Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ ҚУЫСЫ ТУБІНІҢ ТЕСІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЫЛАНКӨЗІ



ЖОҒАРҒЫ ЖАҚ ҚУЫСЫ ТУБІНІҢ ТЕСІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЫЛАНКӨЗІ

Д. Е. Танфильев гаймор қуысының тесілуінің себептеріне байланысты келесі жіктелуін ұсынады:

1) Одонтогендік тесік (тіс жүлу, тіс түбірін кесу, цистотомия, гайморотомия).

2) Арнайы тесік (туберкулез, мерез, актиномикоз).

3) Ісіктерден болатын тесік.

4) Жарақатқа байланысты тесіктер.

Клиникалық мәліметтерге қарағанда гаймор қуысы түбінің тесілуі 50%-тен 90%-ке дейін тіс жүлу операциясына байланысты. Жоғарғы жақ қуысының түбі жиі жағдайда жоғарғы үлкен және кіші азу тістерді жұлғанда тесіледі, ол әдетте қуыспен тіс түбірлерінің өзара анатомиялық қарым-қатынасына немесе тіс түбірлеріндегі созылмалы қабыну процестеріне байланысты Гаймор қуысы түбінің тесілуі жедел немесе созылмалы, асқынған және асқынбаған түрлерінде болуы мүмкін.

Қуыс түбі тесілген күннен бастап 2—3 аптаға дейін диагноз қойылса ол жедел түріне жатады, ал жоғарыда аталған мерзімнен асса созылмалы деп саналады. Гаймор қуысымен ауыз қуысының арасындағы тесік ұзақ мерзімге созылса, жара өзегі эпителизацияланып жұлынған тіс ұяшығының аумағында жыланкөз дамиды.

Науқастың шағымына, анамнезіне, арнайы зерттеу (зондпен тексеру, қуысты жуу, рентгенография т. б.) мәліметтеріне сүйене отырып гаймор қуысының тесілгеніне диагноз қойылады. Мұндай науқастарды тексергенде қосалқы зерттеу тәсілдеріне зондпен шұқып тексеру және қуысты ұяшық арқылы антисептиктер ерітіндісімен жуып-шаю жатады. Зондтың бату дәрежесі мен жуынды құрамын қарап гаймор қуысында қабыну процесінің бар-жоғын анықтайды.

Гаймор қуысының тесілуін анықтау үшін рентгенография, контрастты рентгенографиялық зерттеу әдістерінің орны өте маңызды. Бұл әдістер дәрігерге сүйек ақауының көлемі, қуыста тіс түбірінің бар жоғы, шырышты қабатында қабынудың болуын, оның орны мен көлемі туралы мәліметтер береді.

Науқасқа жүргізілетін емдік іс-әрекеттің кезектілігі, оның түрі, оперативтік емнің керек еместігі, қажет болса оның көлемі қуыста қабыну процесінің бар-жоғына байланысты. Қуыс түбінің тесілуі асқынбаған жедел түрінде бірден анықталса, ұяшықты тіс жұлынысымен тігеді, керек болса кедергі жасаған альвеолды өсіндінің қырларын қысқашпен кесіп алып, вестибулярлы және таңдай жағының жүмсақ тіндерін сылып босатқан соң барып тіс ұяшығына тігіс салады. Кей жағдайларда гаймор қуысы мен ауыз қуысы аралығындағы тесікті жауып, ол өздігінен біту үшін тез қататын пластмассадан тосқауыл пластина қоюға болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.