Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





блок – Қылмыстық және азаматтық істерді қараудың ерекше іс жүргізу өндірісі



3 блок – Қылмыстық және азаматтық істерді қараудың ерекше іс жүргізу өндірісі

«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» (ерекше бөлімі) курсы ол құқық саласының негізгі ережелерін студенттерге азаматтық істер бойынша іс жүргізу қағидаттарын тәртібін оқытуға мүмкіндік береді. «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» оқу пәні ретінде жоғары заң оқу орындарының бейіндік оқу пәндерінің бірі болып табылады және құқықтық білімнің негізгі саласына жатқызылады.

    Бұл оқу курсы соттарда азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асуры барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін және азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттін бұзылған немесе дауланған құқықтарын, бостандықтарын және заңдық мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру тәртібін, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымына тән құқықтық санаттарды, ғылыми көзқарастарды және тұжырымдарды реттейтін құқықтық нормаларды оқып-үйренуге бағытталған.

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы курсы» (ерекше бөлім) (әрі қарай – курс) ол құқық саласының негізгі ережелерін студенттерге қылмыстық істер бойынша іс жүргізу қағидаттарын, тәртібін оқытуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі ережелерін нақты білу, ол крминалды цикл пәндерін әрі қарай оқытудың негізгі шарттары болып танылады.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады (75-бап. 1-тарм.). Алайда сот төрелігін жүзеге асырмас бұрын тергецшілер мен анықтаушылардың қылмыстық істі алдын ала тергеу жөнінднгі қызметі, сонымен қатар прокурордың қадағалау қызметі жүзеге асырылады, оларсыз қылмыстық ппроцесті елестету мүлде мүмкін емес.

Қылмыстық-процестік құқықтың еншісінде ұзақ жылдық әлемдік қалыптасу және даму тарихы, қылмыстылықпен күрестің бай тергеу, ппокурорлық және сот тәжірбиесі, сондай-ақ қылмыстық-процестік құқық және қылмыстық процесс атты тұрақты салалық құқықтық ғылым бар.

Кез келген ғылым саласы сияқты қылмыстық-процестік құқық пен қылмыстық процеске өзіндік зерттеу пәні және оны тану әдістері тән.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.