Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тамақ өнімдерінің негізгі құрамдық заттары



         Тамақ өнімдерінің негізгі құрамдық заттары

Тамақтың жеке құрамдас бөліктерінің физиологиялық маңызы Ақуыздар - тағамның маңызды құрамдас бөлігі, Тағамдағы ақуыздың жетіспеушілігі ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмауының себебі болуы мүмкін. Ал ақуыздың мөлшері жетіспеген жағдайда, өсіп келе жатқан ағзаның дамуы тежеледі, жүйке жүйесінің, бауырдың және басқа мүшелердің жұмысы бұзылады, ауыр аурудан кейін жасушаның қалпына келуі нашарлайды. Рационда ақуыз мөлшерден көп болса, ағзаға өзінің кері әсерін тигізеді. Біздің мемлекетте қабылдаған тамақтану мөлшерінде, тамақ рационында акуыздың орташа жалпы калория есебінен 14 % болу керек екендігі ұсынылған. Ақуыз адам ағзасына тек қана тамақ өнімдерімен бірге түседі. - бұл құрамына 5 элемент кіретін жоғарымолекулалы органикалық қосылыстар: көміртегі (51…55 %), сутегі (6,5…6,7 %), оттегі (21,5…23,5 %), азот 1(5…18,6 %), күкірт (0,3…2,5 %) Ақуыздар өсімдік және жануардан алынуы мүмкін. Олар тек қана аминқышқылдарынан тұратын қарапайым (протеиндер), аминқышқылдарынан және табиғаты ақуызды емес заттардан тұратын күрделі (протеидтер). Stud. Ақуыздар үш топқа бөлінеді: - суда және басқа да сұйықтықтарды еритін ақуыздар; - еримейтін ақуыздар; күрделі ақуыздар - протеидтер. Бірінші топ ақуыздарына: альбуминдер, глобулиндер, проламиндер, глютелиндер, протаминдер және гистондар жатады. Олар [l-аминқышқылдарынан тұрады. Екінші топқа жануар ақуыздары: коллаген - сіңір ақуызы, кератин - жүннің, тұяқтың, мүйіздің және т.б. ақуызы жатады. Олар тұз қышқылында, органикалық ерітінділерде ерімейді, бірақта ұзақ уақыт қыздырғанда суда ериді. Үшінші топқа күрделі ақуыздар (фосфопротеидтер, нуклепротеидтер, гликопротеидтер, липипротеидтер, хромопротеидтер және басқалары) жатады. Фосфопротеидтер акуыздардың фосфор қышқылымен қосылысы (казеин - сүттің негізгі ақуызы және басқалары). Гликопротеидтер ақуыздардың көміртегімен қосылысы (шеміршекті ұлпалар және басқалар).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.