|
|||
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРБұл «ескертпелерді» TED-те қалай баяндама жасау керек екенін білу үшін беріліп отыр, интернет-ресурстардағы жазбаларда баяндамашылардың сөйлеген сөздерін көруге болады. Ал дұрысы осы кеңестерді қолдануға кірісіңіз және нәтиже ұзаққа созылмайды. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында қатысушыларға сәттілік тілейміз!
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 1 ТАПСЫРМА. Өзін-өзі таныстыру «Педагогикалық дебют» (регламент - 7 минут); Формат: заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі, өзінің кәсіби іс-тәжірибесін ауызша ұсыну. Бағалау өлшемдері: Педагогикалық шеберлік (1-10 балл) - шығармашылық жұмысты ұсынуда дайындық деңгейі; - өз кәсіби қызметінің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне анализ жасай білу; - ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану; - ауызша сөйлеу қабілеті (мәнерлілігі, ашықтығы, көркемділігі, сауаттылығы); Әртістілігі (1-10 балл) - импровизациялық қабілеті; - аудиторияға ықпалының деңгейі. Жалпы мәдениет (1-10 балл) - эрудиция; - қалыптан тыс ойлауы; - коммуникативтілік мәдениеті. 2 ТАПСЫРМА Педагогикалық идея немесе «Педагогикалық шеберлік қоймасы» (регламент 10 минут), ( сұрақтарға жауап, анализді қоса тағы 5 минут) Идея немесе жобаны ұсыну барысында мұғалімдер өздерінің жұмыс жүйесіндегі негізгі идеяны, кәсіби құзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетті, сабақтың эстетикасын, оқу үрдісін талдай білуді тәжірибелік түрде жүзеге асырады. Бағалау өлшемдері: Құзіреттілік (1-10 балл) - әдістемелік сауаттылық; - білімнің фундаменталдығы; - ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану; - импровизация; - сабақтың психологиялық жағдайы; - оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру; - заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, сабақ үстінде интернет.
|
|||
|