|
|||
СұрақтарСтр 1 из 30Следующая ⇒ Сұрақтар 1.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарына сипаттама беріңіз 2.Сілтілердің алыну жолдарын көрсететін реакция теңдеулерін көрсетіңіз 3.Ерігіштігі бойынша негіздердің топтарын атаңыз.Олардың химиялық қасиеттерін көрсетіңіз 4.Қышқылдың негізділігін түсіндіріңіз.Бірнегізді қышқылдардың қасиеттерін сипаттаңыз. 5.Оттегісіз,оттекқұрамды қышқылдардың алыну жолдарын көрсетіңіз.Мысал келтіріңіз. 6.Қышқылдық оксидтердің химиялық қасиеттерін сипаттаңыз 7.Тұздардың типтеріне және олардың қасиеттеріне мысал келтіріңіздер. 8.Негіздік оксидтердің алыну жолдары сипаттаңыз 9.Берілген заттағы элементтің массалық үлесіне сипаттама беріп,оның есептелу жолын көрсетіп,мысал келтіріңіз. 10.Валенттілік,тұрақты және ауыспалы валенттілігі бар элементтерге мысал келтіріңіз 11.Д.И Менделеевтің периодтық жүйесі және периодтық заң.Элемент қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндіріңіз. 12.Атомдардың электрондық құрылысын түсіндіретін ережелерді атаңыз.Элемент қасиеттерінің олардың атомдық құрылысына тәуелділігін түсіндіріңіз. 13.Химиялық байланыс,оның түрлері,түзілу жолдарын көрсетіңіз 14.Эквиваленттер заңын күрделі қосылыстардың эквиваленттерін анықтауға қолданыңыз 15.Реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін сипаттаңыз 16.Вант-Гофф ережесін қолданып ,реакция жылдамдығының темпаратураға тәуелділігін түсіндіріңіз 17.Реакция жылдамдығына катализатордың әсерін сипаттаңыз 18.Еселік қатынас заңына мысал келтіріңіз 19.Тотығу-тотықсыздану реакциялары және олардың типтерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырыңыз 20.Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсерлесуші заттардың табиғатының әсерін сипаттаңыз. 21)Газ заңдары және оларды қолдану ерекшеліктерін сипаттаңыз 22.Химиялық тепе-теңдік неге динамикалық деп аталуын мысал келтіріп,түсіндіріңіз 23.Ле Шателье принципін тұжырымдаңыз.Қайтымсыз реакцияларға мысалдар келтіріңіз 24.Ерітіндінің концентрациясын сипаттаудың әдістерін сипаттаңыз 25.Электролиттік диссоциация теориясы көмегімен қышқыл,негіз,тұз түсінігіне анықтама беріп,мысалдар келтіріңіз 26.Электролиттің диссоциялану дәрежесі және оның қандай факторлармен байланысты екенін дәлелдіңіз 27.Әлсіз электролиттердің диссоциялану ерекшеліктеріне тоқталыңыз.Оствальд заңына сиаттама беріңіз 28.Күрделі қосылыстар ерітінділерінің диссоциялану константасының сипатталуына мысал келтіріңіз 29.Тұздар гидролизі және гидролизге ұшырайтын тұз ерітінділерінің ортасын анықтау 30.Тұздардың сатылы гидролиздеуіне мысал келтіріңіздер 31.Әлсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз гидролизіне бірнеше мысал келтіріңіз. 32.Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз гидролизіне сипатттама беріңіз. 33.Күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз гидролизіне сипаттама беріңіз. 34.Сутектік көрсеткіш. Ерітінділердің ортасын анықтау жолдарына мысал келтіріңіз. 35.Кешенді қосылыстардың классификациялануына мысал келтіріңіз. 36.Кешенді қосылыстардың аталу ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз. 37.Иондық байланыстың түзілу ерекшеліктерін сипаттаңыз. 38. Металдық байланыстың түзілу ерекшеліктерін сипаттаңыз. 39.Сутектік байланыстың түзілу ерекшеліктерін мипаттаңыз. 40.Жай заттардан кешенді қосылыстардың айырмашылығын түсіндіріңіз.
|
|||
|