Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Түсіндірме хат. блок – Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы және ерекше бөлім - 60 сұрақ)



 

 

 

Түсіндірме хат

Кешенді мемлекеттік емтихан – қорытынды мемлекеттік аттестацияның бір нысаны ретінде теориялық жүргізу қабілетін, оқыту деңгейін анықтауға бағытталған кешенді біліктілік сынақ болып табылады.

Базалық және бейіндік пәндер ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білімдік стандартына сәйкес, 5В030100 - «Құқықтану» мамандығына кешенді нысанда жүргізіледі. Кешенді мемлекеттік емтихан сұрақтары 3 негізгі блоктан тұрады:

1 блок – Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы және ерекше бөлім - 60 сұрақ)

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы және ерекше бөлім)» курсы  (әрі қарай – курс) ол құқық саласының негізгі ережелерін студенттерге қылмыстық істер бойынша іс жүргізу қағидаттарын, тәртібін оқытуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі ережелерін нақты білу, ол крминалды цикл пәндерін әрі қарай оқытудың негізгі шарттары болып танылады.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады (75-бап. 1-тарм.). Алайда сот төрелігін жүзеге асырмас бұрын тергецшілер мен анықтаушылардың қылмыстық істі алдын ала тергеу жөнінднгі қызметі, сонымен қатар прокурордың қадағалау қызметі жүзеге асырылады, оларсыз қылмыстық ппроцесті елестету мүлде мүмкін емес.

Қылмыстық-процестік құқықтың еншісінде ұзақ жылдық әлемдік қалыптасу және даму тарихы, қылмыстылықпен күрестің бай тергеу, ппокурорлық және сот тәжірбиесі, сондай-ақ қылмыстық-процестік құқық және қылмыстық процесс атты тұрақты салалық құқықтық ғылым бар.

Кез келген ғылым саласы сияқты қылмыстық-процестік құқық пен қылмыстық процеске өзіндік зерттеу пәні және оны тану әдістері тән.

Айталық, оның зерттеу пәнін қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің пайда болу заңдылықтары, қылмыстық ппроцестің сотқа дейінгі және сот сатыларындағы қозғалысы, өкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарының әрекеттері мен шешімдерінің қылмыстық-процестік нысандары, сондай-ақ қылмыстық-процестік құқық пен қылмыстық процестің негізгі ұғымдарының жүйесі құрайды.

Зерттеу әдістері деп материалдық диалектиканың жалпылама тәсілдерінің, жалпы ғылыми және арнайы ғылыми тәсілдердің, оның ішінде қылмыстық-процестік құқық пен қылмыстық ппоцестің пәнін танудың құқықтық амалдарының жиынтығын түсіну керек.Мысалы, құқықтық тәсілдердің қатарына формальдық-құқықтық және салыстырмалы-құқықтық тәсілдер жатқызылады.

 «Қазақстан, Республикасының қылмыстық-процестік құқығы» оқу пәнінің және оның зерттеу пәнін құрайтын-қылмыстық іс қозғалысының-сипаттамасы нақ осы тұрғыдан берілген.Қылмыстық-процестік құқығы құқықтық пән ретінде екі ірі құрылымдық бөліктерден тұрады: Жалпы және Ерекше бөлімдер.

Жалпы бөлімде қылмыстық процесті жүргізу барысындағы барлық құқық субъектілерінің негізгі жалпыға ортақ мінез-құлық ережелері, сондай-ақ қылмыстық ппроцеске Ерекше бөлім қағидаларына сай өзге сапада қатысу ережелері қарастырылады.

Қылмыстық-процестік құқық қылмыстық-процестік қызметтің, яғни қылмыстық процестің, құқықтық негізі, қозғаушы күші болып табылады.Сондықтан, Ерекше бөлімде сотқа дейінгі және соттағы қылмыстық процечстің қылмыстық-ппроцестік нысандарын ашу жолымен Жалпы бөлімінің қағидалары өрбітіледі, яғни осы қызметтің сәйкес сатыларындағы қылмыстық істің қозғалысы сипатталады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы курсын сипаттаудың типтік бағдарламада келтірілген жүйесі қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық мәселелеріне қатысты білімдерді мейлінше толық қамтуға, соның арқасында пәнді оқу міндеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қылмыстық-процестік құқық, ең алдымен, құқықтық нормаларды жүзеге асыру дегнді білдіреді.Осыған орай, студенттердің алған теориялық білмдері міндетті түрде тәжірбиелік сабақтарда, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарында, адвокатурада, сотта машықтану мен тәжірбиеден өткен кезеңде бекітілуі керек.Сонымен қатар, сабақтарды өмірлік жағдайларды талдау (case-study) және қылмыстық процесс қатысушыларының рөлдерін бөлісу тәсілдерін қолдана отырып өткізу ұсынылады. Курсты аудандық (қалалық) соттарға шығып, көрнекті сот отырысын жүргізумен аяқтау қажет.

Қылмыстық-процестік құқықтың жекелеген шешуін таппаған мәселелерін мейлінше терең зерттеу үшін, сондай-ақ ғылыми әдістер мен тәсілдерді меңгеру, нормативтік құжаттармен және арнайы әдебиет көздерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру үшін курстық жобалар мен дипломдық жұмыстар жазу ұсынылады.Пререквизиттер: мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, конституциялық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық құқық.

Постреквизиты:криминалистика, прокурорлық қадағалау,адвокатура.

Курс мақсаты:Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізу құқық саласы туралы түсінігін, оның ұлттық құқық жүйесіндегі орнын қалыптастыру. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі ережелерін қолдана алу. Қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын қолдану, дәлелдемелерге байланысты болжам жасау мүмкіндіктерін қалыптастыру.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.