Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тісті жұлу операциясы (жансыздандыру, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының асқынулары).



1. 26 тісті жұлу операциясы (жансыздандыру, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының асқынулары).

Тубиральды анестезиясы.Нысана үстіңгі жақтың төмпешігі. Онда үстіңгі тістер өрімінің артқы бөлігіне кіретін көптеген тесіктер бар. Нысана белгілері: 876/678 тістер, өтпелі қатпар мен шықшыт-альвеола қыры. Ақыл тіс ұясының шетінен тесіктерге дейін 2,0-2,5 см-дей.

Ішкі тәсіл –ауызды сәл ашылған қалпында езу мен ұртты стоматологиялық айнамен сыртқа тартады. Инені шықшыт-альвеола қырының артын ала 2 азудың немесе 2-3 азудың арасына шамалап өтпелі қатпарға қадайды. Сүйекті жағалай отырып жоғары, артқа, ішке қарай бағытталған ине үстіңгі жақ төмпешігін айналып өтеді. Ине жылжыған сайын аздап анестетик жіберіп отырады, бұл қан тамырларын инемен жарақаттанудан сақтайды. Шаншу тереңдігі 2,0-2,5 см 10-12 мин соң жоғарғы артқы тіс ұяларының нервісі анестезияланады.Анестезия аумағы. Үш азу мен оның тұсындағы альвеолды өсінді, кіреберістегі кілегей қабық, үстіңгі жақ дөңесі, гаймор қуысының артқы қабырғасының кілегей қабығы.

Сыртқы тәсіл – науқастың басын қарсы жаққа бұрып сол қолмен шықшыт-альвеола қырын белгілейміз. Оң жақтан ине шаншығанда сол қолдың сұқ саусағы мен бас бармақты жоғарыдан төмен ұстаймыз. Мұнда сұқ саусақ қырдың иілген жеріне тіреледі. Бет сүйегі мен шықшыт – альвеола қыры арасында үлкен бұрыш пайда болады. Жұмсақ тіндер саусақпен сүйекке қарай сығылады. Инені аталған бұрышқа шаншып, ерітінді жібере отырып жоғары, ішке, артқа қарай 2,0-2,5 –дей тереңдікке бойлатады.

Сол жақтан ине шаншығанда бас бармақ шықшыт-альвеола қырының алдында, ал сұқ саусақ шықшыт-альвеола бұрышы мен қырдың арт жағын ұстайды.

Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар

Асқынулар жалпы және жергілікті болып бөлінеді.

Жалпы асқынулар:талу, коллапс, шок, аллергиялық реакциялар, анестетиктен улану. Жалпы асқынулар дәріні көтере алмаудан немесе уланудың салдарынан болады.

.Аллергиялық реакциялар:

Есек жем.Нерв жүйесі функциясы бұзылған кезде пайда болады. Анестетик енгізген соң аяқ астынан терінің әр жері күлдіреп, қатты қышып, ашып мазалайды. Кейде күлдіреген жерде торсылдақ пайда болады. Жұтқыншақ пен көмейдің кілегей қабығының күлдіреуі салдарынан жөтел мен тұншығу мазалайды. Ауру жедел ағымды, көп күндер ішінде күлдіреу бір жерде жоғалса басқа жерде пайда болып жалғасып отырады. Есекжемнің созылмалы қайталанатын түрі де бар.

                   Емі. Димедрол, борм ішу кұн сайын 0,1% 1 мл-ден тері астына адреналин геу. Жағдай ауырласа суда ерігіш гормондар (преднизолон, гидрокортизон) қолданылады.

                   Квинке ісігі теріде, кілегеі қабықта болатын шектелген, жедел ағымды ісік. Жұтқыншақ, көмекей ісігі тыныс алу мен жұтуды қиындатады. Ісіктер қышымайды, ауырмайды, тек бозарып тұрады. Аймақтық лимфа түйіндері өзгермейді. Квинке домбығуы қалқанша безі қызметі нашарлаған адамдарда жиірек болады.

                   Емі. Тері астына атропин, венаға 10% хлорлы кальций ерітіндісі енгізіледі, 6-8 күндей димедрол не супрастин ішу керек.

                   Шок – барлық маңызды ағзалар қызметінің күрт төмендеуі Даму себептеріне байланысты шок: геморрагиялық, анафилактикалық жарақаттық, кардиогендік, психогендік т.б. болып жіктеледі. Іс жүзінде стоматологияда анафилактикалық шок жиі кездеседі. Новокаиннің анафилактикалық шок тудыратын дәрілердің ішінде 4-ші орында екендігін есте ұстаған абзал. Бұл асқыну өзінің аллергиялық ауруы бар немесе жақын туыстарының бірінің аллергиялық ауруы бар немесе жақын туыстарының бірінің аллергиялық анамнезі ауыр болған науқастарда жиі кездеседі. Анафилактикалық шоктың белгілі кардиальды, астмоидты, церебральды, абдоминальды түрлері бар. Ол жай түскендей, ауыр, орташа, жеңіл болып бөлінеді. Белгілі түрінде – кейбір адамдар дәріні енгізген соң біраздан кейін мазасызданып, қорқып беті мен қол-аяғы қышып, жыбырлап құлағы шулап басы ауырады, терлейді. Беті бозарып тамырлары тартылып, естен тануы мүмкін. Көз қарашығы ұлғайып, жарыққа қимыл әсері сақталады. Төс тұсы ауырып, ол жүрекке қарай жылжиды. Тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді. Эпигастрия аймағындағы сезілген ыңғайсыз жағдай ішінің шаншуына ұласып, лоқсу күшейіп науқас құса бастайды. Кейбірулердің іші кеуіп, еріксіз зәрі мен нәжісі шығып кетеді. Кейде тыныс тарылса, кейде асфиксия болады.

                   Емі. Жағдайға байланысты түрліше әрекеттер жасалады. Науқастың басын бүйіріне қарай бұрып, тілін шығарып, аузын құсықтан тазалап, төменгі жақты алға қарай жылжытып, жоғарғы тыныс жолдарын ашып күштеп тыныс алдыру керек. Антигеннің қанға тарап кетуін әрі қарай тежеу үшін ине шаншылған жерді айналдыра 0,1% 0,5 мл адреналинді 5-10 мл-дей натрий хлорлы изотоник ерітіндісіне араластырып егеді. Бұлай ету мүмкін болмаса 1 мл-дей адреналинді анестетик жіберген жерге енгізеді. Гистаминге қарсы дәрілер (1% 2-4 мл димедрол, 2,5% 2-3 мл супрастин, 2,5% 2 мл пипольфен, 3% 3-5 мл преднизолон, 0,1% 0,5 мл гидрохлоид адреналин венаға, бұлшықетке) қолданылады. 5% 100-120 мл эпсилон-аминокапрон қышқылын қолдану жақсы нәтиже береді. Бронхоспазм күшейе бастаса, 2,4% 10 мл эуфиллин немесе 0,5% 2 мл изадрин жібереді. Жүрек қызметін қалыптастыру үшін диуретиктер, жүрек глюкозидтерін 2-4 мл лазикс, 0,06% 0,5-1,0 мл коргликон егеді. Дәрілер венаға жіберіледі. Бұлшықетке егілген дәрілер жақсы әсер бермейді. Сонымен қатар оттек ингаляциясы жасалады.

                   Жағдай жөнделмесе дәрілерді қайтадан қолданамыз. Қажет болған кезде жүрек-өкпе жүйесі реанимацияланады. Анафилактикалық шокты бастан кешкен науқастар жүрек, бүйрек, асқазан-ішек жолдарынан болатын асқынулардың алдын алу үшін арнайы бөлімдерде жатады. Мұқият зертегі талданған аллергологиялық анамнез асқынулардың алдын алуға жол ашады.

Новокаинмен, тримекаинмен улану.Организмге новакаин мен тримекаинді белгілі мөлшерден артық ендіру улануға соқтырады. Улану орталық нерв жүйесін қоздырады, содан кейін оның қызметін тежеп коллапсқа, тыныс алу мен жүрек қызметін тоқтатуға соқтырады. Уланудың жеңіл түрінде науқас лоқсып, басы айналады, ыстықтап, аяқ-қолының еті тартылады. Уланудың ауыр түрінде бұл аталған жайларға нерв жүйесінің қозуы, тырысу қосылады. Көп кешікпей қозу тоқтап, тежеу басталып тыныс алу тоқталады. Қозу мен тежеудің тез алмасуы бірнеше минут ішінде болуы мүмкін.

Емі. Уланудың жеңіл түрінде науқасты жатқызып, мүсәтір спиртін иіскетіп тыныш халде қалдырған жеткілікті. Уланудың ауыр түрінде венаға тез әсер ететін барбитураттар (13% 1-2мл тиопентал натрий) жібереді. Барбитураттар анестетик күшін азайтып оның улану әсерін тежейд. Қажет жағдайда 10-20 минуттан соң барбитураттарды қайтадан венаға жіберуге болады. Тыныс алу нашарлағанда (респиратор арқылы) күштеп тыныс алдыру керек. Онымен қатар тырысуға қарсы кураре тәрізді дәрілерді қолданамыз. Улы организмнен айдап шығу үшін тездетілген диурез (маннитол, лазикс) қажет.

Емханада уланудың белгілері сезіле бастағаннан-ақ оған қарсы күрес шараларын жүргізіп, жедел жәрдем шақыру керек. Улануға қарсы қолданылатын дәрілер емханада дайын тұруы қажет.

Жергілікті асқынулар.- Иненің сынуы.

-Қан тамырлары мен оның тармақтарының жаралануы. Өтпес, ұшы майысқан инелерді қолданғанда, анестезия техникасын дәл ұстамағанда болуы мүмкін. Туберал анестезиясы кезінде қанат тәрізді вена өрімдері жараланып, тез арада гематома пайда болады, ұрттың жұмсақ тіндері ісіп шыға келедк. Гематома өздігігнен ыдырап тарайды немесе іріңдейді.

Емі. Гематома пайда бола бастаған сәтте, ол жерді басып тұрып, қысып таңу, бір тәулік бойы мұздатып ұстаған жөн. Іріңдеп кетпеуі үшін алғаш қабынуға қарсы дәрілер, кейінірек оны ыдырату үшін УЖЖ, құрғақ ыстық қолданылады. Іріңдеген гематоманы тіліп, қабынуға қарсы, денсибилизация дәрілерін тағайындайды.

Бет терісінің ишемиясы. Осы жерді қамтамасыз ететін қан тамырының тарылуынан болады, сондықтан бет терісі тез ағарып кетеді. Бірақ бұл көрініс көп ұзамайды. Емнің қажеті жоқ. Инфраорбитал, ментал анестезияларда жиі кездеседі.

Нервтің жаралануы. Анестезия техникасын бұзған кезде нысанадағы нерв пен бірге оның маңындағы нервтер жаралануы мүмкін. Эндоневрал анестезиясы кезінде ине нерв талшықтарын үзіп, жыртып кетуі белгілі симптомдар (парестезия, ауыру, температура тактилді сезімдердің төмендеуі) арқылы білінеді. Кейде көп мөлшердегі анестетикті жылдам енгізгенде де нерв талшықтары жарақаттанады. Мандибуляр анестезия кезінде инені шектен тыс терең бойлатып жіберсе бет нервтері анестезиясында ымдау етінің парезі пайда болады. Осы сияқты инфраорбитал анестезиясы кезінде бет нервінің ұрт пен бет тармақтары жансызданады. Үшкіл нервтің жарақаты күннен айларға созылатын парестезия мен невралгия түрінді болып, оның тармақтарының тітіркенуі бет нерві мен симпатикалық нервтерге тарауы мүмкін.

Ауа эмболиясы. Шприцте ауа қалып, оның анестетикпен бірге қантамырға түсуі. Бұл асқыну дәрігердің олақтығының салдары болып табылады.

Жаңылысып басқа дәрілерді (спирт, сілті, сутегінің қосотығы т.б.) қолдану. Ауыр асқынулар қатарына жатады. Бұл дәріханадан жаңылысып басқа дәрі беру немесе емханада анестетиктерді басқа дәрілермен аралас сақтау, дәрілердің ұқыпсыздығының салдары. Бұл қателіктің алғашқы белгісі – дәріні ендіре бастағанда-ақ қатты ауыру.

Емі. Жаңылыс жіберілген дәрінің концентрациясын төмендету үшін жедел түрде сол аймаққа 0,25% новокаин, физиологиялық ерітіндімен (80-120-150 мл) блокада жасалады. Содан соң барып тілу керек. Іріңдеп некроз болмауы үшін антибиотиктер қолданып, жараны гипертоник ерітіндісімен жуып, қадағалап тұрады.

Бұлшықет жарақаттары (жақтың қарысуы)мандибуляр, торусал анестезияларында кездеседі. Асқыну қант тәрізді етті өтпес немесе ұшы майысқан инемен жаралау, бұлшықетке шектен тыс көп анестетик енгізуден болады.

Клиникасы. Ауырсынып, ауыз жақсы ашылмайды.

Емі. Ауызды сода ерітіндісімен шаю, жақ астына жылу қою, контрактураны тарататын терапия, механикалық ем.

Таңдайдың кілегей қабығының некрозы. Жаңылысып басқа ерітінділер енгізумен бірге, анестетикті көп мөлшерде (1,0 мл-ден артық) жіберсе де (кілегей қабық сүйек қабығымен бірге сүйектен ажырап кетуі мүмкін) болады. Сүйек қабығының ажырауы тіндердің қоректенуін бұзып жұмсақ таңдаймен сүйектің некрозына соқтыруы мүмкін.

Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу, ине ұшы кілегей қабық астында болуы керек.

Жұмсақ таңдай парезі. Палатинал анестезия кезінде дәріні таңдайдың үлкен тесігінен артқа енгізгенде шектен тыс көп анестетик жібергенде пайда болады. Науқас лоқсып, құсып, жөтеліп, таңдайда бөгде зат бар сияқты сезінеді.

Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу, анестезия техникасын бұзбау.

Емі. Жұмсақ таңдай тілшесін, тілдің түбіне тимейтіндей етіп ауызды кере ашып, терең тыныс алу, операцияны тез аяқтау.

Мұрын түбінің кілегей қабығының жаралануы. Күрек тістер анестезиясында инені 0,3-0,5 мм-ден терең енгізгенде болады. Қан ағуы мүмкін.

Диплопия. Қосарланып көріну инфраорбиталды анестезия кезінде инені тереңдетіп сұғудан, көп мөлшерде анестетик жіберуден келіп шығады.

Алдын алу. Инені өзек ішінде 7-10 мм-ден артық сұғуға, 0,5-0,75 мм-ден артық анестетик жіберуге болмайды.

26-тісті жұлу- Үстіңгі 6-7 – ші тістерді жұлатын қысқыштар жақтарындағы өсінділеріне байланысты оң, сол болып бөлінеді. Өсінді тістің ұрт (вестибуляр) жағына орналасып, ұрт түбірлерінің арасына қарай бойлайды. Сондықтан ол қысқыштың сол жағына орналасса оң, ал керісінше сол жақты болып саналады.

2. Төменгі жақасты үшбұрышының абсцестері мен флегмоналары. Үшбұрыштың анатомиялық шегі: төменгі жақ сүйектің төменгі қыры, қос қарынша бұлшықетінің алдыңғы және артқы қарыншалары, үстіңгі шегі — жақ-тіласты бұлшықеті, астыңғы шегі — мойынның меншікті фасциясының беткей қабықшасы. Жақасты кеңістігін толтырып тұратын клетчаткада жақасты сілекей безі, бет артериясы, алдыңғы бет венасы лимфа туйіні орналасады. Бұл жерге инфекция — кешеуілдеп жарып келе жатқан үшінші азу тістен, төменгі үлкен және кіші азу тістердің түбір ұшында болатын қабыну процестерінен тарайды. Жақ астында ауыратын ісік пайда болып, жұтынуда ауырсынады. Жақасты үшбұрыштығының тереңінде тығыз, ауыратын инфильтрат пайда болып, тері қабаты керіле бастайды. Коллатеральды домбығу күшейіп, төменгі жақ сүйек қимылында ауырсынады. Төменгі жақасты аймағының және 2-3 дәрежелі жақ флегмонасы қарысуы болуы мүмкін. Флегмона — даму шыңына жете бергенде, дене қызуы 3 8— 3 9° көтеріліп, науқастың жалпы жағдайы нашарлап, тәбеті мен ұйқысы бұзылады. Іріңді зат мойынға жұтқыншақ маңы кеңістігіне және ауыз қуысы түбіне таралуы мүмкін. Сондай-ақ алдыңғы бет жүйесі және мойындырық венасының тромбозы болуы ықтимал.

Жақасты клетчаткалы кеңістігінің флегмонасы сепсиспен және медиастинитпен асқынуы мүмкін.

Емі. Флегмонаны ашу үшін, төменгі жақ сүйегінің қырынан төмен қарай және оған параллель 1—2 см төмен ұзындығы 3—4 см тері қабатын тіледі де, теріасты клетчаткасы мен бұлшықеттерін қан тоқтатқыш қысқашпен ашады. Іріңді шығарып, жараға дренаж қояды.

Иек асты кеністігінің флегмонасы жанеабцессі:Шекарасы: жоғарғы-жақ-тіл асты бұлшықеті,төменгісі –мойынның беткей фасциясы,бүйірінен-алдыңғы қос қарыншалы бұлшықеттің он және сол беті, Шағымы: өздігінен ауру сезіміне. Абцесс;: домбығу,тері аймағы инфильтрацияланған,қозғалмалы,3-4 күнде тығыз инфильтрат п.б. Терісі спаяна,түсі қызыл. Флюктуация байқалынады.Флегмона кезінде – жайылған инфильтрат, ісіну,ауыздыың ашылуы шектелмейді.егерде қабыну процессітаралса,жұтынғанда және шайнағанда ауырады,тері қатпарға жиналмайды,қызарады,Пальпациялағанда флюктуация көрінеді.Емі;хирургиялық, Абцесс кезінде –инфильтрационды анестезия жасап,тері және тері асты клечаткаға 3-4см горизонтальды тілік жасайды.Флегмона кезінде-ірінді ошақтыны теріден төменгіжақ қырынан тіл асты сүйегіне доға тәріздес тілік жасайды, иекасты бөлігінен төменгі жақ негізіне параллель.дренаж қояды. Микробқа қарсы ем:Антибиотиктер;Ампициллин,стрептомицин,линкомицин т.б.

3.Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары

Екі немесе одан көп зақымдаушы факторлар әсерінен болатын жарақат — аралас жарақаттар деп аталады. Аралас радиациялық жарақаттар бет-жақ аймағының оқпен немесе оқсыз жарақаттануы. Сәуле ауруын тудыратын радиоактивті заттармен зақымданғанда көрінеді. Радиацияның сіңген мөлшеріне байланысты, сәуле ауруының бірнеше дәрежесін ажыратады.

Адамда сәуле ауруының жеңіл дәрежесі радиацияның сіңген 1—2 Гр, мөлшерінде дамиды, орта ағымы — 2—4 Гр, ауыр 4—6Гр, өте ауыр 6 Гр жоғары. Егер 10 Гр мөлшерінен жоғары болса өлімге әкеледі. Сәуле аурының ағымы — қосалқы аурулардың санына байланысты. Сәуле ауруын 4 кезеңге бөледі:

I — біріншілік реакциялар. Сәулемен зақымданғаннан 24 сағаттан соң дамып бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін (көбіне 2 күнге). Науқас әлсіздікке, бастың айналып ауыратынына, ауыздың қүрғақтығына, дәмді сезбеуіне, шөлдейтініне шағымданады. Тері қабатының гиперемиясы, дене қызуының артуы, ентігу, тахикардия, артериялық қысымның түсіп кетуі анықталады. Кейде қозу, ұйқышылдық, әлсіздік болады. Менингиалды белгілер көрінуі мүмкін: бүлшықет тонусы артуы, іштің түйіліп ауыруы, кебуі, динамикалық іштің жүрмей қалу белгілері көрінеді. Қанда уақытша лейкоцитоз, анықталады, ЭТЖ артқан. Сәуле ауруының жеңіл дәрежесінде клиникалық біріншілік реак-циялар көрінбейді. Жоғары сіңірілген мөлшерде науқастар кома жағдайында болады. Бул кезеңде жарақатқа біріншілік хирургиялық емдеу жүргізуге болмайды. Ол жарақатқа қосымша зиян әкеледі. Хирургиялық көмек өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана қолданылады.

II — жасырын (латентті) ұзақтығы 12—14 күндей. Бұл уақытша клиникалық жеңілдікпен сипатталады. Жоғарыда аталған белгілер жоғалып, қан көрсеткіштері қалыпқа келеді. Бет тіндерінің аралас радиациялық жарақаттануы кезінде 1 -ші хирургиялық өңдеуді мерзімнен кейін жүргізеді. Ол бір мезгілдік, радикалды және ақырғы ем болуы тиіс, міндетті түрде тұйық тігістер салумен аяқталады. Осы талаптарды мүлтіксіз орындағанда ғана сәуле ауруының шыңына дейін жарақаттың жазылуына жағдай жасалады. Тіндердің механикалық жарақаттануында новокаинмен блокада жасалу көрсетілген. Антибиотиктерді міндетті түрде қолданады. Кеш біріншілік хирургиялық өңдеу (48 сағаттан соң) жарақаттың іріңдеуін жоймаса де инфекциялық асқынудың ауырлығы мен ағымын азайтуға жағдай жасайды. Біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізгенде тіндерді аз, үнемдеп кесу керек. Мүқият түрде бөгде денелерді алып тастайды, әйтпесе олар ойық жаралар тудыруы мүмкін. Зақымданған тамырларды тігеді. Сәуле ауруы шыңына жеткенде аққан қанды тоқтату өте қиын, кейде геморрагиялық синдромдар көрінуі мүмкін. Сынық түсындағы тістер міндетті түрде жұлынады, ал сынықтардың өткір шетін тегістейді.

Сүйек жарақатын өңдеген кезде барлық сүйек жарқыншақтары мен сынық түсындағы тістер жұлынады. Сүйек сынықтары хирургиялық остеосинтез әдістерімен орнына келтіріліп бекітіледі, яғни сынық мықтап тігіледі (сүйек тігісі сыммен, бізбен т. б.). Сүйектік қысқышты бар аппараттар сынықтарға жоғары аталған иммобилизациялау әдістерін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда пайдаланылады. Тістік шиналарды қолдануға болмайды, себебі олар қызыл иектің шырышты қабығын жарақаттайды. Жақ сынықтарын мықтап бекіткеннен кейін, сүйек жарақатын ауыз қуысынан мұқият оқшаулайды да кілегей қабықты тігеді. Кейін жақ маңындағы жүмсақ тіндер мықтап сыртынан тігіледі. Ақауды жабу үшін жергілікті тіндермен пластика әдісін қолдануға болады.

III — клиникалық көріністері айқын көрінетін немесе сәуле ауруының асқынған кезі. Ұзақтығы 1 ай шамасында, бірақ одан да көп болуы мүмкін. Егер өлім қауіпі болмаса, III кезең IV кезеңге ауысып, тұрақты гипотония анықталады. Геморрагиялық синдром айқын көрінеді, сүйек миының қызметі өзгереді, агранулоцитоз, неврологиялық бұзылулар, терінің қоректену өзгерістері, құсу, іші өту белгілері байқалады. Асқазан-ішек жолының шырышты қабығында жаралар мен эрозиялар түзіледі. Эндокринді бездердің қызметі әлсірейді, организмнің қарсы тұру қабілеті күрт төмендеп кетеді, Ауыз қуысының шырыіш ығында ісіну мен гиперемия болады және бадамша бездер ме жүтқыншақта, ерін мен тілде ауыратын жарықтар пайда болады. Олардан қан ағуы мүмкін, кейін қою кілегеймен жабылған нашар иісті афталар мен жаралар пайда болады. Жаралар тіндердің барлық қалыңдығына жайылуы, сүйек тіндері жалаңаштануы мүмкін. Ауыздың шырышты қабығы сәл жарақаттанса жаралы өлеттенген стоматит дамиды. Сондықтан кез келген тістік құрсаулар мен аппараттар, алмалы протездер, сапасыз дайындалған жасанды сауыттар мен дұрыс қойылмаған пломбалар, ауыздағы өлеттенген жаралардың дамуына себеп болады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін ауыз қуысын санациялаған жөн. Тіс протездерін мүқият коррекциялау қажет. Металл пломба мен алмалы протезді алып тастайды.

IV — қалпына келу немесе сауығу кезеңі (аз жарақаттанған кезде) созылмалы кезеңге өту. Радиоактивті зақымдау аймағынан шуғыл көшіру, теріден жарақаттан, шырышты қабықтан, міндетті түрде дозиметрлі бақылау жүргізе отырып, радиоактивті изотоптардан тазарту керек. Радиоактивті заттар организмге түссе, 5— 10 мл 5% унитиолдың ерітіндісін бұлшықетке жібереді, ішке полоний түссе 20 мл 10% тетрацинкальций ерітіндісін 500 мл 5% глюкоза ерітіндісімен 3—4 сағат шамасында (ауыр металл түздары), 20 мл 10% динатрий тұзының ерітіндісін 500 мл глюкоза ерітіндісімен қосып венаға жібереді (стронций енген кезде). Глюкозаның гипертониялық ерітіндісі (40—60 мл 40%), 10% кальций хлорид (10 мл), 5% аскорбин қышқылының ерітіндісі, антигистаминдік препараттар, дезинтоксикациялық ем жүргізіледі.

Барбиттураттар, анальгетиктер, апиын және пиразолон өнімдері, сульфаниламидтер, қан тузілуге қысым көрсететін (угнетение) басқа препараттарды қолдануға болмайды.

Сәуле ауруын емдеуде тәжірибесі бар хирургтар мен терапевтер аралас радиациялық зақымдарда комплексті емдеу әдісін жүргізеді. Аталған ем әдістері неғұрлым ерте басталуы қажет.

Дер кезінде және дүрыс жүргізілген біріншілік хирургиялық өңдеу, сүйек сынықтарын дүрыс бекіту, антибиотиктерді қабылдау, арнайы күтім мен рационалды тамақтану, науқастың сауығуына жақсы жағдай туғызады.

4. мақсаты – ауыз қуысының кіреберісінің терендігін пластикасы, Вестибулопластикасының жүргізілу әдісін;-Эдлан-Мейхер бойынша:Әсіресе төменгі жақты жасалынады,Жергілікті анестезия жасап,Жақтың сызығы бойынша тілік жасап,шырышты лоскут алады.Кейін шырышасты тіндер(бұлшыкет,сіңірлер)кейін дефектіге қорғаныш байлам салып,инйекцияның кірмеуін алдын алады.Жаранын жазылуы-2 апта



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.