|
|||
кәсіпшілік өңдеукәсіпшілік өңдеу
Мұнай кен орындарында мұнайдың женіл фракцияларын жоғалту дәрежесі өте жоғары болып келетін мұнайды, газды және суды жинаудың саңылаусыздандырылмаған екі құбырлы өздігінен ағатын жүйе әлі қолдануда. Қазіргі уақытта игерілуге берілген мұнай кен орындарының барлық алаңдары мұнай, газ және суды жинаудың жоғары арынды, саңылаусыз және автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған. Әртүрлі кен орындарындағы жинау және дайындау жуйелері басты элементтердің, сондай ақ жабдықтардың өзара орналасуымен ерекшеленеді. Мұнай ұңғыларының өнімі – мұнай, газ және жерасты қабатының суынан тұрады. Мұнай мен судың қуатты араласуынан қоспа эмульсия түзіледі. Судың өте ұсақ тамшылары мұнай ішінде араласып жүретіндіктен, олар бір-бірімен қосылып, тұнбаға түспейді. Газ ұңғыларының өнімінде газдан басқа су тамшылары мен буы, ал газконденсат ұнғыларында мұнымен қоса, сұйық көмірсутектері де кездеседі. Газ бен сұйықтан басқа механикалық қоспалар да болады, олар жер асты қабатынан бірге шыққан құм мен саз балшық түйіршіктері. Мұнай мен газды жинау, тасымалдау, бір-бірінен ажырату үшін сол сияқты бөтен қоспалардан бөліп алу үшін, мұнай өндірісі территориясында құбыр жүйелері, аспаптар, ғимараттар салынады. Олар төмендегідей қызметтер атқарады: ұңғы өнімдерін жинау және өлшеу; мұнайдан газды айыру; мұнай мен газды судан және механикалық қоспалардан бөліп алу; мұнайды жинау және өлшеу қондырғыларынан резервуарлар паркіне, ал газды компрессорлық стансияларға немесе газ тарату тораптарына тасу; мұнайды сусыздандыру, кейде тұзсыздандыру мен тұндыру, оны тұрақтандыру, яғни одан көмірсутектерін шығару; газ құрамынан керексіз қоспаларды шығарып алу; мұнай мен газ өндіруді есепке алу және оларды көлік ұйымдарына табыс ету (өткізу). 13.1-суретте мұнай мен газды кәсіпшілік жолмен жинау үлгісінің бірі келтірілген, Бұл үлгіде болған жағдайда, мұнайды пайдалану мен кен орындарын игеру жағдайларына қарай өзгертуге немесе бейімдеуге болады. Мысалы, оны суланған және сусыз мұнайларды, сапасы әр түрлі мұнайдарды жинап, жеке каналдармен жіберуге болады немесе газды дайындайтын қондырғыларды қолданып, ұнғыларды газлифтілі тәсілінде пайдалануға болады және т.б. Үлгі бойынша, мұнай ұңғыдан 1, мұнай мен газ шығымын жеке өлшейтін топтама қондырғысына 2, құбыр арқылы бағытталады. Бір ұңғының шығымын өлшеу үшін, өзге ұңғылардың өнімдерін басқа айналып кететін құбырлар арқылы жинағыш коллекторға жіберіледі, одан әрі мұнай мен газдың қоспасы айырғыш қондырғыға 3 немесе сораппен сығу стансияларына (ССС-ға) бағытталады. Соңғы айырғыштарға мұнайды жеткізу үшін қысым жеткіліксіз болғанда ғана ССС қолданылады.
1 – мұнайқұбыры; 2 – газқұбыры; 3 – суқұбыры
Сурет 13.1 Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау жүйесі
Соңғы айырғыштар 5 мұнай дайындау орталық пунктінің (МДОП) территориясында тікелей орналасқан. Осы жерде мұнай газдан атмосфералық қысымға жақын қысыммен айырылуы аяқталады. Соңғы айырғыштан шыққан мұнай, мұнай дайындау қондырғыларына 6, одан товарлық резервуарларға 7, сосын товарланған мұнайды тапсыратын автоматтық қондырғыға 8 келеді. Егер товарлық резервуарлардағы мұнайдың сапасы ойдағыдай болмаса, яғни шартқа сай келмесе, онда оны 8 қондырғыдан 6 қондырғыға қайта өңдеуге жіберіледі. Айырғыш құбырдан газ компрессорлық стансияның қабылдағышына 9 келеді, одан газбензин зауытына 11 айдалады. Айырғыш қондырғылардан және резервуарлардан шыққан өндірістік сулар жиналып, тартқыш тетіктер арқылы су дайындайтын қондырғыларға 10 жіберіледі, ол жерден механикалық қоспалар мен мұнайдан тазартылып, айдайтын ұнғыларға жіберіледі. Технологиялық жүйе бойынша мұнай, газ және су дайындайтын үлгіні мынадай элементтерге бөлуге болады: І – бастапқы жинау-өлшеу қондырғылары; ІІ – бірінші сатыдағы айырғыш қондырғылар және сығу сорап стансиялары; ІІІ – екінші және үшінші сатыда соңғы айырғыштары бар дайындау және мұнайды өткізу орталық пункті (егер технологиялық цикл бойынша қажеті болса); мұнай дайындау қондырғысы; резервуарлар паркі; мұнайды автоматтандырып өткізу қондырғысы; IV – газ жинайтын компрессор стансиялары мен газбензин зауыты; V – жер қабатына су айдау үшін су дайындайтын пункт. Өңдеу алдындағы мұнайды дайындау екі операцияға бөлінеді: сусыздандыру (деэмульсация); тұзсыздандыру. Сусыздандырғанда мұнайдағы су мөлшері 1-2%-ке, тұзсыздандырғанда 0,1%-ке жеткізіледі. Онымен қоса, бұл үрдісте тұзданда айыру үрдісі жүреді. Бұл үшін мұнайды тұщы су қабатынан өткізеді, сонда мұнай құрамындағы тұз суға еріп, онымен бірге кетеді. Мұнай эмулсиясын бұзу үрдісін екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі – ұсақ су тамшыларының тұтастануы; екіншісі – іріленген су тамшыларының тұнбаға түсуі. Бұл үрдістерді жылулық, химиялық және электрлік әдістермен іске асыруға болады. Газды дайындау. Газ өзінің шыққан жерінен тұтынушыға жеткенше, кейде мындаған шақырым қашықтықта тасымалданғанда неше түрлі климаттық зоналарды кесіп өтеді. Бұл жағдайда дайындаудың маңызы артады, магистралдық құбырлармен өтетің газдың құрамынан судың шығып кетпесі үшін, оны шық нүктесіне дейін кептірудің маңызы зор. Газконденсаттық кен орындарын пайдаланғанда басқа да қосымша талаптар керек етіледі. Ұңғы өнімінен көмірсутек конденсатын бөліп алу сияқты. Газ және газконденсат кен орындарындағы газды өңдегенде мына сияқты технологиялық қондырғылар қолданылады: төменгі қызу айырғыштар (штуцердегі жоғары қысымдағы газдың редуциялану есебінен алынған суықпен істейтін); арнаулы мұздатқыш машиналардан шығатын суықпен істейтін төменгі қызулы айырғыштар; газды сусыздандыру және бензинсіздендіру үшін абсорбциялайтын қондырғы; газды адсорбция (гликолдық) жолмен кептіру үшін арналған қондырғы; Қиыр Солтүстіктегі кен орындарында қолданылатын мұз еріткіштері бар қондырғы.
|
|||
|