Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Соттың үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау.



42. Соттың үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау.

Кассациялық шағым беру және наразылық келтіру тәртібі. Кассациялық шағым, наразылық бойынша істерді қарау механизмі.

43. Сот шешімдерін орындау.

Сот шешімдерінің орындаудың маңызы және оларды топтастыру. Қылмыстық істі мәні бойынша шешетін сот шешімдерін орындау. Жеке қаулы.

44. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қадағалау тәртібі мен қайта қарауы.

Сот шешімдерін қадағалау тәртібімен қайта қараудың мәні мен маңызы. Сот шешімдерін қадағалау тәртібімен қайта қараудың негіздері. Кінәсіз адамды соттау. Ақтау үкімін негізсіз шығару немесе істі қысқарту. Адамды өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына соттау.

45. Жаңадан анықталған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта жалғастыру.

Қылмыстық істерді жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта жалғастырудың түсінігі, мәні мен міндеттері.

Қылмыстық істерді жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта жалғастырудың негіздері. Қылмыстық істерді жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта жалғастыру негіздерінің түсінігі. Қылмыстық істерді жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта жалғастыру негіздерінің түрлері.

46. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді қозғаудың процессуалдық тәртібі.

Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық істерді қайта қарау. Прокурордың жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта жалғастыру туралы қорытындысы.

47. Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.

Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізудің тәртібі. Жеке айыптауды қозғау. Судьяның жеке айыптау істері бойынша сот талқылауы басталғанға дейінгі әрекеттері. Тараптардың бастамасы бойынша дәлелдемелерді ұсыну және жинақтау. Жеке айыптау істерін сот отырыстарында қарау. Соттың жеке айыптау істері бойынша шешімі. Жеке айыптау бойынша іс жүргізуді тоқтату.

48. Есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі және қолданунегіздері. Қоғамдық қауіпті әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған адамдар.

49. Алдын ала тергеудің ерекшеліктері. Алдын ала тергеудің нысандары. Қылмыстық іс қозғау. Бұлтартпау шаралары.

50. Тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің ерекшеліктері. Есі дұрыс емес күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамның немесе қылмыс жасағаннан кейін психикалық дертке шалдыққан адамның тергеу іс-әрекеттеріне өз бетімен қатыса алмайтындығы туралы хаттама. Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.