Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жоғарғы жаққа жасалатын анестезия түрлері



Жоғарғы жаққа жасалатын анестезия түрлері

Торусальды анестезия – инені салатын нүкте болып төменгі жақ білігі, ол жерден тіл, ұрт және ұяшықтық жүйке өтеді, жансызданады.

Жүргізілу техникасы:

Науқастың аузын максималды түрде ашамыз.

Шприцті қарама қарсы жатқан азу тістердің деңгейінде ұстап тұрып, инені ұртқа қарай перпендикулярлы бағыттаймыз.

Қанат-төменгі жақ қатпарын анықтап алғаннан соң, оның латеральды жатқан қатпарына, жоғарғы жақтың соңғы азу тісінен 0,5 см төменірек инені қадаймыз. Инені сүйекке тірелгенге дейін төменгі жақтың ұяшықтық жүйкесін жансыздандырамыз. Ал инені алып шығарда тағы біраз анестетик жіберу арқылы тіл жүйкесін жансыздандырамыз.

Жансыздану аймағы:

Анестезия жүргізілген жақтың тістері, төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісімен қатар сілемейлі қабаты, вестибулярлы және тіл жағынан да.

Сәйкесінше жақтың тілдің жартысы және тіласты аймағы, төменгі жақтың ерні мен ұртының сілемейлі қабаты. Иектің жартысы.

Мандибулярлы анестезия – ең кең таралған анестезия түрі. Жансыздандырудың бұл түрінде төм.жақ тесігінің маңында орналасқан ұяшықтық және тіл жүйкелері жансызданады. Ауыз ішілік және ауыз сыртылық жасалатын түрлері болады. Ауыз ішілік анестезияның өзі пальпаторлы және аподактильді болып екіге бөлінеді.

Жүргізулі техникасы: Аподактильді:

Науқастың аузын максималды түрде ашамыз.

Шприцті қарама қарсы жатқан азу тістердің деңгейінде ұстап тұрып, инені ұртқа қарай перпендикулярлы бағыттаймыз.

Қанат-төменгі жақ қатпарын анықтап алғаннан соң, оның латеральды жатқан қатпарына, жоғарғы жақтың соңғы азу тісінен 0,5 см төменірек инені қадаймыз. Инені сүйекке тірелгенге дейін төменгі жақтың ұяшықтық жүйкесін жансыздандырамыз. Кейін шприцті қарама қарсы ортаңғы күрек тістерге қарай бағыттап, инені тереңірек сол бағытта жылжытамыз.

Ментальды анестезия – төменгі жақтың ментальды тесігіне енгіземіз. Инені кіші азу тістердің мағындағы өтпелі қатпардан 8-10 мм төменірек енгізіп, иектік тесікке анестетик жібереміз. Бұл кезде төменгі ерін мен иектің жартысы, альвеолярлы өсіндімен оның вестибулярлы бетінде орналасқан сілемейлі қабат, сонымен қатар кіші азу тістер мен ит тіс, күрек тістер жансызданады.

Ауыз сыртылық жасалатын әдістер:

1) Бетсүйек асты әдістер:

- Егоров бойынша

- Уваров бойынша

- Берше бойынша

- Берше – Дубов бойынша

2) Төменгі жақ асты әдіс

3) Жақартылық әдіс

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.