Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БЛОК. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ (ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ БӨЛІМ)



1 БЛОК. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ (ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ БӨЛІМ)

1. Қылмыстық – процестік құқықтың түсінігі, мәні және міндеттері.

Қылмыстық-процестік құқықтың және қылмыстық процестің түсінігі. Қылмыстық процестің пәні, мақсаты, міндеттері мен мазмұны және оны құқықтық реттеу. Қылмыстық процестің жүйесі. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен Қылмыстық процестік кодексі. Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқықтың басқа салалары және ғылыми пәндермен ара қатынасы. Қылмыстық процестің және сот төрелігі.

2. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама

Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін анықтайтын заңнаманың қайнар көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қайнар көзі ретінде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі, оның міндеттері, жалпы сипаттамасы және құрылысы. ҚР Қылмыстық процестік кодексі қылмыстық процестік құқықтың тікелей қайнар көзі ретінде.

3. Қылмыстық процестің қағидаттары

Қылмыстық процесс қағидаттардың түсінігі, маңызы және белгілері. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің қағидаттары. Қылмыстық процестік кодексінде бекітілген қағидаттар.

Заңдылық. Сот төрелігін соттың ғана жүзеге асыруы. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Жеке бастың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Жеке басқа қолсұғылмаушылық. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылық. Жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарлардың құпиясы. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылық. Меншiкке қолсұғылмаушылық. Кiнәсiздiк презумпциясы. Қайтадан соттауға және қылмыстық қудалауға жол бермеушілік. Сот төрелігiн заң мен сот алдындағы теңдiк бастауларында жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсiздiгi. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру. Iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу. Дәлелдемелердi iшкi сенiм бойынша бағалау. Күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету. Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету. Куәлiк айғақтар беру мiндетiнен босату. Жариялылық. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi. Процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.