Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аудиториядын тыс СӨЖ бойынша тапсырмалар, оның түрлері, бөлу тәртібі және СӨЖ орындалуын бағалау әдістері.



2.8. Аудиториядын тыс СӨЖ бойынша тапсырмалар, оның түрлері, бөлу тәртібі және СӨЖ орындалуын бағалау әдістері.

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) аудиториядағымен қатар білім беру үрдісінің бір түрі болып саналады, оқу және ғылыми жұмыста өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Жаңа білім беру парадигмасына орай жас маман негізгі білімді, кәсіби ептілік пен дағдыларды, творчестволық қызмет тәжірибесін игеруі тиіс.

СӨЖ түрі сан алуан. Тақырыпты бөлу кезінде студенттер оны орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаумен, ұсынылған әдебиеттермен, нәтиже талаптарымен, бағалау критерилерімен танысады.

СӨЖ 5 деңгейі бар, оның негізіне қабылдау және творчестволық үрдістердің қатынасы алынған (Ипатова М.А., 2004).

СӨЖ бірінші деңгейі –мәліметті сөзбе-сөз беру (рефераттар).

Екінші деңгей – үлгі бойынша өз бетімен жұмыс: дәріс мәтініне сұрақтар, тестік тапсырмалар құрастыру. Бұл үлгі студенттің ойлауын

жауап іздеуге бағыттайды.

Үшінші деңгей – құрастырушы-өздік жұмыс, бұған ребустар, кроссвордтар, сұхбат алу, сауалнама жасау, ситуациялық есептер құрастыру  

жатады.

Төртінші деңгей – оқытушы берген қиын ситуациялық есептерді шешу, іскерлік ойынға дайындық.

Бесінші деңгей – творчестволық (зерттеушілік) өзіндік жұмыс.

 

Кафедрада өзіндік жұмыс ретінде келесі тапсырмалар белгіленген:

· Реферат жазу

· Презентация

· Эссе

· Кроссворд құрастыру, тестік тапсырмалар құрастыру

· Диагностика  алгоритмін, диспансерлік бақылау үлгісін дайындау

· Емдеу алгоритмін дайындау

· Амбулаториялық жағдайда науқасты қараудың өзекті мәселелері бойынша нақты мәліметтерді іздеу

· Ситуациялық есептер құрастыру

· Берілген нозология бойынша зертханалық тестілер жиынтығын дайындау

· Дені сау бала бөлмесінде жұмыс істеу, атқарған жұмысына есеп беру, егу жоспарын құру

      Жұмыс бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша студенттерге тапсырманың 6 түрін таңдау ұсынылады. Студенттер тапсырманы орындау үшін 2-3 адамнан топтасуына болады, немесе тапсырманы жеке орындаса да болады. Студенттерге көмек ретінде кафедрада СӨЖ әр түрін орындау үшін әдістемелік нұсқаулар дайындалған. СӨЖ-ді жеткілікті түрде объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін баллдық бағамен арнайы критерилер дайындалған. Ол силлабусқа қосымша беріліп отыр. 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.