Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Болжау түсінігінің мәнін ашыңыз және болжаудың сандық әдістеріне түсініктеме бере отырып тізбектеңіз



35. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытының негізінде стратегия түсінігіне және стратегиялық басқаруға түсініктеме беріңіз. SWOT-талдау әдісінің мәні мен мақсатын түсіндіріңіз.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы-2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:

- Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.

- Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.

- Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.

- Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.

- Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.

- Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.

- Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.

SWOT-ТАЛДАУ- ұйымның ішкі және сыртқы ортасының факторларын анықтау және оларды төрт санатқа бөлу болып табылатын стратегиялық жоспарлау әдісі: Күшті жақтары , Әлсіз жақтары, Мүмкіндіктер, Қауіп-қатерлер.

( Strengths ағылшын сөздерінен қысқарған— күшті жақтары, Weaknesses — әлсіз жақтары, Opportunities — мүмкіндіктері, Threats — қауіптер). Баламаларды салыстырудың жиі қолданылатын әдістерінің бірі.

36. Болжау түсінігінің мәнін ашыңыз және болжаудың сандық әдістеріне түсініктеме бере отырып тізбектеңіз

Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және басқарушылық болжау.Болжам (немесе болжау) - ғылым методологиясында – мәні толық анықталмаған заттар мен құбылыстардың негізінде жатқан ішкі байланыстар мен қатынастар туралы ұсынылатын ғылыми жорамал.

Сандық мәліметтердің артықшылығы – нақты математикалық үлгілерді қолдануға және белгілі бір ықтималдыққа сүйеніп сенімділік интервалын көрсетіп, жағдайдың келер шақта даму қарқынын анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен де сәйкесінше математикалық үлгілерді жасау арқылы шешуге болатын мәселелер шеңбері нақты шешім қабылдауға талап ететін жағдайлардан аз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.