Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫ ТЕD ФОРМАТЫНДА ҚОРҒАУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР.



 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫ ТЕD ФОРМАТЫНДА ҚОРҒАУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР.

TED – бұл «Таратуға лайықты иделарға» арналған жоба (Ideas Worth Spreading).

TED алғашқы конференциясы 1984 жылы өтіп, үш әлем адамдарын біріктірді: Технология, Ойын – сауық, Дизайн. Содан бері Конференцияның мазмұны айтарлықтай кеңіді, қазір TED бұл – жыл сайынғы жаңалық.

Жыл сайынғы TED конференциялары бүкіл әлемнің ең жарқын ойшылдары мен қоғам қайраткерлерін жинайды. Олар тыңдарманның алдында баяндама жасап, өздерінің«Таратуға лайықты идеяларымен» бөліседі.

Педагогикалық Олимпиаданың миссиясы да

ИДЕЯЛАРДЫ ТАРАТУ!!!

 

Біз, Олимпиада ұйымдастырушылары,TED жасаушылары мен ізбасарларындай, болашақта қарым-қатынасты, өмірді, білім беруді және жалпы бүкіл әлемді өзгерте алатын идеяларға сенімдіміз. TED – бұл әлемнің үздік ойшылдарының білімін тегін ұсынатын алаң. TED - бұл идеяға берілген, іздемпаз жандардың қауымдастығы.

Педагогикалық олимпиада-бұл сізге арналған алаң,

 ЖАС ПЕДАГОГТАР - ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР,

Олимпиада-әлем құрылымын терең түсінуге және біздің ортақ болашағымызды жақсартуға деген үмітімізге біріккен, Қазақстанда білім беруді дамытуды жақсартуға ықпал ететін өзінің бірегей идеясын таратуға мүмкіндік берілетін алаң!

Р.С. Сіздің баяндамаңыздың үздік болуы мақсатында www.TED.com сайтында кез-келген адамға қолжетімді TED және серіктес конференциялардың 1000 үздік баяндамалар тізілімі ұсынылған.

Әр апта сайын жаңа баяндамалар пайда болады. Олар ағылшын тілінде субтитрмен сүйемелденіп, көбі әлемнің кемінде 20 тіліне аударылған.

Сандық білім беру ресурстары ұсынылады: анимациялар, аудио-бейне материалдар, графикалық объектілер, презентациялар, электрондық оқулықтар, электрондық ойындар, электрондық тренажерлер.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.