Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





блок - Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы (жалпы және ерекше бөлім - 60-сұрақ)



2 блок - Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы (жалпы және ерекше бөлім - 60-сұрақ)

«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» курсы ол құқық саласының негізгі ережелерін студенттерге азаматтық істер бойынша іс жүргізу қағидаттарын тәртібін оқытуға мүмкіндік береді. «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» оқу пәні ретінде жоғары заң оқу орындарының бейіндік оқу пәндерінің бірі болып табылады және құқықтық білімнің негізгі саласына жатқызылады.

    Бұл оқу курсы соттарда азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асуры барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін және азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттін бұзылған немесе дауланған құқықтарын, бостандықтарын және заңдық мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру тәртібін, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымына тән құқықтық санаттарды, ғылыми көзқарастарды және тұжырымдарды реттейтін құқықтық нормаларды оқып-үйренуге бағытталған.

    Пәннің мақсаты азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының негізгі теоретикалық ережелері туралы, азаматтар мен ұйымдардың субъективтік құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғаудың тетігі туралы, азаматтық іс жүргізу заңнамасының құрылымы мен құрамы және оны қолданудың сот тәжірибесі туралы студенттердің білімдерінің тұрақты жүйесі болып табылады.

    Пәнді оқытудың міндеттері болып табылады:

    азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілермен өзіндік жұмыс жасау кезінде талдауға дағдылануды меңгеру;

    азаматтық сот ісін жүргізу саласына азаматтық құқықтық дауларды және келіспеушіліктерді реттеудің балама тәсілдерін барынша көп енгізу қажеттігін түсіну.

    Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы, Отбасы құқығы, Салық құқығы, Қаржы құқығы.

    Постреквизиттер: Атқарушылық іс жүргізу; Нотариат; Азаматтық іс жүргізудегі адвокат; Азаматтық құқықтарды қараудың балама тәсілдері.

    Пәнді оқыту үрдісі келесі құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған:

- кәсіби қызметтің бағытына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысуға қабылеттілік;

- кәсіби қызметін дамыған құқықтық сана, құқықтық ойлау және құқықтық мәдениет негізінде жүзеге асыруға қабілеттілік;

- құқық субъектілерінің заңнаманы сақтауын қамтамасыз етуге қабілеттілік.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.