|
|||
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ⇐ ПредыдущаяСтр 7 из 7 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 9-11 сынып оқушыларынан құралған команда 8 адамнан аспауы керек
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасының Ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада).
Мақсаты:оқушының шығармашылық әлеуетін қолдау және жүзеге асыру, оқушылардың кәсіби бастамаларын және азаматтық сана-сезімін қалыптастыру. Міндеттері: - оқушылардың белсенді әлеуметтік рөлінде өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі қалыптастыру үшін жағдай жасау, оқушының қоғамдық қызметін дамыту; - оқушылардың қоғамдық қызметін жандандыру, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға жағдай жасау; - оқушылардың жеке ұйымдастырушылық, шығармашылық, рухани әлеуеттерін анықтау және дамыту; - оқушының кәсіби бастамасын ынталандыру, қоғамдық жұмысқа деген қызығушылығын арттыру.
1 ТАПСЫРМА Өзін-өзі таныстыру «Жаса! Қатыс! Жеңіске жет!» (кескіндеме, поэзия, пантомима, театр, музыка т.б. құралдарын пайдалануға болады. Регламент - 10 минут).
Бағалау өлшемдері: - өз мектебінің ерекшеліктерінің сипаттамасы (ашылу тарихы, жетістіктері, даму перспективасы); - баяндаманың мазмұндылығы; - безендіру (команданың атауы, ұраны, эмблемасы, киімнің үлгісі); - әртістілігі, баяндама жасау мәдениеттілігі; - регламент сақтау.
2 ТАПСЫРМА ҰШҚ (ұжымдық шығармашылық қызмет),(кескіндеме, поэзия, пантомима, театр, музыка т.б. құралдарын пайдалануға болады. Регламент-15 минут). Екінші тапсырмадақатысушылар ұсынылған 2 тақырыптың біреуін таңдау құқығы бар: 1. «Мұғалім! Жер бетіндегі ең маңызды мамандық»(Идея: Мен мұғалім мамандығын таңдаймын); 2. «Ұлы даланың көрнекті педагогтары»(Идея: өткен дәуірдің атақты тұлғалары "өз мемлекетінің" баға жетпес капиталы болып табылады, олардың халықаралық аренада ілгері жылжуына ықпал етеді).
Бағалау өлшемдері: - команданың ұсынылған тақырыптың мазмұнын аша білу; - баяндаудың ерекшелілігі; - тақырыптың мазмұнын ашу барысында команданың әртістілігі, орындау мәдениеті, сезімталдығы, мазмұндылығы; - команданың білімділігі және дербестік деңгейі.
|
|||
|