|
|||
Еселік қатынас заңына мысал келтіріңіз18.Еселік қатынас заңына мысал келтіріңіз Еселік қатынас заңы — химияның негізгі заңдарының ( стехиометрия заңдарының) бірі. Бұл заң бойынша екі элемент бір-бірімен бірнеше молекулалық қосылыс түзетін болса, онда бір элементтің екінші бір элементтің масса бірлігіне келетін массаларының қатынастары бүтін сандардың қатынасындай болады. Ал құрылымы молекула емес қосылыстар үшін олардың құрамына кіретін элементтердің бірінің екінші элементтің белгілі бір массалық бөлігіне келетін мөлшерінің өзара қатынасы бөлшек сандар қатынасындай болуы мүмкін. Соңғы кездері құрам тұрақтылық заңына бағынбайтын көптеген стехиометриялық емес қосылыстар белгілі болды. Мысалы, титанның құрамы алу жолына тәуелді болатын TіO0,58—1,33, TіO1,45—1,56 және TіO1,9—2,0 формулаларымен сипатталатын оксидтерінде eселік қатынас заңы сақталмайды. Тіпті құрамы молек. қосылыстар үшін де eселік қатынас заңы орындалмайды. Мысалы, азот қосылыстарындағы оттектің белгілі бір массасына келетін азот массасының қатынасы бүтін сандардың қатынасындай болмайды. Сол сияқты, көміртектің оксидтерінде де eселік қатынас заңы тек бір жақты орындалады. Дегенмен, eселік қатынас заңының тұжырымдалуы атом түсінігінің қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Еселік қатынас заңын 1803 жылы ағылшын ғалымы Дж. Дальтон ашты. Стехиометрия - заттардың арасындағы массалық және көлемдік қатынастарды қарастыратын химияның бөлімі. «Стехиометриялық мөлшер» деген ұғым химиялық реакцияның теңдеуіндегі немесе формуладағы заттың мөлшеріне сәйкес келеді. «Стехиометриялық есептеулерге» заттардың түрлері мен олардың арасында жүретін теңдеулері бойынша әр түрлі есептеулер және оған заттардың түрлері мен химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыру да жатады. Стехиометрияның негізін стехиометриялық заңдар құрайды. Бұларға заттар массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, эквиваленттер заңы,еселік қатынас заңы, кәлемдік қатынас заңы, Авогадро заңы жатады.
|
|||
|