Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк нормалау



Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн мемлекеттiк нормалау

Заңды және жеке тұлғалар тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн:
1.Нормативтiк және техникалық құжаттардың талаптарын, ал олар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген, ұқсас өнiмдердiң сапасы мен қауiпсiздiгiне талаптар белгiлейтiн нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарды сақтау;

2.Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң дайындау, сақтау тасымалдау және сату кезiндегi сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастырушылық санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы, малдәрiгерлiк-санитарлық, технологиялық, инженерлiк-техникалық, агрохимиялық және фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзу;

3.Сапаны басқару жүйесiн енгiзу арқылы тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне, оны дайындау, сақтау, тасымалдау және сату шарттарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды жүргiзу;

4.Нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiкке мiндеттi түрде сертификаттауға жататын тамақ өнiмдерiне сертификаттауды және өнiмдi санэпидсараптаманы жүргiзу арқылы қамтамасыз етедi.

5. Нәтижелерi сертификаттаудың мақсаттары үшiн пайдаланылмайтын азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн зерттеудi белгiленген тәртiппен аттестациядан өткен зертханалар жүзеге асырады.

6. Тамақ өнiмдерiн сертификациялық сынауды сертификаттаудың мемлекеттiк жүйесiнде тiркелген зертханалар сынақтарды жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес жүргiзедi.

        Азық-түлік өнімдеріне экологиялық жағдайдың әсері

Қазіргі таңда азық-түлік өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігі өзекті және жаһандық мәселе болып отыр, себебі ол тек қана денсаулықты ғана емес, сонымен қатар экологиялық және экономикалық аспектілерді қамтиды.

Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтың денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды алаңдатуда. Қазақстан үшін де бұл ең өзекті мәселе.

Қалаларда, әсіресе, өнеркәсіп, өндіріс орындары бар қалаларда ауа атмосферасының  ластануынан экологиялық қауіп деңгейі артып отыр. Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау секілді қалалар сол бұрынғы ластанған күйлерінде. Бұл өңірлерде қоршаған ортаны ластаушы-қазандықтарға айналып отырған ең ірі өндіріс бірлестіктері орналасқан. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылық өнімдері мен дайын өнім сапасына кері әсерін тигізеді.

Еліміздегі экологиялық нүктелердің енді бірі-зиянды қоқыстар тастап, қалдық сулар жіберуден ластанған су көздері. Бірінші кезекте Ертіс өзені мен Ертіс бассейнінің басқа да өзендері тұр. Бұдан кейін ластанған су көздерінің қатарына Іле, Елек, Нұра, Сырдария, Шу өзендері мен Самарқанд су қоймасы кіреді. Экология саласында осы ретпен арнайы тоқталуды талап ететін орманды, сулы-батпақты жерлерді, сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау, т.б. секілді сан түрлі проблемалар бар.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нақты шаралар қазірдің өзінде 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының индустриалдық-иновациялық дамыту стратегиясына, 2006 жылға арналған Үкімет бағдарламасына, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекетік бағдарламсына, 2004 және 2010 жылдарға арналған ҚР-ның ауылдық аумағын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Бұл бізді қуантады, өйткені бұрын мұндай проблемалар аталған бағдарламада мүлде болмайтын. Қоғамды экологияландыру немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік экологияның көздейтін мақсаты, бір жағынан, адамдардың табиғат тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Aдaм aғзacының қaлыпты дaмуындa, дeнiнiң caу, caнacының cepгeк бoлуындa тaбиғи және тaзa тaмaқ өнiмдepiнiң pөлi aca жoғapы бoлaтындығы бeлгiлi. Aлaйдa, қaзipгi зaмaндa әpтүpлi тeхнoгeндiк әcepлepдeн, қopшaғaн opтaның лacтaнуы caлдapынaн әлeмдe мaлдың қaуiптi жұқпaлы aуpулapы пaйдa бoлуымeн қaтap, aдaм aғзacы үшiн aca қaуiптi химиялық зиянды элeмeнттep (мыc, қopғacын, cынaп, мыpыш қaтapлы улы мeтaлдap, paдиoнуклидтep, пecтицидтep мeн aнтибиoтиктep т.б.) мaлдың жaйылымы мeн жeм-шөп, өciмдiк apқылы мaлғa бepiлiп, мaл өнiмдepi apқылы aдaм aғзacынa eнiп, әp қилы aуpулapдың туындaуынa ceбeпкep бoлудa.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.