Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз



30. Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз

Тура әсер ететін факторлар деп – ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды айтамыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады. Тура әсер ету ортасына жабдықтаушы, тұтынушылар, бәсекелестер, сонымен қатар ұйым қызметіне тікелей әсер ететін мемлекеттік органдар мен құқықтық нормалар жатады.

Мемлекет— кәсіпорын үшін реттеуші, қорғаушы және басшылық етуші ролін атқарады.

Сонымен қатар, ол:салық жеңілдіктерін белгілейді; субсидия (жәрдем), несиелер береді;

процент мөлшерін белгілейді; басқа да көптеген реттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Жеткізуші — кәсіпорынның өндірістік кызметтеріне қажетті материалдық-техникалық ресурстармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші.

Тұтынушы – қандайда болсын тауарларды өз мүддесі үшін пайдаланушы. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады.

Бәсекелестер- бұл өндірушілер арасындағы күрес.

31. Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз

Ықпал — жеке адамның келесі бір адамның мінезіне, қатынасына, сезіміне т.б. өзгеріс енгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары ретінде өтініш, құлаққа сыбырлау, немесе ең соңғы саты — қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана иедяларының көмегімен ықпал етеді. Басқарушы, өзінің лидерлігі мен ықпал әсерін тиімді ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытады.

“Билік — басқарушылардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігі” Басқарушыда билік болмаса ұйымның жұмысы алға баспайды, тәртіп нашарлайды. Ұйымдағы билік тек ішінара иерархиямен анықталады. Белгілі бір жағдайдағы бір адамның билігінің мөлшері оның ресми өкілеттіктерінің деңгейімен емес оның басқа адамға тәуелділік дәрежесімен анықталады. Басқа адамның тәуелділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамның билігі үлкен болады



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.