|
|||
Сілтілердің алыну жолдарын көрсететін реакция теңдеулерін көрсетіңіз2.Сілтілердің алыну жолдарын көрсететін реакция теңдеулерін көрсетіңіз Сілтілер — сілтілік, сілтілік- жер және аммонийдің гидроксидтері. Сілтілерге суда жақсы еритін негіздер жатады. Электролиттік диссоциация кезінде сілтілер OH− анионын және метал катионын түзеді. Сілтілерге мыналар жатады: Периодтық жүйенің Iа және IIа топшаларындағы (кальцийден бастап) металдардың гидроксидтері, мысалы, NaOH (күйдіргіш натр), KOH(күйдіргіш кали), Ba(OH)2 (күйдіргіш барит). Физикалық қасиеттері Сілтілік металдардың гидроксидтері (күйдіргіш сілтілер) өз алдына бөлек қатты, ақ түсті, ылғал тартқыш заттар болып келеді. Сілтілер — суда жақсы еритін, күшті негіздер, олардың суда еру реакциясы әжептәуір жылу бөлінумен өтеді. Сілтінің күштілігі мен суда ерігіштігі периодтық жүйенің әрбір тобындағы катионның радиусы неғұрлым көбейсе, соғұрлым арта түседі. Ең күшті негіздер — Ia тобында цезий гидроксиді және IIa тобында радий гидроксиді. Бұдан басқа, күйдіргіш сілтілер этанол және метанолда ериді. Химиялық қасиеттері Қатты күйінде барлық сілтілер H2O-ны ауадан сіңіріп алады, және де CO2-ні де (сондай-ақ ерітінді күйінде) ауадан сіңіріп алады (біртіндеп карбонаттарға айнала отыра). Сілтілер өндірісте кең қолданылады. Сілтілердің маңызды химиялық қасиеті — қышқылдармен реакция кезінде тұздар түзе алуы. Реакция мысалдары: NaOH + HCl → NaCl + H2O Алынуы Сілтілік металдардың хлоридтерін электролиздеу арқылы немесе сілтілік металдардың оксидтеріне сумен әсер ету арқылы алады.
3.Ерігіштігі бойынша негіздердің топтарын атаңыз.Олардың химиялық қасиеттерін көрсетіңіз Негіздер– ерітінділерінде бір немесе бірнеше гидроксид иондарын түзіп, диссоциацияланатын күрделі заттар. Егер элемент бірнеше гидроксид түзетін болса, оның тотығу дәрежесі рим цифрымен көрсетіледі. Мысалы, Cu(OH)2 – мыс (ІІ) гидроксиді, CuOH – мыс (І) гидроксиді. Негіздердің көпшілігі суда ерімейді немесе аз ериді. Суда жақсы еритін Негіздерді сілтілер деп атайды. Оларға LіOH, NaOH, KOH, RbOH, CsOH, Sr(OH)2, Ca(OH)2, Ba(OH)2, NH4OH (NH3*H2O аммиак суы) жатады. Сілтілердің судағы ерітінділері теріні, матаны, т.б. күйдіреді. Осыған байланысты кейде оларды күйдіргіш калий, күйдіргіш натр, т.б. деп те атайды. Құрамында екі не үш гидроксид тобы бар Негіздер ерітіндіде сатыланып диссоциацияланады. Мысалы, Ca(OH)2*Ca(OH)++OH (бірінші саты), Ca(OH)+Ca2++OH– (екінші саты). Сонымен қатар бір мезгілде қышқылдық және негіздік типпен диссоциациялана алатын Негіздер (гидроксидтер) де болады. Негіздердің химиялық қасиеттеріБарлық негіздерге ортақ қасиетолардың қышқылдармен әрекеттесіп, тұз және су түзуі. Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуі Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуін мына тәжірибеден көруге болады. Стаканға шамалап калий гидроксидін құйып алып, оған 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызсақ ол таңқурай түсіне боялады. Енді осы стаканға жайлап шыны таяқшамен араластыра отырып күкірт қышқылының ерітіндісін тамызсақ, ерітіндінің түсі біртіндеп жойылады. Себебі мына реакция жүреді: 2КОН + H2SO4 = K2SO,4 + Н2О Суда ерімейтін негіздер де қышкылдармен1111111111 әрекеттеседі. Ғе(ОН)3+ЗНСl=ҒеСl3+ЗН2O Осы реакцияның жүргенін бастапқы қызыл-коңыр түстің біртіндеп сарғыш тартқанынан және тұнбаның еруінен білуге болады. Бұдан мынадай тұжырымға келеміз: негіз + қышқыл = тұз + су
|
|||
|