|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
атынастық мәліметтерСтр 1 из 13Следующая ⇒
1.2. СИЛЛаБУС 1. Жалпы мәліметтері 1.1.Қазақ Ұлттық Медицина Университеті 1.2.Кафедра - амбулаторлық-емханалық педиатрия 1.3.Жалпы дәрігерлік тәжірибе, пән коды - OVP- 4305 1.4.Мамандық- 051301- «Жалпы медицина» 1.5.Оқу сағаттарының көлемі – 87 сағат Дәрістер: 4 сағат Тәжірибелік сабақтар: 54 сағат Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ): 29 сағат 1.6.Курс – 5, Семестр – 9-10 Бақылау түрі: емтихан
Алматы, 2011
«Амбулаторлық-емханалық педиатрия» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
Хаттама № ___ «____» ________ 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дадамбаев Е.Т.
1.7.Амбулаторлық-емханалық педиатрия кафедрасының оқытушылары туралы мәлімет
1.8.Қатынастық мәліметтер
1.9.Пән саясаты: оқу барысында студенттерге қойылатын кафедраның жалпы талаптары оқу үрдісінің жүйелі және мақсатты түрде жүргізілуіне саяды. Оқытушылардың студенттерге қоятын талаптары медициналық ЖОО-да оқытудың жалпы принциптеріне негізделген.
Кафедраның жалпы талаптары: 1.Дәрістерге, тәжірибелік сабаққа міндетті түрде қатысу. 2.Сабақ басталғанда әрбір студентте санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, жеке марліден маска, ауыстыратын аяқ киім болуы қажет. 3.Студент дәріске, тәжірибелік сабаққа кешікепеуі тиіс. 4.Студент оқу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс, дәрістер конспектісі болуы керек, теориялық материалды білуі, ситуациялық есептерді шығарып, тестік тапсырманы орындауы тиіс, науқасты объективті тексеруді игеріп, қолдана білуі тиіс: пальпация, перкуссия, аускультация. 5.Бір тақырып бойынша СӨЖ орындауы міндетті. 6. СӨЖ материалдарын өткізу мерзімі (ситуациялық есептер, диагностика алгоритмі, емдеу үлгісі) және СӨЖ тақырыбын қорғау тақырыптық жоспарға сәйкес бекітілген мерзімде іске асырылады. 7.Студенттер пациенттер және клиникалық база қызметкерлерімен жағымды қарым-қатынаста болу. 8.Топтағы дау-жанжалды кафедра меңгерушісі немесе оқу ісінің меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылау.
Жұмыс бөлімдерін орындамағаны үшін айып шаралары: · сабаққа 30 % сағат көлемінде белгілі себептермен қатыспаған студентке кафедра меңгерушісіне рапорт жазылады. · 30 % сағат көлемінен артық қатыспаған үшін деканатқа рапорт жазылады.
2. Бағдарлама
2.1. Кіріспе
Халқымыздың денсаулығының қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты, бірақ ең негізгісі- медициналық көмектің сапасының төмендігі және халықтың қол жетімділігінің аздығы. Өлім мен мүгедектік себептерін потенциальді болдырмауға болады. Дамыған елдерде дәрігерлер көптеген аурулар мен олардың асқынуларын емдеу және болдырмау жолдарын игерген. Осы себептен қазіргі кезде біріншілік звено дәрігерлерінің халық денсаулығы көрсеткіштерін жақсартуда рөлдері зор. Денсаулық жағдайын жақсарту үшін денсаулық сақтауда жүйелі өзгерістер еңгізуді қажет етеді. Бұл өзгерістердің бірінші буыны Қазақстан Республикасындағы Денсаулық Сақтауды реформалау және дамыту жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламасы болып саналады. Денсаулық Сақтауды реформалау және дамыту жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламада халыққа біріншілік медико-санитарлық көмекті дамыту және ана мен бала денсаулығын қорғау-приоритетті бағытқа жатқызылған. Оның назар аударылатын тұстары - медициналық көмектің бірінші буынын күшейту, алдын алу мен диспансерлік бақылауды дамыту, медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлеріне қол жеткізу. Балалар емханасы-бала денсаулығын қорғаудағы денсаулық сақтау жүйесіндегі бірінші буын болып табылады. Емдеу- алдын алу көмекті учаскелік педиатр атқарады, бала дүниеге келмес бұрын және өмірінің бірінші күнінен бастап педиатр бала денсаулығы мен дамуын үздіксіз бақылайды. Баланың жанұясының әлеуметтік жағдайын білетіндіктен, ол әр балаға жеке аурудың алдын алу және ауруды ерте анықтау шараларын, маманды дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыра алады. Денсаулық сақтаудың біріншілік буын мамандарының кәсіби ерекшелігі: балалар денсаулығын сақтауда диспансерлік бақылауды жүргізу, жұқпалы аурулардың алдын-алу, ауырған балаларды толық клиникалық жазылуға дейін үйде немесе емхана жағдайында емдеу. Госпитализацияға дейінгі ургентті диагностика, науқас балаларды диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік реабилитация, баланың ата-анасымен санитарлық ағарту және санитарлық-гигиеналық жұмыс жүргізу, балалардың және жанұясындағы медико-әлеуметтік мәселелерін шешу жүргізіледі. 5 курста емханада антенатальды алдын алуды ұйымдастыру, жетіліп туған нәрестелер мен шала туған нәрестелерді диспансерлік бақылау, жұқпалы аурулардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, егу кестесі, инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды жүргізу, дені сау және фонды патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау, балалар ауруларын интегрирленген жүргізу мәселелері қаралады. Бала денсаулығын бағалауда, физикалық, жүйке-психикалық дамуды әр жас кезеңіне сай бағалау емхана дәрігерінен генетикалық, анатомо-физиологиялық, психологиялық, әлеументтік және басқа да аспектілерді қамтыған жоғары білім деңгейін, дағдыларды талап етеді.
2.2. Пән мақсаты: амбулаторлық жағдайда балаларға емдеу-алдын алу көмегін көрсетудің дағдылары мен білімін қалыптастыру.
2.3. Оқыту міндеттері:
2.4.Оқытудың соңғы нәтижелері: Студент білу керек:
· Балалар емдеу-алдын алу мекемелері қызметінің негізгі көрсеткіштерін; · Емханада дені сау балаларды диспансерлік бақылаудың принциптерін; · Балалар емханасы жағдайында жас нәрестелер мен емшек жасындағы балаларға көрсетілетін емдеу-алдын алу көмегінің түрлерін; · Дені сау балалар мен жасөспірімдерді дспансерлік бақылау принциптерін; · Балалардың денсаулығын жиынтықты бағалауды, денсалық тобын, қатер тобын анықтауды; · Әр түрлі жастағы балалардың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалауды, балаларды гигиенаға үйрету және бала тәрбиесі мәселелерін; · Ұтымды тамақтандыру (балансталған) және емізу принциптерін; · Жұқпалы аурулардың арнайы алдын-алуды; · Әртүрлі аурулар кезінде диспансерлік бақылау мәселелерін; · Балалармен және ата-аналармен санитарлық-ағарту жұмыстары мәселелерін (жүкті әйелдер мен ерте жастағы балалардың күтімі); · Дәрігерлік этика мен деонтология негіздерін.
Студент жасай білуі керек: · Ұрықты антенатальды алдын алуды жүргізуді; · БДҰ ұсынысына сәйкес баланың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалау; · Денсаулық тобына сәйкес баланың денсаулық жағдайын бағалауды, қауіп қатер тобын анықтауды; · Денсаулық жағдайын жиынтықты бағалауды; · Диспансерлік бақылау жоспарын құруды; · БДҰ нұсқауына сәйкес бала күтімі және тамақтануы жөнінде шаралар жүргізуді; · Жұқпалы аурулардың арнайы және арнайы емес алдын алуды жүргізуді; · Балалардың гигиеналық тәрбиесін және санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруды; Студент келесі дағдыларды меңгеру керек: - баланы қарау, пальпация, перкуссия және аускультация; - балалардың қан қысымын өлшеу, пульсін, тыныс алу жиілігін санау; - балалардың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалау; - қатер тобын және денсаулық тобын анықтау; - ұтымды тамақтандыру; - жұқпалы аурулардың иммундық алдын алу; - әр түрлі жас кезеңдерінде дені сау балаларды диспансерлік бақылау; - әр түрлі аурулар кезіндегі диспансерлік бақылау; - салауатты өмір салтын насихаттау барысында санитарлык-ағарту жұмыстары.
2.5.Пәннің пререквизиттері:ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативтік дағдылар-1, коммуникативтік дағдылар-2, клиникаға кіріспе-2, дәлелді медицина негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары, хирургиялық аурулар, акушерство және гинекология. Пәннің постреквизиттері:жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура, ішкі аурулар интернатурасы, хирургиялық аурулар интернатурасы, акушерство және гинекологиядан интернатура, балалар ауруларынан интернатура.
2.6. Пән мазмұны
5 курста «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибе дәрігері» пәнінің профильдік маңыздылығы жоғары. Бұл пәнді оқытудың негізгі міндеті студенттерге көп таралған аурулардың диагностикасы мен емін дәлелді медицина негізінде оқытып, үйрету. Бұл пәнді оқытып, үйрету аурудың типтік көріністеріне диагноз қою, көп таралған аурулардың алдын алу және халық денсаулығын нығайту мәселелерін жетік білетін біліктілік талаптарына сәйкес медицина бакалаврларын дайындауда аса маңызды.
Біліктілік мінездемесінің талаптарына сәйкес «жалпы медицина» 051001 мамандығы бойынша 5 курс студенті пән бойынша кең таралған аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, емін және алдын алуын білуі тиіс. Білм алушы толық көлемде науқасты тексеру дағдыларын игеруі тиіс, қосымша тексеру бағдарламасын жасай білуі керек, аспапты-зертханалық зерттеу нәтижелерін дұрыс талдай білуі керек, аурулардың қазіргі кездегі жіктеуіне сәйкес дұрыс диагноз қойып, және де оған ем тағайындай білуікерек. Барлық сабақтар науқасты клиникалық талдау негізінде емханада өткізіледі. СӨЖ осы Жұмыс бағдарламасы аясында аудиториядан тыс жұмыс бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады.
2.7. Дәрістер тақырыбының қысқаша мазмұны және сағат көлемі
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|