|
|||
Валенттілік,тұрақты және ауыспалы валенттілігі бар элементтерге мысал келтіріңіз10.Валенттілік,тұрақты және ауыспалы валенттілігі бар элементтерге мысал келтіріңіз Валенттілік, іліктілік (лат. valentіa — күш) — атомның басқа атомдарды немесе атомдар тобын қосып алып химиялық байланыс құру қасиеті. Валенттіліктің мәні берілген элементтің атомы ала алатын немесе орнын баса алатын сутек атомдарының санымен өлшенеді. Химияға валенттілік ұғымын 1853 ж. ағылшын химигі Э.Франкленд (1825 — 1899) енгізген. А.М. Бутлеровтың қосылыстардың химиялық құрылысы теориясына (1861) Валенттілік негіз болды, Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесін ашуына (1869) байланысты бұл ұғым одан әрі дамыды. Менделеев элементтің валенттілікінің оның периодтық жүйедегі орнымен байланыстылығын тапты, айнымалы валенттілік туралы ұғымды енгізді, элементтің сутекпен және оттекпен қосылыстарындағы валенттіліктерінің өзара байланысын көрсетті. Валенттіліктің электрондық теориясы (Коссоль теориясы, 1916) бойынша атомдардың өзара әрекеттесуі бір атомнан (немесе бірнеше атомдар тобынан) екінші атомға электрон ауысуымен байланысты деп қарастырылды; осыдан келіп оң және теріс валенттілік ұғымы шықты: элементтің оң валенттілік оның инертті (сарғылт) газдардыңэлектрондық құрылысына ие болу үшін өзінен беретін, ал теріс валенттілік өзіне қабылдайтын электрондардың санына тең. Алайда, атомдардың бір-бірімен әрекеттесуі кейде электрон ауысуынсыз да іске асады. Элементтердің валенттілікіне қарап химиялық формулаларды жазуға болады. Валенттілік теориясының дамуындағы жаңа кезең атомның кванттық-механикалық теориясының жасалуымен байланысты. Валенттіліктің кванттық-механикалық теориясы бойынша элементтердің химиялық қасиеті және олардың валенттілік атомның сыртқы электрон қабатының құрылысына байланысты. Атомдар өзара әрекеттесіп химиялық байланыс түзулеріне тек сыртқы электрондық қабаттағы электрондар қатысады. Атомның негізгі (қозбаған) күйіндегі валенттілік оның сыртқы электрондық қабатындағы жалқы (жұпсыз) электрондар санына тең (яғни спиндері қанықпаған электрондар).
|
|||
|