|
|||
Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық қағидалары№ 5 Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық қағидалары Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық – функционалдық қағидалары соттың құрылысын белгілеп анықтайды. Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті. № 6 Азаматтық іс жүргізу құқығының процессуалдық қағидалары Азаматтық процесуалдық құқықтың барлық қағидалары азаматтық істердегі сот талқылауы қандай болу керектігінің тиісті заңға сәйкес болуын анықтайды. № 7 Азаматтық сот ісін жүргізудің ұғымы. Азаматтық іс жүргізудің сатылары. Азаматтық іс жүргізу сатылары даудың сот залында қаралу тәртібі ретінде қарастырылады. Ол істің толық жан-жақты талдануына қарай бірнеше бөліктерден тұрады және олар өз ішінде екі негізге бөлінеді. № 8 Соттардың мамандандырылуы Мамандандырылған экономикалық соттар, тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді. Ювеналды әділет- кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау кепілі. Бала құқығын қамтамасыз ету қазіргі заманның ауқымды проблемасына жатады, оның шешіміне барлық дүниежүзілік қауымдастық мүдделі. № 9 Азаматтыққұқықтық дауларды реттеудің балама тәсілдері және азаматтық сот ісін жүргізу Соттың ведомстволығына жататын, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау тараптардың жазбаша келісімі бойынша медиация, партисипативтік рәсім тәртібімен шешілуі немесе бұған заңда тыйым салынбаған кезде, төреліктің қарауына берілуі мүмкін. № 10 Процестік мерзімдердің ұғымы және мәнісі. Процестік мерзімдердің түрлері Сот өндірісінің негізгі мақсатының бірі – азаматтық істерді тез және дұрыс қарап шешу. Процесуалдық іс - әрекеттердің шұғылдылығы сотқа және басқа қатысушыларға міндеттеліп, заңда белгіленген мерзімдермен қамтамасыз етілген.
|
|||
|