Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Хирургиялық стоматологиялық науқасты тексерудің негізгі және қосымша әдістері.



1. Хирургиялық стоматологиялық науқасты тексерудің негізгі және қосымша әдістері.

Негізгі әдістерге: сұрау (шағымы, өмір анамнезі, ауру анамнезі), қарау: сыртқы қарау, ауыз қуысын қарау. Пальпация. Перкуссия. Қосымша әдістерге: рентгенодиагностика, КТ, МРТ, сиалография, гистологиялық зерттеу, цитологиялық зерттеу, микробиологиялық зерттеу.

2. Самай асты-жақсүйек буындарының қабыну аурулары. Диагностика және емдеу қағидалары.

Артриттер

 Этиологиясына байланысты жіктейді: инфекциялық және травматикалық артриттер, даму сипатына байланысты —жедел және созылмалы. Инфекциялық артриттердің өзі: спецификалық және спецификалық емес деп бөлінеді. Травматикалық артриттер механикалық зақымдану нәтижесінде дамиды.

Жедел артрит-самай-төменгі жақ буындарының травманың нәтижесінде механикалық әсер ету нәтижесінде дамитын жағдай: ұрылу, соғылу, ауыз қуысын шексіз ашу және т. б.

Науқастар зақым алған жердегі ауырсынуға,ауыз қуысын ашқанда ауырсынуға шағымданады,иек бұл кезде зақымдалған жаққа ығысады.Ісіну дамиды. Пальпациялағанда ауырсынады.Рентгенологиялық зерттеуде,байлам аппараты үзілсе,буынға қан құюлымен жүреді; бұл жағдайда рентгенде буын саңылауының кеңеюімен байқалады.

Жедел артриттің инфекциялық түрі жедел тонзиллит, суықтану, тұмау және т. б. нәтижесінде дамиды. Іріңді паротит,жақ тармақтарының остеомиелиті,мастоидит,отит кезінде инфекцияның таралуынемесе гематогенді жолмен таралуы нәтижесінде ревматикалық және ревматоидты артрит дамуы мүмкін.

Іріңді артриттің дамуы буын аймағында инфильтраттың түзілуімен,тері гиперестезиясымен,гиперемирленген. Сыртқы есту жолы тарылған: науқастар естудің нашарлауын,бас айналуын байқайды.Иекті басқанда ауырсыну күшееді. Дене температурасы 38°С дейін жоғарлаған, ЭТЖ↑, С-реактивті белок реакциясы оң. Рентгенограммада: экссудаттың жиналуына байланысы саңылау ұлғайған. Ревматикалық артрит кезінде екі буынның да зақымдануы тән.Науқастарды тексеру барысында жүрек ауруларын анықтайды: ақау, ревмокардит және т.б.

Ревматоидты артрит кезінде бір самай төменгі жақ буыны зақымдалады,бірақ науқастар ауырсынуды басқа буындардан көрсетеді:иық,жамбас сан немесе тізеде.Бұл кезде самай-төменгі жақ буыны бірінші болып өте сирек зақымданады, ревматоидты артрит кезінде оның зақымдануы авторлардың зерттеулері бойынша 50,7% [Каназирска Ц., Мажаров Д., 1978].

    Травмалық артрит кезінде емді ауырсынуды басудан бастайды.Науқасқа анальгетиктерді тағайындайды (анальгин 0,25 г 3 рет күніне) және жергілікті гипотермия 2—3 күн аралығында, кейіннен—УКС-терапия 10—15 мин күніге, 6күн, электрофорез калий йод және новокаин (кезектен). Бір уақытта ронидазбен, парафин- немесе озокери-тотерапия, балшықпен компресс жасайды. Ауырсыну қоймаған жағдайда диадинамикалық ток Бернарды тағайындау (2—3 сеанс).

Созылмалы артрит-буынның сыздап ауырсынуымен,қимылдың шектелуімен,сықырмен,таңертеңгілік құрысулармен байқалады.Ауырсынулар тұрақты,төменгі жақтың функциясы жаңарғанда күшейеді. Науқас ауыз қуысын 2—2,5 см дейін ашуға қабілеті бар.Ауыз қуысын ашқанда орташа крепитациямен, ал кейде сықыр естіледі,бұл кезде иек зақымдалған жаққа ығысады.

Рентгенограммада буындық саңылаудың тарылуын анықтаймыз— результат реактивті нәтижелерін,ал кейіннен буын шұңқырының және төменгі жақ шеміршегінің басының  деструктивті өзгерістермен байқалады.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық жағдайда,дене температурасы қалыпты.Қанда көзге көрінерлік өзгерістер жоқ, ЭТЖ ↑ 25— 35 мм/сағ.

 Ревматикалық және ревматоидты артриті бар науқастарды емін  ревматолог қадағалайды. Травмалық артриттің созылмалыға ауысқанда ультрадыбысты терапия, парафин- және озокерито- терапия, шайнау бұлшықеттерінің массажы, балараның уын электрофорез, медициналық өтті, йод препараттарын тағайындайды. Миогимнастика жақсы нәтиже береді:төменгі жақты қимылдатпай ауыз қуысын ашу.Науқасты орындыққа отырғызып,шүйде бөлігін қабырғаға тақап,ауыз қуысын ашқанда және жапқанда қолмен иегін басады.Мұндай жаттығуларды науқас өзбетінше күніге таңертеңгілік уақытта  2—3 рет куніне 3—5 мин, 4—6аптаға созылады.

 Миогимнастика әдісін Б.К.Костур ұсынған (1981). Авторлар дозирленген қысымды иекке төменнен жоғарыға қарай және алдыдан артқа қарай ғана емес,сонымен қатар жанына,ауыз қуысын ашқан кезде қарама қарсы жаққа ығысқан жаққада жасау керек деген.Бұндай жаттығулар 5— 10 рет жасайды,күніне 3—4 сеанс.

 Комплексті емде ауыз қуысын және мұрынжұтқыншақты санациялау маңызды болып табылады,көрсеткіш болған жағдайда тісті рациональды протезирлеу жүргізеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.