терроризмге қарсы күресу жөнінде Дүниежүзілік БҰҰ жолынан қоғамдық күрес құрып оған Дүниежүзінің бюджетінің 1 пайыз аудару ұсынысы. БҰҰ ның штаб пәтерін Қазақстанға көшіру.

3. Уранды бейбітшілік мақсатқа қолдану жөнінде байытылған уранның банкісі Қазақстанда сақтау жөніндегі ұсынысы.

4. Экономикалық санкцияларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке қолданбау жөніндегі саясатпен экономикалық ара жігін ажырату жөніндегі ұсыныс.

5. ДҮниежүзілік қаржы саясатын өзгерту туралы ұсыныс.

6.Ұлы Жібек жолын жаңарту арқылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолын тез арада бітіріп, дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығу туралы ұсыныс.

7. Климаттың өзгеруіне байланысты Париж келісіміне қол қоюы.

8.Дүниежүзілік жасыл экономикаға көшу жөніндегі және балама энергияларды салу жөніндегі экспо – 2017 көрмесін өткізуді қолға алуы.

9. Еуропадағы ықпалдастық іс – қимыл шаралар жөніндегі парламенттік ұйымына төрағалық етуі.

10. Шанхай Ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі бастамасы және оны іске асыруы.

11. Дүниежүзілік діндердің 1,2,3 съездерін Қазақстанда өткізуі.

12. ИНдия мен Пакистанды, Армения мен Азербайджанды, Ресей мен Турцияны бір үстел басына отырғызып, арасы үзілмейтін етіп жалғаған. ҚР Дүниежүзіндегі тарихта алатын орнын көрсетеді.

 

 

8. Қазақстанның қазіргі ұлттық идеясының тарихи бастауларын білудің маңызын ашыңыз.Ұлттық идея – ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын санада басымдыққа ие көзқарастар. Зерттеушілер бұл ұғымның екі қырына басты маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп танып түсінуі, ал екінші жағынан оның ерекше тарихи адамдар қауымдастығы ретіндегі өз ұстанымдары, көзқарастары, құндылықтары жайлы жалпы әлемге жар салуы. Ежелгі дәуір мен хандық дәуірлеріндегі жыраулар шығармашылығындағы ұлттық идея мен мәңгілік ел ұғымының көрініс табуы қарастырылған, яғни аталған ұлттық идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу екенін білеміз. Ғылыми – көпшілік тарихи журналында: “Мәңгілік ел-түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея...” – екендігін жазған. Мәңгілік ел – мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәнгілік ел саясатын Көк түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат қазіргі қазақ елінің бас ұранына айналуда. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идея қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. Біртұтас Түркістан идеясы, Түркістан конфедерациясы, Еуразиялық одақ идеясы, Жерұйық, Атамекен, Қазақ елі идеясы сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік ел идеясы – қазақ ұлтының мақсат – мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. Қорыта айтқанда, қазіргі ұлттық идеяның тарихи бастауларын білудін маңызы адамзат қоғамы үшін өте зор. Себебі ұлттық идеяның кім, қашан ұсынғаны, қай уақыттан бастау алатыны, қалай қол жеткізгеніміз, жас ұрпақ үшін өте керекті дүниелер деп ойлаймын.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.