Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ТАПСЫРМА. Бағалау өлшемдері



2 ТАПСЫРМА

Екінші тапсырманы орындау барысында ұсынылған үш тақырыптың ішінен қатысушылар тек біреуін таңдауға құқықтары бар:

1. Балалар ұйымы қызметінің бағдарламасымен таныстыру (регламент – 10 минут: таныстыруға 8 минут, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 2 минут).

Тапсырмана орындау барысында қатысушы өзінің біліктілік деңгейі мен балалар ұйымының бағдарламасын жасауда заманауи талаптарды игергендігін көрсетуі керек.

2.  Кәсіби сайыс(регламент 15 минут: таныстыруға 13 минут, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 2 минут).

Қатысушыларға таңдаулары бойынша сыныптан тыс іс-шара көрсету ұсынылады. Негізгі мақсаты - балалардың аға тәлімгердің кәсіби қызметіне қызығушылықтарын тудыру.

3. Проблемалық дәріс(регламент 7 минут: өз ойын баяндауға 5 минут, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 2 минут). Берілген уақыт көлемінде кәсіби қызмет барысында кездесіп жүрген мәселе туралы өз көзқарасын баяндап шығуы керек.

 

№ 1, 2 тапсырмаларды орындау барысында келесі қосымша мүмкіндіктерді қолдануға болады:

- фольклор, классикалық, эстрадалық, авторлық және халық әндерін, реп-композицияларын;

- аспаптық орындау;

- ерекше жанр;

- әдеби шығармашылық;

- актерлік шеберлік: миниатюра, пантомима, конферанс.

- сахналық костюм.

 

Бағалау өлшемдері

   Барлық тапсырмаларды орындау барысында қазылар алқасы аға тәлімгерлердің кәсіби шеберліктерін бағалайды.

 

1. Балалар ұйымдарының қызметімен таныстыру:

 

- өзектілігі, әлеуметтік және педагогикалық мақсаттылығы;

- балаларды дамыту жолдарының бағдарлық құндылығын нақты педагогикалық, әлеуметтік, мәдени шарттар арқылы қалыптастыру;

- тәрбиелеудің формалары мен мазмұнын көрсету;

- нәтиже.

 

2. Кәсіби сайыс:

Осы тапсырманы орындау барысында келесіні ескеру керек:

- жұмыс барысында мақсат мен талап қоя білумен қатар, қойылған мақсат, талаптарды орындау жолдарын импровизация арқылы балалардың пікірлерін ескере отырып, қол жеткізе білу;

- кез келген жағдайда шұғыл шешім табу;

- қосалқы құралдарды шебер пайдалану (техникалық, көрнекі, ақпараттық-коммуникативтік құралдар);

- залда отырған қонақтарды іс-шараға белсенді қатысуға тарта білу (кез-келген жағдайдан шыға білуі);

- осы бағытта балалар жұмысының болашақ перспектива мен күтілетін нәтиже.

 

3. Проблемалық дәріс:

- қозғалып отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы;

- көтерілген мәселені шешу жолдары;

- баяндалған мәтіннің ғылымилығы;

- шешендік өнер (сендіре алуы, нақтылығы).

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.