Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Негіздік оксидтердің алыну жолдары сипаттаңыз



8.Негіздік оксидтердің алыну жолдары сипаттаңыз

Негіздік оксидтер.Негіздік деп негіздер сәйкес болатын оксидтерді айтады. Мысалы, Na2O, CaO, FeO, NiO— негіздік оксидтер, себебі оларға, негіздер тән: NaOH, Са(ОН)2, Ғе(ОН)2, Ni(OH)2. Кейбір негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп негіздер түзеді. Мысалы:

Na20 + H20 = 2Na0H; CaO + H2O = Ca(OH)2

Басқа негіздік оксидтер тікелей сумен әрекеттеспейді, ал оларға сәйкес келетін негіздерді тұздардан алады. Мысалы:

NiSO4+2NaOH = Ni(OH)2 + Na2SO4

Негіздік оксидтерді тек қана металдар түзеді.

Оксидтердің алынуының екі үлкен тәсілі бар.

Жай және күрделі заттарды жағу аркылы

бейметалдарды:

C+O2=CO2 , S+O2=SO2

металдарды:

2Cu+O2=CuO, 2Mg+O2=MgO

күрделізаттарды:

CH4+2O2=CO2+2H2O, 2H2S+3O2=2H2O+2SO2

 

 

9.Берілген заттағы элементтің массалық үлесіне сипаттама беріп,оның есептелу жолын көрсетіп,мысал келтіріңіз.

Химияда суда еріген зат пен еріткіштің арасындағы сандық қатынасты анықтау үшінерітіндінің концентрациясы деген ұғым енгізілген.Ерітіндінің концентрациясы еріген зат шамасының жалпы ерітінді шамасына қатынасымен анықталады.

Ерітінді концентрлі және сұйылтылған болып бөлінеді. Егер ерітіндінің ішінді еріген зат мөлшері аз болса – сұйылтылған, көп болса – концентрлі ерітінді деп аталады.

Ерітіндінің концентрациясын химияда әр түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Мысалы, пайыздық, молярлық, т.б. Ерітіндінің концентрациясын көрсететін ең қарапайым әдіс пайыздық концентрацияны қарастырайық. Ерітіндідегі еріген заттың массасы массалық үлеспен(ω омега) өрнектеледі.Еріген заттың массалық үлесі деп еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасымен өлшенетін шаманы айтамыз. Оны пайыз ( %) есебінде береміз.

1. Массалық үлес бірліктерімен: а) ω =

 

немесе процентпен өрнектеледі: ә) ω%=

Ерітіндінің пайыздық концентрациясына есептеулер:

1-есеп. 20г зат 90г ерітіндіде болса оның массалық үлесі қандай?

Берілгені: Шешуі:m(зат)=20

m(ер.ді)=90г ω%= ω%= = 22

т ̸ к: ω - ?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.