Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Билік пен ықпалдылықтың формалары.



Билік пен ықпалдылықтың формалары.

Басшылық жасау үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін биліктің негізі болуы керек. Белгілі бір билікке ие болу үшін сіз орындаушыға аса қажетті бір нәрсені өз қолыңызға алу арқылы өзіңізге бағынуға мәжбүр етесіз.

Ықпалдың барлық формалары басқа адамның талаптарын орындауға талпындырады. Соның салдарынан басшы және орындаушы болашақтағы ұқсас немесе ұқсас емес мәнерлерін қалыптастырады. Басшы бағыныштыларға ықпал етеді.

Биліктің әртүрлі формалары болады. Олар:

1. Мәжбүр етуге негізделген билік. Үрейлендіру арқылы ықпал ету.

Орындаушы ықпал етушінің әрекеттерінен жасқанады. Аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай тастауы мүмкін деп ойлайды.

2. Марапаттауға негізделген билік. оң дұрыс әсерді күшейту арқылы ықпал ету.Орындаушы ықпал етушіге өз еңбегінің жемісі үшін жақсы сыйлық аламын деп сенеді. Ол одан жақсылық күтеді.

3. Сараптау билігі. Салихалы сенім арқылы ықпал ету.

Орындаушы ықпал етушінің белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруына мүмкіндік беретін билігі бар деп сенеді.

4. Эталондық (үлгі билігі). Харизма арқылы әсер ету.Орындаушы үшін ықпалдың сипаты мен қасиеттері өте жағымды, сондықтан ол ықпал етушіге ұқсағысы келеді.

5. Заңды билік. Дәстүрлер арқылы ықпал ету.Орындаушы ықпал етушінің бұйрық беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің парызы екендігіне сенеді. Орындаушы бағынған кезде қажеттіліктер қанағаттандырылатынын түсінеді де, дәстүр бойынша ықпал етушіге бағынады.

32. Дивизионалды құрылымның мәнін ашып және оның типтеріне сипаттама беріңіз

Дивизионалды (бөлімдік) құрылым- өнімдер құрылымдарының қажеттілігі ірі фирмалардың санының артуымен, диапазон мен жаһанданушының кеңеюімен байланысты. Бөлінетін құрылым құрылымдық бөлімшелерге қызметкерлерді біріктірудің басты критерийі болып табылады. Құрылым ұқсас технологияға тәуелді тауарлар мен қызметтерді біріктіреді. Олар: Құрылым өнімге бағытталған және Географиялық аймаққа бағдарланған болып бөлінеді.                                                          1)Әрбір бөлім бір өнім желісіне немесе бір клиенттік нарыққа баса назар аударады.
2)Компанияның осы аймақтағы барлық функциялары бір басқарушыға есеп береді. Құрылым компанияның күш-жігерін жергілікті нарықтың қажеттіліктеріне, ерекшеліктеріне аударуға көмектеседі

33. Жанама сыртқы ықпал ету ортасының мәнін ашып, оны құраушы факторлардың түрлерін белгілі бір ұйым мысалы негізінде тізбектеңіз                                                                                                   Жанама әсер ететін факторлар ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып немесе реттеп отыра алмайды. Мұндай факторларға жататындар:

  • елдегі экономикалық хал-ахуал;
  • техникалық немесе технологиялық;
  • әлеуметтік (мәдени);
  • саяси.

Экономикалық хал-ахуал: экономикалық өсудің қарқыны; төлем балансы; жұмыспен қамту деңгейі болып бөлінеді.

Экономикалық осу — үкіметтің инфляцияны таяу

жылдарда ауыздықтау, ал келешекте мүлдем тоқтату және төлем балансын қалыпқа келтіру жолындағы негізгі мақсаты. Экономиканы серпінді дамыту жан басына шаққанда ұлттық өнім үлесінің өсуіне, халықтың, оның барлық әлеуметтік топтарының ауқатты өмір сүруіне негіз болады. Экономикалық хал-ахуал кәсіпорынның мүддесіне қосымша капитал тартуына тікелей ықпал етеді.

Үкімет:

  • салықтарды, ақша массаларын, несиенің
  • процент мөлшерін реттейді;
  • экономикалық жағдайдың тұрақты қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Жұмыспен қамту деңгейі. Мұндағы басты мәселе жұмыссыздық. Ол жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды адамдардың өндірісте және басқа да қызмет орындарында жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық — нарықтық экономика жағдайында жұмыс күшіне деген сұраным пен ұсынымның арақатынасының көрсеткіші. Жұмыссыздық деңгейінің оңтайлы межеден аспауын қамтамасыз ету жолында іске асырылатын макроэкономикалық шаралар кәсіпорындар қызметінің оңалуына тікелей әсер етеді.

Техникалық факторлар — кәсіпорынның атқарымдылығы, өзгерту, жетілдіру, қосымша мүмкіндіктер мен шектеу тенденцияларын қамтиды. Өндірісті жаңа техникамен жабдықтаудың өнім өндіруде, оны дайындау мен тиімді сатуда, ақпарат жинауда, кәсіпорыннан тұтынушылардың қандай жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін күтетіндігін анықтауда алатын орны ерекше.

Әлеуметтік факторлар. Кәсіпорын белгілі бір мәдени ортада қызмет атқарады, оның қызметтерінің табыстылығына ел тұрғындарының:

  • мәдениеті,
  • тарихи ерекшеліктері,
  • менталитеті мен әдет-ғүрыптары әсер етеді.

Саяси факторлар қоғамның саяси жағдайын жөне оның тұрақтылық деңгейін анықтайды. Бұл — мемлекеттің, заң органдарының және соттардың кәсіпорынмен қарым-қатынас барысында ұстанатын көзқарасы.

Осы көзқарас: табысқа салық салу; салық жеңілдіктерін белгілеу; тұтынушыларды қорғау жөніндегі заңдарды әзірлеу; айналадағы ортаны қорғау; бағаға бақылау жасау;



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.