|
|||
ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасының Ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада). Конкурстың мақсаты: заманауи психологиялық білімді тарату, кәсіби дағдыларының дамуына жағдай жасау, қоғамдағы психологтардың беделін көтеру. Міндеттері: - жас психологтарға, логопедтерге, дефектологтарға республикалық деңгейдегі жарыста өзінің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндігін беру; - жас психологтар, логопедтер, дефектологтарға кәсіби қызметін белсендіру; - психологтардың іс-тәжірибелерін жинақтауға және таратуға мүмкіндік туғызу; - өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында, психологтардың өзара қарым-қатынасының кеңеюіне мүмкіндік туғызу; - психолог мамандығының оң бағасын қалыптастыру және имиджін көтеру.
1 ТАПСЫРМА Өзін-өзі таныстыру «Менің мамандығым - психолог»(қазылар алқасының сұрақтарымен 10 минут). Ұсыныс: еркін түрде орындалады, педагог-психологтың ұраны, миссиясы, өмірлік ұстанымы, хоббиі мен жетістіктері бейнеленуі мүмкін…
Бағалау өлшемдері (1-10 балл): - өз мамандығы туралы ойының қалыптасуы; - өзін-өзі жетілдіру әлеуеті; - қатысушының коммуникативтілік қасиеттері; - ауызша сөйлеу мәнері (айқындылығы, мәнерлілігі, көркемдігі, сауаттылығы); - әртістілігі; - импровизациялық қабілеті; - аудиторияға әсерінің деңгейі; - эрудициясы; - ойлау қабілеті; - коммуникативті мәдениет. 2 ТАПСЫРМА Идеялары мен жобаларын қорғау «Шығармашылық алаң»(қазылар алқасының сұрақтарымен 15 минут) Қатысушылар авторлық шеберлік-сыныптар ұсына алады (мини-семинарлар, мини-тренингтер, дидактикалық супервизия, интерактивті дәрістер, әдістемелік түсініктерімен психологиялық жұмыстың көрсетілім сессиялары), психологиялық сабақтың, ата-аналарға арналған практикум үзіндісі… Конкурс материалы авторлық болуы керек, яғни конкурсқа қатысушының жеке әзірлемелері. Бағалау өлшемдері (1-10 балл): - ұсынылған материалдың мазмұны; - материалдың тұтастығы; - тапсырмалар, жаттығулар мен тренингтер жиынтығын таңдаудағы ғылыми негіздеме…; - тапсырмалар мен жаттығулардың ұсынылған материалдың мақсатына сәйкестігі; - педагогикалық өзара әрекеттестік техникасын меңгеру; - сабақтың нәтижелілігі; - оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатынас деңгейі; - ұсынылған материалдың тиімділігі; - денсаулық сақтау технологияларын пайдалану; - қызметтің тұжырымдамалық негіздері; - сабақты өзіндік талдау.
|
|||
|