Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ышқылдың негізділігін түсіндіріңіз.Бірнегізді қышқылдардың қасиеттерін сипаттаңыз.



4.Қышқылдың негізділігін түсіндіріңіз.Бірнегізді қышқылдардың қасиеттерін сипаттаңыз.

Қышқыл — химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутекатомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді. Қышқыл ертітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды
Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н33) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.

H2CO3→CO2↑+H2O;

H2SO3→H2O|+SO2

Қышқылдардың құрылысының формуласын жазғанда әуелі сутектің таңбасын шетіне жазамыз, өйткені ол бір валентті элемент.

 

5.Оттегісіз,оттекқұрамды қышқылдардың алыну жолдарын көрсетіңіз.Мысал келтіріңіз.

Қышқылдар – бір немесе бірнеше сутегі атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.Иондардың гидратациясын есепке ала отырып, қышықлдардың диссоциациялануын дәлірек былай жазуға болады:

HC1 (г)↔Н+ (ерітін) + C1 (ерітін)

СН3СООН ертінді↔Н+ (ерітінді)+СН3СОО (ерітінді)

Қышқылдар суда сутегі ионымен қышқыл қалдықтарына — аниондарға диссоциацияланатындығы көрініп тұр. Қышқылдар сутек ионынан бөтен, басқа катиондарды түзбейді. Қышқылдардың диссоциациялану механизмі: полюсті молекулалардың айналасында судың дипольдері бағытталып олардың әрекеттесу нәтижесінде полюсті Алынуы. Оттекті қышқылдардың көпшілігі сумен бейметалдардың (тотығу дәрежесі жоғары болатын) оксидтері әрекеттескенде алынады. Мысалы:

SO3 + H2O↔H2SO4; N2Os + H2O = 2HNO3...Егер мұндай оксидтер суда ерімейтін болса, онда оларға сәйкес қышқылдар жанама жолмен алынады, анық айтсақ сәйкес тұзға басқа қышқылмен (көбінесе күкірт қышқылымен) әсер етіп алады. Мысалы:

Na2SiO3+H2SO4 = Na2SO4+H2SiO3

Сутегін бейметаллмен қосу арқылы алынған сутекті қосылысты суда ерітіп оттексіз қышқылдар алады. Бұл НҒ, HC1, HBr, HI, H2S.

Техникада және халық шаруашылығында көп маңызы бар қышқылдардың алу тәсілдері II бөлімде қарастырылады.

Қасиеттері. Қышқылдар — сұйық (H2SO4, HNO3 және т. б.) немесе қатты заттар (Н3РО4 және т. б.). Көпшілік қышқылдар суда жақсы ериді. Олардың ерітінділерінің қышқылдық дәмі болады, өсімдік және жануарлар тканьдерін жеп жібереді, көк түсті лакмусты қызыл түске өзгертеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.